«Қыз еркем кестесімен көркем» атты шығармашылық қолөнер сайысы

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы бейнелеу өнері, технология, сызу пәндерінің жоғары санатты мұғалімі Светлана Айкенова «Қыз  еркем  кестесімен  көркем»  атты  шығармашылық ..

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы
Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы бейнелеу өнері, технология,
сызу пәндерінің жоғары санатты мұғалімі Светлана Айкенова

«Қыз  еркем  кестесімен  көркем»  атты  шығармашылық  қолөнер  сайысы

Пәні: Технология   (қыздар  тобы)       Сыныбы: 6ә  және 6 б сыныбының қыздары
Мақсаты:  Қолөнерді терең меңгере отырып, қабілетін  ұштау  және  қолөнерді  түсініп,  жоғары  бағалауға,  дәстүрімізді  қастерлеуге  тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Плакаттар, нақыл сөздер, оқушылар  көрмесі, гүл  шоқтары.
Сабақтың  түрі:  Дәстүрлі  емес, сайыс  сабақ.Сабақ  барысы:
« Өнер  дегеніміз- адамның  бойындағы  қабілеттің  ең биік  көрінісі»
Лев  Толстой.
Ал , кімнің  өнері бар қаншалықты,
Кілемге  біреулері  өрнек  сапты.
Терме  ұстап, енді бірі  ши ораса,
Оюдан  түйін  түйіп  тамсантыпты…-дей  отыра   сайысымызды  бастайық.

Сайысымыз  төменгідей  ретпен  өтпекші:
Топтың  өзін  таныстыруы
Өнер,  еңбек,   шебер  туралы  мақал-мәтел
Жұмбақтар  шешейік
Көрмеге  барайық
Көрініс – (үй тапсырмасы)
Сән  көрсетілімі
Ән-би  өнері
Ұлттық   киім  дизайны  (көйлек,  етік т.б.)
Қиялдан шыққан туынды

І. Топтың  өзін  таныстыруы.
-топтың  аты,  ұраны, әні.
-топтың  эмблемасы, оның  мағынасы, қорғау.
-плакат  шығару,  оның  безендірілу  шеберлігі.

ІІ. «Кен асылы-жерде
Сөз өнері-елде»  -демекші  өнер,  еңбек , шеберлік, іскерлік  жайлы  әр  топтың  мақал  сайысы  ( 20 мақал )

ІІІ.  Жұмбақтар  шешейік  атты    кезекті  сайысымызға   әр  топ  10   жұмбақтан  әкелген  екен,   соны  тамашалайық.

ІV.« Кілем  сыры түгінде,
Кестенін сыры  түрінде» -демекші  ерке  қыздарымыздың өз  қолдарымен  жасаған    тоқыма қолөнер  көрмесін  тамашалайық.
2 топтың  экскурсовод  қыздарының  сөз шеберлігі , көрмесі  бағаланады.

V. Қыздарымыздың  тағы  да  бір  өнері  ертегі,аңыздар  желісімен  алынған   тәрбиелік  маңызы  бар  көрінісін тамашалап  көрсек… («Бір  уыс  мақта» ,
«Құмырсқа  мен  шегіртке»)

VI. Сымбатына  сән  киім  жарасатын
Аспандағы  айменен  таласатын.
Өнеріне  сымбаты  сай кеп  тұрған,
Қыздарыма қызығып  қарасасың.
Ал , ендеше ,  сән көрсетілімін  бағалап  көрейік.
(Қыз баланың өзіне жарасымды, өз жасына сай киімді киіп, оны көрермен алдында  әдемі жүрісімен көрсете алуы  бағаланады.)

VII. «Қол өнері- кілемде,
Сөз  өнері- өлеңде,»- демекші  қыздарымыздың  ән айту, би билеу  өнері    де бар екен.

VIII. «Ұлттық  киім  дизайны»- сайысы  бойынша  әр топ өз үлгілерін ұсынуы керек.  ( түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы, табиғи заттар немесе мата қалдықтары)

IX. «Қиялдан шыққан туынды»-  таратылып берілген санаулы  заттардан  өнер туындысын  жасап  шығару. 2 мин.     (Әр топтың    қиял ұшқырлығы  бағаланады)
Ал, бүгінгі сайысымыздың  қорытындысын  шығару  үшін  әділқазылар  ал-
қасына  сөз берейік.

X. Қорытынды  сөз. Марапаттау, мадақтау.

  1. Аватар пользователя назым
    назым

    jospari ote jaksi eken

Добавить комментарий для назымОтменить ответ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Об авторе

Простой конструктор сайтов WordPress: Универсальные демо-версии для блогов, новостей, электронной коммерции и многого другого — импорт одним щелчком, никакого кодирования! 1000+ готовых шаблонов для потрясающих сайтов газет, журналов, блогов и публикаций.

BlockSpare - Новости, журналы и блоги Приложения для редактора блоков (Gutenberg)

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше