Рысмамбет Мақтагүл Ердесқызы
№266 мектеп – лицейдің музыка жетекшісі, музыка пәнінің мұғалім
Қызылорда облысы
Тақырыбы: «Әліппе әлемі – әріппен әдемі !»
Мақсаты: Оқушылардың Әліппеден алған білімдерін тиянақтау, ата – аналарға өнерлерін көрсету. Көрнекілігі: Абай, Ыбырай суреттері, кеспе әріптер суреттері, Қазақстан
Республикасының рәміздер
Қанжар:
Армысыздар ұстаздар!
Аружан:
Армысыздар ата – ана.
/бірге/
Болашаққа жол бастар,
«Әліппең» келді ортаға.
Қ: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
А: Бұрқыраған білімнің,
Қайнар көзін көріп пе ең.
Том – том қалың кітаптың,
Басы болған Әліппем – демекші Қанжар «Әліппе әлемі – әріппен әдемі !» атты ертеңгілігімізді бастасақ қалай болады?
Қ: -Жарайды , Аружан. Бастасақ бастайық!
Ендеше ортаға балғын балдырғандарды шақырайық.
Әліппе кешін алғашқы,
Әліппе тобы бастайды.
Өнері асқан балғындар,
Сүйсіндірер ел – жұртты – деп «Әліппе» тобын ортаға шақырамыз
А: Алақай,балақай,
Қалыс қалмай қатардан.
Сегіз қырлы,бір сырлы,
Деген атқа лайықты – деп ортаға «Алақай, балақай» тобын шақырамыз.
Қ: Әжем айтар ертегі,
Атам айтар ертегі.
Ертегілер тобы да,
Бар өнерін салады – деп ортаға «Ертегілер елінде» тобын шақырамыз.
А: Кел, ойнайық, ойлайық,
Ойлайық та ойнайық.
Қандай өнер болса да,
Қалыспайық, қоймайық – деп ортаға «Кел, ойнайық, ойлайық» тобын шақырамыз.
Қ: – Құрметті Сейілхан ағай бүгінгі 1«Г» сынып оқушыларының «Әліппе әлемі – әріппен әдемі! » атты ертеңгілігін ашып беру үшін сөз кезегі өзіңізге беріледі.
А: .Рахмет ағай! Мына орындалар әсем ән сіздің құрметіңізге арналады, қабыл алыңыз.«Балдырғандар әні» орындайтын: Ерғали Қанжар
Қ: – Аружан, келесі сөз кезегін «Алақай, балақай» тобындағы Бақытбек пен Бекұзаққа берейік.
А: Бақытбек ,Бекұзақ сендер дайынсыңдар ма?
Бақытбек:
-Иә, рахмет Қанжар, Аружан.
Біз де өз өнерімізді есеп шығарып, ойын ойнап денемізді шынықтыру арқылы ортаға салайықшы.
Бекұзақ:
Жарайды Бақытбек, алдымен балаларды жанымызға шақырып алайық.
Б: Балалар біз қазір екі топқа бөлініп «Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз.
Ойын мақсаты: балалар өздерінің шапшаңдығын , ептілігін , зеректігін көрсетеді.
Б: .Ойын тәртібі: Әр топ шармен секіріп барып плакатқа жазылған есептерді жылдам шығарып, өз тобындағы балаға тез жету керек.
Б: Қанекей, балалар. Ойын басталды.Қай топ есепті жылдам шығарар екен.
Б: Жарайсыңдар балалар. Әр топ өздерін есепке жүйрік екенін көрсетті.
Б: Балалардың сайысын тамашаладық. Енді бір сәт әсем ән тыңдайық.
«Үйретеді» әні. Орындайтындар: Мырзағали Мақсат, Төлеген Гүлнұр
Б: Біздің балалар әсем әнмен бірге ырғақты би де билеп береді.
Ырғақты би. Орындайтындар: Бір топ оқушылар
Б: – Бекұзақ, сөз кезегін «Ертегілер елінде» тобындағы Еркебұлан мен Назымға берейік.
Б: Еркебұлан , Назым сендердің қандай өнерлерің бар? Бәріміз бірге тамашалайық.
Еркебұлан:
Ертегілер елі де,
Бар өнерін салады.
Қызықтырып сіздерді,
Қуантып бір алады.
Назым:
-Балалар , біз қазір сіздерге «Шалқан» ертегісінен қойылым көрсетеміз.
Еркебұлан:
– Балалар, біздің ертегіміз сендерге ұнаған болар. Біз ертегі ғана емес әсем ән де шырқай аламыз. «Ертегілер әлемі» әні. Орындайтындар бір топ оқушылар.
