Қызылорда қаласы
«№ 120 Жамбыл атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
физика-информатика пәні мұғалімі
жоғары санатты, І(озық) деңгейлі маман,
мектеп тренері
Белдебекова Айзада Сейсенбайқызы
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Физика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсына менің ой-толғауым
Мен жыл сайын өз біліктілігімді арттырып, курста оқыған-түйгендерімді ұжымдағы әріптестеріммен бөлісіп, дәріс беріп, оны оқу үдерісінде пайдаланып келемін. Сабақ беретін информатика және физика пәндерінен жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша курстарын оқыдым. Бұл курс маған жеңіл өтті десемде болады. Себебі осы үстіміздегі жылдың 17-28 сәуір аралығында «Информатика» пәнінен курстан өтіп, сертификатталған болатынмын.














