Сиқырлы әуен сырлары

Рысмамбет Мақтагүл Ердесқызы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №266 мектеп – лицейдің музыка жетекшісі, музыка пәнінің мұғалімі   / сайыс/ Армысыздар құрметті ұстаздар…

Рысмамбет Мақтагүл Ердесқызы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

№266 мектеп – лицейдің музыка жетекшісі, музыка пәнінің мұғалімі

 

/ сайыс/

  • Армысыздар құрметті ұстаздар. қадірменді қонақтар, ата-аналар,шәкірттер!

  • Құрметті бүгінгі сайысқа жиналған барша қауым!

Сіздерді Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мерей тойымен шын жүректен құттықтаймын.

-Сіздер Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай өткізіліп отырған «Сиқырлы әуен сырлары» атты сайысты тамашалап отырсыздар.

Бұл сайыстың негізгі мақсаты оқушылардың өнерге деген талғамдарын шыңдап, ата-аналар мен оқушы , мұғалім арасындағы білімге ,қазақтың сазды әуендеріне деген өнерлерін насихаттау.

Сайыстың шарттарын таныстырмас бұрын ортаға сайысқа қатысатын талапкерлерді шақырғанды жөн көріп отырмыз.

 

— 2 «А» сыныбы: Сынып жетекшісі Миуа апай ,оқушысы Абишева Карима, ата-анасы Оңдасова Айсұлу.

 

-2 «Б» сыныбы: Сынып жетекшісі Марал Дүзелбайқызы, оқушысы Қуанышбай Алтынкүл, ата –анасы Қуанышбай Айсауле.

 

-2 «В» сыныбы: Сынып жетекшісі Күнсұлу Ақарысқызы, оқушысы Жали Ақбаян, ата –анасы Айман Түменбаева.

 

-2 «Г» сыныбы:Сынып жетекшісі Алтын Тұрсынқызы, оқушысы Зинедин Көркемай, ата –анасы Жолмырза Гүлшара.

 

-2 «Д» сыныбы: Сынып жетекшісі Рабиға Махамбетқызы, оқушысы Әбілкасым Данияр, ата –анасы Әбілқасым Ақгүл.

 

-2 «Е» сыныбы: Сынып жетекшісі Білмір Сахиқызы, оқушысы Бақбарген Арсен, ата- анасы Қыдырбаева Зинегүл.

 

«Мыңның жүзін білгенше, бірдің атын біл» — дейді дана қазақ. Ендеше сайысымызға әділ де шыншыл бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

 

  • Мектебіміздің аға ұстазы , №266 мектеп – лицейдің директоры Сейілхан Бердібекұлы.

 

  • Мейірімді де нәзік жан, мектебіміздегі директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Ләззат Алдабергенова.

 

 

  • Бастауыш сынып оқушыларының анасы, директордың бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары Гүлбану Ерқосайқызы.

 

  • Шәкірттердің сүйікті ұстазы, мектебіміздің кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлнар Шынтайқызы.

 

Әділқазылар алқасымен таныс болдық . Енді сайыс шарттарымен таныс болыңыздар:Сайыс 5 шарттан тұрады.

 

1 шарты –Таныстыру.

 

2 шарты — Ән орындалады. Қатысушы оқушы әннің аты мен сазгерін табу керек.

 

3 шарты – Оқушы мен ата – ана караокеге қарап ән орындайды.

 

4 шарты – Оқушы, ата –ана, мұғалім үнтаспада орындалып жатқан күйдің шығу тарихы мен авторын табу керек.

 

5 шарты – Оқушы , ата – ана , мұғалім Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнап бір патриоттық ән орындау керек .

 

Сайыс шарттарымен таныс болсақ, сайысымызды бастаймыз.

 

Сайысымыздың 1 шарты – Сәлем сөздің анасы. /Таныстыру/

 

Бірінші болып сахнаға шығатын 2 «А» сыныбы.

 

Келесі кезек 2 «Б» сыныбы, яғни Марал апай бастаған сынып.

 

Үшінші кезекте Күнсұлу апайдың сыныбы, яғни 2 «В» сыныбы.

 

Келесі кезек айдай болған Алтын апайымыздың 2 «Г»сыныбы.

 

Келесі кезек Рабиға апайға да келіп жетті. Алдарыңызда 2 «Д» сыныбы.

 

Алдарыңызда 2 «Е» сыныбы, Білмір апай бастаған сынып.

 

Сайысымыздың 2 шарты- Асқақтаған әсем ән / әннің авторы мен атын табу/

 

Сайысқа әр сыныптан шыққан оқушылар ғана қатысады.Орындалған әнді мұқият тыңдап, әннің аты мен авторын табу керек. Сайыс шарты түсінікті болса, сайысымыздың 2 –ші шартын бастаймыз.

 

Сайысымыздың 3 шарты — Күміс көмей, жез таңдай /караокеге қарап ән айту/

 

Бұл сайысқа оқушының қасына ата-анасы келіп қосылады.

 

Саз сандықты ашайық,

Әннен шашу шашайық.

 

Мына экранда көрсетіліп тұрған сиқырлы сандықтың ішінен қазір аспаптар шығады. Аспаптың артында әннің аты жасырылған. Қай аспапты таңдасаңыз, сол аспаптың артына жасырылған әнді караокеге қарап орындайсыз. Сайыс шарты түсінікті болса бастайық.

 

Сайысымыздың келесі шарты – Білім мен өнер егіз ұғым /теориялық білімін шыңдау/

 

Бұл сайысқа әр сыныптың сынып жетекшілері келіп қосылады.Сайыс шарты мынадай:Экранда қазақтың әр түрлі киіз үйлері берілген. Әр киіз үй санмен нөмірленген. Сайысқа қатысушы әр топ бір – бір киіз үйден таңдауы керек. Киіз үйдің ішінде үнтаспада күй орындалады.Қатысушы сайыскерлер сол күйдің авторы мен шығу тарихын қысқаша айтып беруі керек. Сайыс шарты түсінікті болса, сайысымызды бастайық.

 

Сайысымыздың ең соңғы шарты Өнерлі өрге жүзер

/өз өнерін көрсету/

 

Әрбір қатысушы топтар Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай бір –бір патриоттық әннен орындау керек.Сайысты бірінші болып 2 «А» сыныбы бастайды.

 

Сайыс өз мәресіне де келіп жетті. Еншеде сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазыларды ортаға шақырамыз.

Құрметті Сейілхан Бердібекұлы сөз кезегі өзіңізде.

 

Аса құрметті ұстаздар ,ата-аналар, қонақтар осымен «Сиқырлы әуен сырлары» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп – көп рахмет.Нұрлы күнде жүздескенше қош сау болыңыздар.

Следующая запись

2 комментария на ««Сиқырлы әуен сырлары»»

  1. Аватар пользователя сәттібаева гулжахан
    сәттібаева гулжахан

    жарайсын

  2. Аватар пользователя сәттібаева гулжахан
    сәттібаева гулжахан

    керемет

Добавить комментарий для сәттібаева гулжаханОтменить ответ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Об авторе

Простой конструктор сайтов WordPress: Универсальные демо-версии для блогов, новостей, электронной коммерции и многого другого — импорт одним щелчком, никакого кодирования! 1000+ готовых шаблонов для потрясающих сайтов газет, журналов, блогов и публикаций.

BlockSpare - Новости, журналы и блоги Приложения для редактора блоков (Gutenberg)

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше