Ата-ана парызын өтеу сенің қарызың
Тәрбие сағатының мақсаты: а) Оқушылар бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздар болуға тәрбиелеу. Ата-ананың алдындағы жауапкершіліктерін түсініп құрметтеуге баулу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: ата-ана туралы мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздер, хадистер,балалардың ата-аналарының суреттері
Тәрбие сағатының барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Көрнекілік арқылы түсініктеме беру және тақырыптың барысында кіріспе сөз сөйлеу, мақсатын түсіндіру.
ІІІ.Бейнекөрініс көрсету
ІҮ. Ата-анаға ақ тілек
Ү. Қорытынды
Мұғалім: Армысыздар ардақты ұстаздар, ардақты ата-аналар!
«Ата-ана парызын өтеу сенің қарызың» атты 7 сыныбының ашық тәрбие сағатын бастауға
рұқсат етіңіздер!
Сәния:
Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,
Әкеге арнап, марапатты бастар күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.
Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.
Наурызбай:
О, Ата-анам!
Таянышым, тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім
Бізді жақсы болсын екен деп қашанда
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
Сәния:Әке-шешенің бала алдындағы борышын санасақ сан жетпейді. Бұлардың біразына тоқталатын болсақ: жастығын, денсаулығын, күш-қуатын жұмсап, тоғыз ай жүрегінің астында ұстап, өмірге әкелген, емізген және дені сау, тәрбиелі, әдепті етіп өсірген ананы көз алдымызға елестетіп бір көрейікші!
Ән.Ана туралы жыр
Алмат:Әке деген баласының азық-түлігін тауып тәрбиелеу үшін, оймен де, денемен де, қиыншылықтардан бет бұрмаған. Ақындарымыз жырлағандай, әкенің де баласына деген сүйіспеншілігінің шексіз екендігіне күмән жоқ.
Ән:Әке туралы жыр
Ерехан: Ата-ана алдындағы әдептілік – баланың бармақтай кезіне бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау – елді сыйлау. Ата-әжесін құрметтеу — өмірді құрметтеу.
Хормен: Қымбатты ата-ана, ұстаздар!
Біздің борышымыз – Сіздерді құрметтеу.
Алмат:Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,
Мейірімінен ананың жасалады.
Жырақ жүрген анасын сағынған,
Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.
Екеуінің қуанышы тілегі,
Әрқашанда бір арнадан табылған.
ән:ата-ана
Сәния: Ендігі кезекте ата-ана туралы дана сөздерді жеткізуші ұрпақтарға құлақ түрсек.
Азамат: Ұл-қыз, ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата-ананың ұл-қызы болып өседі.
Наурызбай: Ата-ананы сыйлау — сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.
Алмат: Ата-ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.
Сәния: Ата-анасын ұмытқан бала опасыздың опасызы, рақысыздың рақымсызы. (Ғ. Мұстафин).
Ата-ананың қадірін білмеген, халық қадірін білмейді.
Ерехан: Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін, ерекше бағаламасаңдар, ол – қорлық.
Ардақты ана,аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп,талай түн қаттың.
Өміріме нәр береді ақ сүтің,
Кең құшағың-аясындай гүл бақтың.
Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің
Қандай жақсы ортамызда жүргенің
Қуанып көз алдыңда жүргеніме.
О,ана ,жетсе екен бар өмірің ,
Қартайған шағымды да бір көруге
Ән: Абзал ана
«Қарт пен бала әңгімесі» көрініс.
Сәния: Біздің қазақ әр сөзді тұспалдап та, туралап та, астарлап та жеткізген халық. Ата-ана туралы қаншама мәнді де маңызды сөздер айтылады. Сонымен бірге ата-ана туралы хадистерді білетін оқушыларымызды тыңдап көрейік.
Азамат:Алла-тағала былай бұйырады: «Кінәлардың ішінде бір кінә бар, менің жанымдағы ең үлкен және ауыр кінә, ол әке-шешесі баласын шақырған кезде әміріне мойынсынбау, келмеуі.
Әке-шешесі баласын шақырған кезде қандай жұмыспен айналыссаң да, олардың әміріне жүгіну керек. Әке-шешең саған ашуланып айқайласа да, сен оларға ешнәрсе айтпа. Әке-шешеңнің дұғасын, рахметі мен батасын алғың келсе, саған берген міндеттерін жылдам және жақсылап істеуге тырыс. Сенің бұл ісің олардың көңілінен шықпай, саған теріс дұға етулерінен қорық. Ата-анам сырқат болса, олармен бірге болып, жәрдем ет. Оларды ренжітіп теріс дұғаларын алсаң, дүние дәне ақиреттік жаза болады. Сондықтан олардың тірі кезінде қадірін біл».
