Әскери байланысшылар кәсіби мерекелерін атап өтуде
Бүгін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери байланысшылары кәсіби мерекелерін атап өтуде. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты еліміздегі әскери байланысшыларды дайындайтын жалғыз оқу орны. Ол 2001 жылы құрылып, 2002 жылдан бастап 5 жылдық бағдарлама бойынша байланысшы-курсанттарды оқуға қабылдай бастады.
