Ата-ана қарызын өтеу сенің парызың

Ата-ана парызын өтеу сенің қарызың Тәрбие сағатының мақсаты: а) Оқушылар бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл..

Ата-ана парызын өтеу сенің қарызың

Тәрбие сағатының мақсаты: а) Оқушылар бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздар болуға тәрбиелеу. Ата-ананың алдындағы жауапкершіліктерін түсініп құрметтеуге баулу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі:  ата-ана туралы мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздер, хадистер,балалардың  ата-аналарының суреттері

Тәрбие сағатының барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Көрнекілік арқылы түсініктеме беру және тақырыптың барысында кіріспе сөз сөйлеу, мақсатын түсіндіру.

ІІІ.Бейнекөрініс көрсету

             ІҮ.   Ата-анаға ақ тілек

Ү. Қорытынды

Мұғалім: Армысыздар ардақты ұстаздар, ардақты ата-аналар!

«Ата-ана парызын өтеу сенің қарызың» атты 7 сыныбының ашық тәрбие   сағатын бастауға

рұқсат етіңіздер!

 

Сәния:

Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,

Әкеге арнап, марапатты бастар күн.

Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.

Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.

Наурызбай:

О, Ата-анам!

Таянышым, тірегім!

Бар бақытты бір басыңа тіледім

Бізді жақсы болсын екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Сәния:Әке-шешенің бала алдындағы борышын санасақ сан жетпейді. Бұлардың біразына тоқталатын болсақ: жастығын, денсаулығын, күш-қуатын жұмсап, тоғыз ай жүрегінің астында ұстап, өмірге әкелген, емізген және дені сау, тәрбиелі, әдепті етіп өсірген ананы көз алдымызға елестетіп бір көрейікші!

Ән.Ана туралы жыр

Алмат:Әке деген баласының азық-түлігін тауып тәрбиелеу үшін, оймен де, денемен де, қиыншылықтардан бет бұрмаған. Ақындарымыз жырлағандай, әкенің де баласына деген сүйіспеншілігінің шексіз екендігіне күмән жоқ.

Ән:Әке туралы жыр

Ерехан: Ата-ана алдындағы әдептілік – баланың бармақтай кезіне бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау – елді сыйлау. Ата-әжесін құрметтеу — өмірді құрметтеу.

Хормен: Қымбатты ата-ана, ұстаздар!

Біздің борышымыз – Сіздерді құрметтеу.

Алмат:Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,

Мейірімінен ананың жасалады.

Жырақ жүрген анасын сағынған,

Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.

Екеуінің қуанышы тілегі,

Әрқашанда бір арнадан табылған.

ән:ата-ана

Сәния: Ендігі кезекте ата-ана туралы дана сөздерді жеткізуші ұрпақтарға құлақ түрсек.

Азамат: Ұл-қыз, ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата-ананың ұл-қызы болып өседі.

Наурызбай: Ата-ананы сыйлау  — сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.

Алмат: Ата-ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.

Сәния: Ата-анасын ұмытқан бала опасыздың опасызы, рақысыздың рақымсызы. (Ғ. Мұстафин).

Ата-ананың қадірін білмеген, халық қадірін білмейді.

Ерехан: Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін, ерекше бағаламасаңдар, ол – қорлық.

Ардақты ана,аяулы ана қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп,талай түн қаттың.

Өміріме нәр береді ақ сүтің,

Кең құшағың-аясындай гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің

Қандай жақсы ортамызда жүргенің

Қуанып көз алдыңда жүргеніме.

О,ана ,жетсе екен бар өмірің ,

Қартайған шағымды да бір көруге

Ән: Абзал ана

«Қарт пен бала әңгімесі» көрініс.

 

           Сәния: Біздің қазақ әр сөзді тұспалдап та, туралап та, астарлап та жеткізген халық. Ата-ана туралы қаншама мәнді де маңызды сөздер айтылады. Сонымен бірге ата-ана туралы хадистерді білетін оқушыларымызды тыңдап көрейік.

Азамат:Алла-тағала былай бұйырады: «Кінәлардың ішінде бір кінә бар, менің жанымдағы ең үлкен және ауыр кінә, ол әке-шешесі баласын шақырған кезде әміріне мойынсынбау, келмеуі.

Әке-шешесі баласын шақырған кезде қандай жұмыспен айналыссаң да, олардың әміріне жүгіну керек. Әке-шешең саған ашуланып айқайласа да, сен оларға ешнәрсе айтпа. Әке-шешеңнің дұғасын, рахметі мен батасын алғың келсе, саған берген міндеттерін жылдам және жақсылап істеуге тырыс. Сенің бұл ісің олардың көңілінен шықпай, саған теріс дұға етулерінен қорық. Ата-анам сырқат болса, олармен бірге болып, жәрдем ет. Оларды ренжітіп теріс дұғаларын алсаң, дүние дәне ақиреттік жаза болады. Сондықтан олардың тірі кезінде қадірін біл».

 Наурызбай: Алла-тағала «Исра» сүресінің 22-аятында былай деп бұйырған: «Алла өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер де сол екеуінің бірі немесе екеуі де кәрілікке жетсе, «Уф» деме, яғни кейіс келтірме, сондай-ақ ол екеуіне зекіме де, екеуіне де сыпайы сөз сөйлепкішірейіп, мархабат құшағын жай да: иә, Аллам, ол екеуі мені кішкентайдан тәрбиелегендей, сен де оларды мархабатыңа бөлей көр деп айт».