Назым:
– Еркебұлан келесі сөз кезегін «Кел,ойнайық, ойлайық» тобындағы Мыңжан мен Асхатқа берейік. Олар да өз білімдерін ортаға салсын.
Мыңжан:
Ана тілі – асыл үні бабамның ,
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.
Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,
Туған тілде жаттап өскен баламын.
Асхат:
Өнер де, ой да,білім де,
Өркендер ана тілінде.
Ананың тілін сүйгендер,
Саналы білім үйренер – демекші , балалар , біз Әліппе кітабынан кейін Ана тілі кітабын оқи бастаймыз.
М: -Балалар, біз «Ана тілі» кітабын оқуға дайынбыз ба? /иә/
Олай болса , сол зеректігімізді тексеріп көрейік.
А: – Қазір балалар екі топқа бөлінеді. Екі топқа кезек – кезек тапсырмалар беріледі.
М: 1 – ші тапсырма жұмбақ шешу.Әр топқа үш жұмбақтан жасырамыз.
Алдымен «Ботақан » тобына:
Үй ішін аралап ,
Түнде көп жортады.
Қаптарды жарып,
Мысықтан қорқады.
(Тышқан)
Адамға серік,
Күзетке берік. ( Ит )
Сайқымазақ қулығы бар,
Барған жерде ұрлығы бар.
Бұл қандай аң?
Ұғып ал. ( Түлкі)
А: Жұбақты шешу кезегі «Қошақан» тобында.
Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді. (Жұлдыз)
Жазда жайнайды,
Күзде жайрайды. (Жапырақ)
Аспанды от қамшы осады,
Ащы үнін ышқынып қосады. (Найзағай)
М: 2 – ші тапсырма тест сұрақтарына жауап беру. Әр топқа 4 сұрақтан қойылады.
1 – ші «Ботақан» тобына.
Нөсер неге жатады?
А) қар Б) жаңбыр В) бұршақ
Анамның анасы маған кім болады?
А) әже Б) апа В) тәте
Бауыржан Момышұлы кім?
А) ұшқыш Б) ұстаз В) батыр
Таңғы уақытта бізді ұйқыдан қандай құс оятады?
А) торғай Б) қораз В) қарға
А: Қошақан тобына қойылатын тест сұрақтары мынадай:
1 – ші қыркүйек қандай күн?
А) наурыз мерекесі Б) білім үні В) республика күні
Мұздан не күшті?
А) бұлт Б) қошақан В) күн
Алғаш мектеп ашқан кім?
А) Ыбырай Алтынсарин Б) Абай Құнанбаев В) Сәкен Сейфуллин
Мектеп құралына не жатады?
А) айна Б) сағат В) дәптер
М: 3 – ші тапсырма сурет жасыру арқылы шешуін табу.Бұл жерде әр топ қолдарындағы суретті бейнелеп береді. Шешуін келесі топ табады.
А: Әр топ бір – біріне үш суреттен жасырады. 1 – ші болып «Ботақан»
тобы бастайды.
М: Сайыс өте тартымды өтті. Енді бір сәт биші қыздардың өнерін
тамашалайық.
«Томонози» шығыс биі. Орындайтындар бір топ қыздар.
А: – Балалар біз Әліппе кітабын оқып сауаттандық. Енді Әліппемен қоштасатын кез де келіп жетті.
М: -Балалар сендер ана – тілі пәнін оқуға дайын екендеріңді көрсете алдыңдар. Енді әнге кезек берейік.
«Анамның тілі – аяулы үні»әні. Орындайтындар: Асхат,Мыңжан
А: -Барлығымыз бірге Әліппеге ризашылығымызды білдіріп, Әліппемен қоштасып «Қош ,Әліппе» әнін орындайықшы.
/ортаға Қанжар мен Аружан шығады/
Қанжар:
– Егеменді еліміздің еңсесі биік, тұғыры ұзақ болсын.
Аружан:
Егеменді еліміздің болашағы балғын балалар!
Қазақ тілі, қазақ елі мәңгі жасасын!
«Ұлы елім» әні . Орындайтындар: Бекұзақ, Аружан, Қанжар
Қанжар:
– Бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталуға жақын . Ендеше мектеп – лицейіміздің бастауыш сыныптар жөніндегі оқу ісінің меңгерушісі Гүлбану апайға сөз кезегін береміз.
Аружан:
-Құрметті ұстаздар, ата – аналар! Осымен «Әліппе әлемі – әріппен әдемі!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп – көп рахмет
/ Бірге: Келесі кездескенше ,Қош, сау болыңыздар!/