Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы
Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы бейнелеу өнері, технология,
сызу пәндерінің жоғары санатты мұғалімі Светлана Айкенова
«Қыз еркем кестесімен көркем» атты шығармашылық қолөнер сайысы
Пәні: Технология (қыздар тобы) Сыныбы: 6ә және 6 б сыныбының қыздары
Мақсаты: Қолөнерді терең меңгере отырып, қабілетін ұштау және қолөнерді түсініп, жоғары бағалауға, дәстүрімізді қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Плакаттар, нақыл сөздер, оқушылар көрмесі, гүл шоқтары.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, сайыс сабақ.Сабақ барысы:
« Өнер дегеніміз- адамның бойындағы қабілеттің ең биік көрінісі»
Лев Толстой.
Ал , кімнің өнері бар қаншалықты,
Кілемге біреулері өрнек сапты.
Терме ұстап, енді бірі ши ораса,
Оюдан түйін түйіп тамсантыпты…-дей отыра сайысымызды бастайық.
Сайысымыз төменгідей ретпен өтпекші:
Топтың өзін таныстыруы
Өнер, еңбек, шебер туралы мақал-мәтел
Жұмбақтар шешейік
Көрмеге барайық
Көрініс – (үй тапсырмасы)
Сән көрсетілімі
Ән-би өнері
Ұлттық киім дизайны (көйлек, етік т.б.)
Қиялдан шыққан туынды
І. Топтың өзін таныстыруы.
-топтың аты, ұраны, әні.
-топтың эмблемасы, оның мағынасы, қорғау.
-плакат шығару, оның безендірілу шеберлігі.
ІІ. «Кен асылы-жерде
Сөз өнері-елде» -демекші өнер, еңбек , шеберлік, іскерлік жайлы әр топтың мақал сайысы ( 20 мақал )
ІІІ. Жұмбақтар шешейік атты кезекті сайысымызға әр топ 10 жұмбақтан әкелген екен, соны тамашалайық.
ІV.« Кілем сыры түгінде,
Кестенін сыры түрінде» -демекші ерке қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған тоқыма қолөнер көрмесін тамашалайық.
2 топтың экскурсовод қыздарының сөз шеберлігі , көрмесі бағаланады.
V. Қыздарымыздың тағы да бір өнері ертегі,аңыздар желісімен алынған тәрбиелік маңызы бар көрінісін тамашалап көрсек… («Бір уыс мақта» ,
«Құмырсқа мен шегіртке»)
VI. Сымбатына сән киім жарасатын
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сымбаты сай кеп тұрған,
Қыздарыма қызығып қарасасың.
Ал , ендеше , сән көрсетілімін бағалап көрейік.
(Қыз баланың өзіне жарасымды, өз жасына сай киімді киіп, оны көрермен алдында әдемі жүрісімен көрсете алуы бағаланады.)
VII. «Қол өнері- кілемде,
Сөз өнері- өлеңде,»- демекші қыздарымыздың ән айту, би билеу өнері де бар екен.
VIII. «Ұлттық киім дизайны»- сайысы бойынша әр топ өз үлгілерін ұсынуы керек. ( түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы, табиғи заттар немесе мата қалдықтары)
IX. «Қиялдан шыққан туынды»- таратылып берілген санаулы заттардан өнер туындысын жасап шығару. 2 мин. (Әр топтың қиял ұшқырлығы бағаланады)
Ал, бүгінгі сайысымыздың қорытындысын шығару үшін әділқазылар ал-
қасына сөз берейік.
X. Қорытынды сөз. Марапаттау, мадақтау.
jospari ote jaksi eken