Кино фильмнен үзінді көрсету «Ата-ананың ақысы»

1.Ата –ананың ақысы немен өлшенеді?

2. «Ата-анаңа не қылсаң алдыңа сол келер» дегенді қалай түсінесің

Сәния:Мұсылмандардың екі маңызды міндеттері бар.Бірі тек қана Аллаға ғибадат ету.Екіншісі,Алланың жарақаттарына мейірім-шапақат көрсету.алланың жаратқандарына адам баласы үшін ең жақыны әке менен шеше болмақ. Өйткені бізді жарық дүниеге әкеліп қана қоймай бағып,ер жеткізіп, тәрбиелеп өсірген адамдар.Олар бала-шағаларын бала-шағаларын бағып-қағудан бедел күтпегендей,бұнықиыншылық-ауыртпашылық деп сезінбеген,шын пейілдерімен  беріле істеген,өздері ішпегендерін балаларына ішкізіп,кимегендерін оларға кигізген адамдар.Олар балаларының жайлы өмір сүруі үшін еш нәрселерін аямаған жандар.

Міне осы себептерге байланысты,дініміз әке-шешемізге байланысты,дініміз әке-шешеге немқұрайды қарап,құрметсіздік көрсетуге тыйым салған және бұны үлкен күнә деп есептеген.

Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.а.у) былай деген:

«Ауыр күнәлар-Алланы басқаға теңеу, әке мен шешеге қарсы шығу, адам өлтіру және жалған уәде беру» (Бұхари, Иман, 16)

«Кешірімге келмейтін үш нәрсе бар: Аллаға серік қосу, әке-шешеге құрметсіздік көрсету және соғыстан қашу». (Ат-Тарғиб уат-Тарһиб, 3т.)

«Алланың ризасы-әке-шешенің ризасы. Алланың азабы әке-шешенің азабынан келеді». (Тирмизи, Бирр, 3).

Ерехан:Әке-шешеге әсіресе, жасы ұлғайған кездерінде көрсетілген қызмет бір адамның жәннатқа кіруіне, ал, құрметсіздік көрсету жаннаттан айырылып, тозаққа кіруіне себеп болады.

Сол себептен де Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Қорлық көрсін, (яғни азап отына түссін), тағы қорлық көрсін, тағы да қорлық көрсін!»-деген екен.

Қасындағылар:

—                            Ол кім болды екен, уа Алланың Пайғамбары?-деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Әкесі мен шешесінің бірі немесе екеуі қолында қартайса да, жәннатқа кіре алмағанда»-деп жауап қайырған (Мүслім, Бирр, 3).

Әке-шеше- қызмет етілуге  және сый-құрмет  көрсетілуге  лайық адамдар. Оларды ренжітетін әрқандай әрекеттен аулақ болу керек. өйткені олар біздің тіренішіміз. Ешқандай бір сылтау оларға деген сый-құрметті әлсіретпек емес.

Кино фильмен үзінді «Қарттар үйі»

1.Ата-аналардың қарттар үйіне қоныс аударуына не себеп болады?

Оқушылар пікірін тыңдау

Ән: Ата -ана

„Көшеде қалаған ана тағдыры„кино фильмен үзінді

Көшеде қалған ананың тағдырына кім жауапты?

              Оқушылар пікірін тыңдау

Азамат:

Адамдықтың ашқан соң қақпасын кеп,

Туған елің сүйсіне мақтасын деп.

Пәк сезіммен тілеймін адамдардың,

Анасының ақ сүтін ақтасын деп.

 

Сәния: Борыш – ата-анаға, үлкен ұстаздар мектебіне қызмет жасап, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу. Егер нағыз адам болсақ, ең әуелі ата-ана алдындағы борышты өтеу мақсатын қоямыз. Құрметті әке-шеше, атыңа кір келтірмеуге ант етемін!

Әкем –анам жасыл бағым жайнаған,

Сол бағыңда асыр салып ойнағам

Пәк жүрекпен жыр жазды перзентің

Бар тілегі тек сіздерге арналған

Оқушылардың ата-аналарға арнаған ақ тілектері

Қорытынды:

   Сонымен балалар біз бүгін сендермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік.Білмеген- дерімізді бір-бірімізден үйреніп білдік.Ата-ана ардақтау хақында айтылған хадистерді оқып талдадық.Осының барлығы ата-аналардың арқасы. Ол үшін алдымен ата-анамызды ардақтап,құрметтеп,сыйлау біздің басты міндетіміз екенін ұмытпайық.

 

Предыдущая запись

Следующая запись

  1. Аватар пользователя nurgul
    nurgul

    alga 45minut.kz

Добавить комментарий для nurgulОтменить ответ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Об авторе

Простой конструктор сайтов WordPress: Универсальные демо-версии для блогов, новостей, электронной коммерции и многого другого — импорт одним щелчком, никакого кодирования! 1000+ готовых шаблонов для потрясающих сайтов газет, журналов, блогов и публикаций.

BlockSpare - Новости, журналы и блоги Приложения для редактора блоков (Gutenberg)

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше