Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Жасқайрат селосы
«Өрімтал» бөбекжай балалар бақшасы
Тәрбиеші Сисенбай Гүлфира Рахметқызы
Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.
Оқу іс-әрекеті: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Қоянға арналған сәбіз»
Мақсаты: балаларға ермексаз бөлшектерін алақандарына салып есуді, әртүрлі форманы қалыптастыра білуді үйрету, мүсіндей білу және саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру. Ойлау қабілетінің логикалық дамуын қалыптастыру, сонымен қатар көмекті қажет ететін әлсіз жануарларға көмектесуге әрқашан дайын болу керектігін қорқақ қоянның кейпіне кіре отырып көрсету.Балалардың эмоциялық көңіл күйін бақылау. Балаларды қоршаған ортаға, табиғатқа, жануарларға жанашырлық танытуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар және құрал-жабдықтар: түрлі-түсті ермексаз тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, ойыншық қоян, тұғырық үлестірмелі материалдар.
Алдын-ала орындалатын жұмыс: сопақша мүсін жасау, суреттелген кітапшаларды қарау.
Сөздік жұмыс: ұзын құлақты бадырақ көзді
Билингвальді компонент: қоян-заяц, сәбіз-марковь
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық I.Ұйымдастыру II.Шаттық шеңбері. Біз қандаймыз,қандаймыз. Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Ренжуді білмейміз. Тілек тілеу Деніміз сау болсын. Аспанымыз ашық болсын. Еліміз көркейе берсін. Балабақшамыз жайнай берсін. Ата-анамыз аман болсын. III.Өткен оқу қызметін қайталау. Аққала IV.Суретпен жұмыс. Қыс көрінісі -Қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады? -Қыста не жауады? -Адамдар қалай киінеді? Тәрбиешімен бірге айтады. Қыс. Салқын аяз Қар Қалың
-Аяз қайда өрнегін салады? V.Жұмбақ. Ұзын құлақты, бадырақ көзді ойлы-қырлы жерлермен ытқып-ытқып жүгіретін,ең сүйікті асы -Сәбіз Ол не? -Дұрыс айтасыңдар ол қорқақ қоян, ал бәріміз бірге қоянды ортаға шақырайық. VI. Сөздік жұмыс:ұзын құлақты бадырақ көзді VII.Топтастыру жуа сәбіз Көкөністер картоп қызанақ қияр VIII.Ғажайып сәт: Біраз уақыттан кейін қоян кіріп келеді. Сәбіз Балалар бірге қайталайды Сәлеметсізбе?
Қоян: -Сәлеметсіңдер ме, балалар -Балалар сипап көріңдерші оның тоны қандай? -Ол несімен ерекше -Оның құлағы қандай? -Ал мынау ше? -Оның құйрығы қандай? -Дұрыс айтасыңдар, қоянның құлағы ұзын, ал құйрығы қысқа болады екен.Қоян тағы не істей алады? -Ендеше қалай секіретінін көосетіңдер. Қолымызбен құлақ жасаймыз, бәріміз бірге секіреміз. IХ.Ермексазбен жұмыс. Қоянға арналған сәбізді мүсіндеу. Х.Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлермен. Ытқып-ытқып жүгірді, Қарап еді артына Қиығын сап көзінің, Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің Жұмсақ Құлағымен ұзын Құйрығы қысқа Балалар қоянша секіреді. Балалар сәбізді мүсіндейді. Жасалған сәбізді балалар қонаққа келген қоянға береді. Сау бол қоян. Қоян
ХI. Бұл қай ертегі: Шалқан Түлкі мен қоян Үйшік Маша мен аю Бауырсақ Осы ертегілерде қоян кездесеме? Билингвальлі компонент: Қоян-заяц сәбіз-марковь ХII. Дидактикалық ойын: Сәбізді жинау. Мақсаты: Балаларды сәбізді айыра білуге атауға үйрету. Жылдамдылыққа қырағылыққа тәрбиелеу. Шарты: Көкөністердің арасынан тек сәбізді себетке тез жинау. ХIV. Қорытынды. -Балалар, бізге қонаққа кім келді? -Ал қоян қандай көкөністі жақсы көреді? -Ал, сендерге қандай көкөніс ұнайды? -Бүгінгі оқу қызметінде сіздерге не ұнады? Адамбыз ғой, адамбыз анасы бар, Балапандай қойнында баласы бар. Ормандағы аңдарды қорғайықшы, Олардың да, ұрпағы баласы бар. ХV. Мадақтау. Бүгінгі ашық оқу қызметімізде жақсы қатынасқан балаларға мадақтаулар таратылады. кездеседі Тәрбиешімен бірге қайталайды. Балалар қызығып жарыса отырып қоян болып секіріп жинайды. Қоян келді. Балалар өздеріне ұнайтын көкөністерді, бүгінгі оқу қызметінде не ұнағанын айтады.Балалар өз жұмыстарын көрме тақтасына қойылады. Балалар тыңдайды.Қуанышты хабарламаларға балалардың көңіл күйлері көтеріледі.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: бала мүсіндеуде ермексаз бөлшектерін алақандарына салып есуді,әртүрлі пішіндерді жасайды.
Түсінеді: қоянның дене мүшелерін (көзі,құлағы,құйрығы,аяғы)
Қолданады: ермексаздан шымшып үзіп алып,алақанмен домалақтап жоғары жағын жуан,төмен жағын жіңішкелеп мүсіндеу амалдарын қолданады
—
Зайтуна Есмаганбетова