Орал қаласы,Ветелки ауылы
№29 негізгі жалпы білім беретін мектеп
Математика пән мұғалімі
Хабдулла Ару
Нұржанқызы
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшек. Ондық бөлшекті оқу және жазуға есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Ондық бөлшектер ұғымын енгізу, ондық бөлшектерді оқуға және жаза білуге жағдай жасау;Белсенділіктерін және оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, дамыту;Оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Көрнекіліктері: интерактивті тақта,кесте,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа қажетті құралдарын түгендеп, дұрыс отыруларына назар аудару.
•Балалар , біздің бүгінгі сабағымызда: « Білім » әлемінде «Жағалау» бар, сол жағалауды құтқарып, білім алуымыз керек.Балалар бізге бір тапсырма келді. Соны оқып, тапсырманы орындайық.
Қымбатты балалар!
Балқаш көлінің алыстағы “Ондық бөлшек” жағалауында экологиялық апат болған екен. Бұрын бұл жер өсімдік пен гүлдерге толы, құстары сайраған, елік-маралы көсілген жер болған. Сол апаттың кесірінен ол жерде қазір өсімдіктер құрып, хайуанаттары жоғала бастаған. Ал олардың құруы адамдар өміріне де қатерлі. Біз бүгін бұл жағалауды, ондағы адамдарды апат зардабынан құтқару үшін көрсетілген маршрут бойынша сапар шегеміз. Құтқару оңай емес. Ол үшін біраз жолды кемемен жүріп, әртүрлі сындардан өтіп, қиындықтарды жеңуіміз керек.
Бүгін сабақта бір-бірімізге көмектесе отырып, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз деп сенемін.Ендеше балалар көңіл-күйіміз қалай екен?
Оқушыларды 2 топқа бөлу.үшбұрыш және төртбұрыш
II.Үй тапсырмасын тексеру:№700 Көршілерімен дәптер алмасу арқылы тексеру.
III.Тарихқа шолу.Ондық бөлшектер туралы алғаш рет ХҮ ғасырда ортаазиялық ғалым Әл-Каши ондық бөлшектер, ондық бөлшектерге амалдар қолдануды «Арифметика кілті » деген еңбегінде жазды. Тек натурал сандар көмегімен күнделікті өмірде қажетті өлшеу, зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес, сондықтан ондық бөлшектерді өмірде пайдалану өте қажет, күнделікті тұрмыстада қолданамыз. Әл-Каши еңбектерін одан әрі жалғастырушы нидерландиялық математик Симон Стевин өзінің «Ондық» деген кітабында ондық бөлшектер туралы зерттеулерін жазды. Бөлшек сандар өте қажетті сандар, ол туралы Рим жазушысы Цицерон «Бөлшекті білмейінше математиканы білемін деп ешкім де айта алмайды» десе орыстың ұлы математигі Л.Ф.Магницкий :
IV.Өткен материалды қайталау: «Бинго» әдісі .Оқушыларды бар сұрақтарға жауап бергесін Бинго деп айқаулау керек.
1.Бүтін менен бөлшекті,
Үтірменен айырған.
Әп-әдемі жазылар,
Айтыңдаршы,
қандай сан? Ондық бөлшек
2.Бұрыс бөлшекті аралас санға қалай айналдырамыз?
3.Аралас санды бұрыс бөлшекке қалай айналдырамыз?
4.Жай бөлшектерді қалай қосамыз?
5.Ондық бөлшек дегеніміз не?
6.Әріпті өрнек және санды өрнек дегеніміз не?
7.Бөлімі онға еселік болатын сан ?
8.Қандай математикалық амалдарды білесіңдер?
9.Дұрыс бөлшек дегеніміз не?
IV.“Білім көзі кітапта” (кітаппен жұмыс)
№701,703,704,
V.«Галереяға саяхат » әдісі бойынша. Дұрыс жауапқа оқушылар смайликтер арқылы бағалайды.
| 1 | бір бүтін оннан екі |
| 2 | 3,75 |
| 3 | тоғыз бүтін мыңнан он сегіз |
| 4 | 16,45 |
| 5 | екі жүз бір бүтін мыңнан он үш |
| 6 | 3,15 |
VI.Бекіту тапсырмалары:«Ыстық микрофон»әдісі
1)9мм;29мм;31мм;256мм;491мм;12см 3мм;8 см 5мм өлшемді сантиметрмен;
2)3ц 24 кг;11ц 8кг;5 ц 24кг; 632 кг;3750кг;41 141 кг өлшемді центрнерді ондық бөлшек түрінде жазыңдар.
VII.Рефлексия :«Жеміс ағашы» арқылы сабақтан алған әсерлерін көрсетеді.Стикерлар таратылып өз ойларын жазады.
-Бүгінгі сабақ ұнадыма?
-Сабақта қандай қиыншылықтар кездесті?
-Сабақтан алған әсерлерініз?
VII.Үйге тапсырмасы:№701,709
VIII. Бағалау: Топ басшылары бағалайды.
1-Топ :Сантиметрмен,ондық бөлшекке айналдыру
| 1 | 9мм |
| 2 | 29мм |
| 3 | 31мм |
| 4 | 256мм |
| 5 | 91мм |
| 6 | 12см 3мм |
| 7 | 8 см 5мм |
2-топ: Центнермен,ондық бөлшекке айналдыру
| 1 | 3ц 24 кг |
| 2 | 11ц 8 кг |
| 3 | 5 ц 24кг |
| 4 | 632 кг |
| 5 | 3750 кг |
| 6 | 14 141 кг |
1-Топ :Сантиметрмен,ондық бөлшекке айналдыру
| 1 | 9мм |
| 2 | 29мм |
| 3 | 31мм |
| 4 | 256мм |
| 5 | 91мм |
| 6 | 12см 3мм |
| 7 | 8 см 5мм |
2-топ: Центнермен,ондық бөлшекке айналдыру
| 1 | 3ц 24 кг |
| 2 | 11ц 8 кг |
| 3 | 5 ц 24кг |
| 4 | 632 кг |
| 5 | 3750 кг |
| 6 | 14 141 кг |









