Жаңа сабақтар

Хамзина Самал Серикбаевна

ШҚО Семей қаласы

ШҚО ББ «№6 арнайы мектеп-интернаты»КММ

II-санатты мұғалім: Хамзина Самал Серикбаевна

Тақырыбы: Ақыл-ойы бұзылған балалардың даму ерекшеліктері және оны түзету жұмыстары

Ақыл-есі кем балаларды оқыту мен тәрбиелеу арнайы мекемелердің алдында тұрған үлкен міндет болып табылады. Сондықтан мемлекет қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетіп отыр. Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында, «Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдану туралы» т.б. заңдарында айтылып, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде, бала мүгедектігінің алдын алуға бағытталған көптеген көкейкесті мәселелер жанжақтықарастырылған. Ойлау – заттар мен құбылыстардың адам миында жалпы және жанама түрде бейнеленуі. Ойлау тек адамзатқа тән психикалық құбылыс және ең маңызды таным процестерінің бірі. Зерде бұзылысы бар балалар барлық ойлау операциялары бұзылған, ойлау процестерінің белсенділігі төмен. Ойлаудың дамуы дегеніміз оның мазмұны мен формасының өзгеруі, соған байланысты көрнекі әрекеттік, көрнекі-бейнелік және сөздік-логикалық ойлау болып бөлінеді. Көрнекі-әрекеттік ойлауға затпен сырттай әрекет ету жатады. Мұнда бала өз мақсатына жету үшін көмекші құралдарды пайдаланады. Көрнекі-бейнелік ойлау – заттың өзіндік белгілерін меңгерген бала осы бейнелер арқылы ойлау әрекетіне көше алады.
Сөздік логикалық ойлау – ойлау әрекетінің бір түрі. Сөздік-логикалық ойлауда белгілі ұғым-түсініктер түрлі ой-әрекеттер арқылы анықталып жүйеге түседі. Сөздік-логикалық ойлау өз функциясын тілдік құралдар негізінде атқарылады.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей (Петров В.Г., Пинский Б.И., Соловьев И.М., Стадненко Н.М., Шиф Ж.И.) зият қабілеті бұзылған баланың ойлау процестері жеткілікті дамымаған және өзіндік ерекшеліктері бар.
Ақыл-ойы кем балалардың ойлауындағы негізгі кемшілік қорыту, жалпылау қабілеттерінің төмендігі, бұл оқу процесінде ережелер мен жалпы ұғымдарды меңгере алмауынан көрінеді. Олар ережені жатқа білгенімен, көп жағдайда мағынасына бойламайды, тәжірибеде пайдалана алмайды. Бұндай балалар заттарды салыстыру кезінде олардың ұқсастықтарынан гөрі айырмашылықтарына назар аударады. Ақыл-ойы кем балалардың ойлау қабілетінің тағы бір басты ерекшелігі ойлау түрі нақты екендігінде. Келесі бір кемшілік ойлаудағы реттеушілік рөлдің әлсіздігі. Бала ойлау операцияларын қажетті жағдайда тиісінше қолдана алмайды. Оларда мәселені шешу жолын алдын-ала ойша қарастыру кезеңі болмайды. Ақыл-ойы кем балалар өздерінің іс-әрекеттерін сыни көзбен қарамайды, өз қателіктерік көрмейді.
Психикалық дамуы қалыпты баланікі сияқты ақыл-ойы кем баланың да ойлау қабілеті ортақ заңдылықтарға бағынады. Л.С. Выготскийдің концепциясы бойынша алғашқы кемістіктер қандай да бір биологиялық жүйенің органикалық зақымдануы мен жетілмеуінен болады, осының нәтижесінде баланың қоршаған ортаны танып-білуге дене енжарлығы, білуге ұмтылмауы – ол кемістіктің биологиялық, ядролық белгісі. Екіншілік кемістіктер бірінші кемістіктен туындамайтын, бірақ солардың негізінде қалыптасқан жоғары психикалық функциялардың дұрыс жетілмеуі (ойлау, есте сақтау, т.б.) және әлеуметтік мінез-құлықтың бұзылуы. Л.С.Выготскийдің теориясы бойынша жоғары функциялар анағұрлым тәрбиеге көнгіш болады. Сондықтан ерте жастан және жүйелі жүргізілген түзету жұмыстары ақыл-есі кем баланың психологиялық дамуына ықпал етеді.
Ақыл-ойы кем бала балалардың ойлау қабілетін дамыту түзету жұмысының басты бағыттарының бірі және танымдық қабілеттерін жетілдіруде, оларды әлеуметтендірудегі басты фактор болып есептеледі.


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.