«ІЗДЕНУШІ» ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫ. 2011 Ж. ШІЛДЕ-ҚАЗАН. ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ. №4,5. 260-268 Б.
ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР
Омар Бауыржан Мұсаханұлы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр оқытушысы,
Omar-1982 @E-mail.ru, Түркістан қаласы.
Махатова Жібек Қазбекқызы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, заң факультетінің
ЗҚТ-911 тобының студенті. Jibek_ZKT@E-mail.ru, Түркістан қаласы.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы Экологиялық жағдай күрделі мәселенің бірі болып отыр. Ол біздің елімізде шешімі табылмай жатқан өткір тақырыптар ретінде алға қойылуда. Табиғи қорларды тиімді пайдалануда, қалаларды, елді мекендерді көгалдандыруда, ұлттық парктер, көгалды аймақтар жасауда көптеген шаралар іске асырылса да, айналадағы ортаны қорғаудағы жауапсыздық, болашақты ескермеушілік орын алып отыр. Ауаның, судың, жердің ластануы салдарынан адамдардың өміріне және олардың өмір сүру ортасына зор қауіп төніп келеді. Көптеген индустриялы аудандарда айналадағы ортаның ластануы қажетті нормалардан асып түскен. Қазіргі уақытта табиғат және биологиялық орта тұтас алғанда бүкіл адамзат алдына күрделі талап қойып отыр. (далее…)