Наурызбай: Алла-тағала «Исра» сүресінің 22-аятында былай деп бұйырған: «Алла өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер де сол екеуінің бірі немесе екеуі де кәрілікке жетсе, «Уф» деме, яғни кейіс келтірме, сондай-ақ ол екеуіне зекіме де, екеуіне де сыпайы сөз сөйлепкішірейіп, мархабат құшағын жай да: иә, Аллам, ол екеуі мені кішкентайдан тәрбиелегендей, сен де оларды мархабатыңа бөлей көр деп айт».
Кино фильмнен үзінді көрсету «Ата-ананың ақысы»
1.Ата –ананың ақысы немен өлшенеді?
2. «Ата-анаңа не қылсаң алдыңа сол келер» дегенді қалай түсінесің
Сәния:Мұсылмандардың екі маңызды міндеттері бар.Бірі тек қана Аллаға ғибадат ету.Екіншісі,Алланың жарақаттарына мейірім-шапақат көрсету.алланың жаратқандарына адам баласы үшін ең жақыны әке менен шеше болмақ. Өйткені бізді жарық дүниеге әкеліп қана қоймай бағып,ер жеткізіп, тәрбиелеп өсірген адамдар.Олар бала-шағаларын бала-шағаларын бағып-қағудан бедел күтпегендей,бұнықиыншылық-ауыртпашылық деп сезінбеген,шын пейілдерімен беріле істеген,өздері ішпегендерін балаларына ішкізіп,кимегендерін оларға кигізген адамдар.Олар балаларының жайлы өмір сүруі үшін еш нәрселерін аямаған жандар.
Міне осы себептерге байланысты,дініміз әке-шешемізге байланысты,дініміз әке-шешеге немқұрайды қарап,құрметсіздік көрсетуге тыйым салған және бұны үлкен күнә деп есептеген.
Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.а.у) былай деген:
«Ауыр күнәлар-Алланы басқаға теңеу, әке мен шешеге қарсы шығу, адам өлтіру және жалған уәде беру» (Бұхари, Иман, 16)
«Кешірімге келмейтін үш нәрсе бар: Аллаға серік қосу, әке-шешеге құрметсіздік көрсету және соғыстан қашу». (Ат-Тарғиб уат-Тарһиб, 3т.)
«Алланың ризасы-әке-шешенің ризасы. Алланың азабы әке-шешенің азабынан келеді». (Тирмизи, Бирр, 3).
Ерехан:Әке-шешеге әсіресе, жасы ұлғайған кездерінде көрсетілген қызмет бір адамның жәннатқа кіруіне, ал, құрметсіздік көрсету жаннаттан айырылып, тозаққа кіруіне себеп болады.
Сол себептен де Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Қорлық көрсін, (яғни азап отына түссін), тағы қорлық көрсін, тағы да қорлық көрсін!»-деген екен.
Қасындағылар:
— Ол кім болды екен, уа Алланың Пайғамбары?-деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Әкесі мен шешесінің бірі немесе екеуі қолында қартайса да, жәннатқа кіре алмағанда»-деп жауап қайырған (Мүслім, Бирр, 3).
Әке-шеше- қызмет етілуге және сый-құрмет көрсетілуге лайық адамдар. Оларды ренжітетін әрқандай әрекеттен аулақ болу керек. өйткені олар біздің тіренішіміз. Ешқандай бір сылтау оларға деген сый-құрметті әлсіретпек емес.
Кино фильмен үзінді «Қарттар үйі»
1.Ата-аналардың қарттар үйіне қоныс аударуына не себеп болады?
Оқушылар пікірін тыңдау
Ән: Ата -ана
„Көшеде қалаған ана тағдыры„кино фильмен үзінді
Көшеде қалған ананың тағдырына кім жауапты?
Оқушылар пікірін тыңдау
Азамат:
Адамдықтың ашқан соң қақпасын кеп,
Туған елің сүйсіне мақтасын деп.
Пәк сезіммен тілеймін адамдардың,
Анасының ақ сүтін ақтасын деп.
Сәния: Борыш – ата-анаға, үлкен ұстаздар мектебіне қызмет жасап, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу. Егер нағыз адам болсақ, ең әуелі ата-ана алдындағы борышты өтеу мақсатын қоямыз. Құрметті әке-шеше, атыңа кір келтірмеуге ант етемін!
Әкем –анам жасыл бағым жайнаған,
Сол бағыңда асыр салып ойнағам
Пәк жүрекпен жыр жазды перзентің
Бар тілегі тек сіздерге арналған
Оқушылардың ата-аналарға арнаған ақ тілектері
Қорытынды:
Сонымен балалар біз бүгін сендермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік.Білмеген- дерімізді бір-бірімізден үйреніп білдік.Ата-ана ардақтау хақында айтылған хадистерді оқып талдадық.Осының барлығы ата-аналардың арқасы. Ол үшін алдымен ата-анамызды ардақтап,құрметтеп,сыйлау біздің басты міндетіміз екенін ұмытпайық.








