«Аңсаған Ата Заңым » атты құқықтық шара

Ақтөбе қаласы. №51 гимназия.
Жакиева Бибігүл Асылбекқызы

Армысыздар, аса қадірменді  ұстаздар, оқушылар және құқықтық мемлекетіміздің болашағына бей –жай қарамайтын, заң сыйлағыш  барша қауым ! «Аңсаған Ата Заңым » атты құқықтық   шарамызға   қош келдіңіздер !

                       Ойынға қатысушыларды ортаға шақырамыз :
9 а класс оқушысы  « Азаттық » тобы
9 ә класс оқушысы  «   Әділет  »  тобы
9 б класс оқушысы  «  Бостандық  » тобы
9 в класс оқушысы  «Еркіндік » тобы
Слайд бойынша көрсетіледі .

Еліміздің елұраны ойналады.   

Шараның мақсаты:
•    Оқушылардың құқықтық білімін тексере отырып, өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс- пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемел ойлы , елжанды азамат ретінде тәрбиелеу.
•    Оқушыларға Конституцияның мәні сипаты, маңызы туралы білім беру. Құқығымыздың қалыптасу тарихының кезеңдері, әр кезеңдегі ерекшеліктері туралы оқушылардың білімін жетілдіру.
•    Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік заңдық ережелерді бойына сіңіру.
•    Ата Заңымыз халқымызға адал қызмет ететіндігін оқушыларға ұғындыру.
•    Оқушыларды Ата Заңға сый-құрметпен қарауға тәрбиелеу.
•    Тарихи танымын кеңейту.
Құқықтық шара  мұғалімнің кіріспе сөзімен басталады.
Әрбір мәдениетті, білімді халықтың саналы азаматтық деңгейін көрсететін нақты өлшемдердің бірі – ол халықтың өзіндік құқығы мен төл заңдарының болуында. ҚР-сының Конституциясы еліміздің сондай басты саяси құқықтық құжаты болып табылады. Еліміздің осы кезге дейін жүріп өткен құқықтық жолын саралай отырып, бүгінгі қолданыстағы Ата Заңымыздың артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы баяндаймыз.
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін, өзін құқықтық мемлекет деп жариялағаны баршамызға мәлім. Ал құқықтық мемелекетте заңды, еркіндікті және өз міндеттерін жақсы білетін , өзіндік пікірлерін білдіріп, ақпаратқа  сын көзбен қарайтын, кез келген уақытта көзқарасы мен құқықтарын қорғайтын азамат бірінші орында тұруы керек. Сондықтан да бүгін біз 9-класс оқушыларының жинақтаған білімдеріне сүйене отырып, өзара пікірталас, ізденіс, кемел ой арқылы құқықтық білімнің  жаңа көкжиегін ашамыз деген үміттеміз.

Құқықтық шарамыз  мынадай кезеңдерден тұрады:
1- кезең   Ант беру рәсімі.
2- кезең   Ең үздік  гимназия Конституциясының жобасын жасап ,қорғау.
3- кезең   Заңды білу – міндетің … (сұрақ – жауап )
4- кезең   Құқық қорғаушы
5- кезең  Кемел ой иесі
Жанкүйерлер сайысы  ( жанкүйерлерге қойылған сұрақтарға кім көп және дұрыс жауап берсе сол  « үздік  заңгер » атағын иеленеді.)

Шараны  бастамас  бұрын, қара қылды қақ жарған қазылар алқасымен таныстырып өтіледі.
І.Ант беру рәсімі
Қатысушы оқушылар мына мәтіндегі антты қабылдайды:
Мен,                       гимназияның 9 класс оқушысы,Қ.Р Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, қоғамдық тәртіпке бағынуға, заңға қайшы келетін әрекеттер жасамауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен  қадір-қасиетін  құрметтеуге, «Адам, Қоғам. Құқық» пәнінен жоғары үлгерім көрсеткішін көрсетуге, құқықтық сауаттылығымды арттыруға, мектеп ішіндегі құқықтық шараларға белсене қатысуға, құқықтық мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін аянбай қызмет етуге, әділдік, шындық жолында болуға, өзіме жүктелген міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін.
ІІ.« Ең үздік  гимназия Конституциясының жобасын жасау »   кезеңі
Бұл кезеңде әрбір топ өздері жасаған гимназия Конституциясының жобасын ұсынып, оны қорғайды. (3мин)
Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін, оның құқықтарын, оның бас бостандығын ең қымбат қазына деп танып отыр. Жалпы         мемлекетіміздің негізгі қызметінің түбегейлі принциптері мыналар деп танылды:
– Қоғамдық татулық;
– Саяси тұрақтылық;
– Бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму;
–  Қазақстандық патриотизм;
– Мемлекеттік аса маңызды мәселелерді демократиялық  жолдармен шешу.
ІІІ. Заңды білу – міндетің … (сұрақ – жауап )
1.
1.1.Сіз ҚР Үкіметінің мүшесісіз. Үкімет мүшесі ретінде кімнің алдында ант бересіз?
( Қазақстан халқы мен Президентінің алдында)
1.2.БҰҰ-ның 1948 ж. қабылданған « Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы » қанша баптан тұрады?                                                                                                                          (30-бап)
1.3.Депутаттардың ұйымдасқан тобы қалай аталады ?
(Фракция)
1.4. ЕКОНЮС- БҰҰ –ның білім, ғылым және мәдениет   жөніндегі ұйымы.
2.
2.1.Сіз ҚР Парламентінің депутатысыз. Қандай жағдайда сіз өз мандатыңыздан, депутаттық қызметтен айырыласыз?
1)ҚР-нан тысқары жерге тұруға кеткенде.
2) Соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенде
3)    ҚР-ның азаматтығынан айырылған кезде.
2.2.Президент ҚР Үкіметінің құрылымын кімнің ұсынысымен айқындайды?
(Премьер-министр)
2.3.17 желтоқсан қандай күн – демократиялық жаңару күні
2.4.АТКРЕЗПРИДЕ – мемлекет  басшысы

3.
3.1.Сіз ҚР-ның Президентісіз. Парламент өзінің кезекті заңын ұсынады. Ұсынған заңға қандай мерзім аралығында қол қойып, бекітесіз?
(1 ай ішінде)
3.2.Құқық пен әділдік құдайы кім?                                                                                         (Фемида)
3.3.Құқық дегеніміз не ?
мемлекет тарапынан заңдастырылған және   қорғалатын, жалпыға
бірдей міндетті нормалар жүйесі
3.4.АТТӨЛЖҰҚ –  азаматтықты куәландыратын құжат.
4.
4.1.Сенаттың неше депутатын Президент тағайындайды?
15 депутатын
4.2.Заң шығару бастамасы құқығы кімдерге тиесілі және қайда жүзеге асырылады ?
Республика Президентіне, Парламент депутаттарына,
Үкіметке және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады.
4.3.Бала құықтары туралы конвения қашан  қабылданды-
1989 ж.20 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясында
4.4.РПАЕЛМАНТ – заң шығарушы орган.
ІУ. «  Құқық қорғаушы  » кезеңі.
Бұл кезеңнің тақырыбы « ҚР-дағы балалардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы».Осы тақырып бойынша қаралатын қарарлар:
1.    Қ.Р -да балалардың білім алу құқығы қорғалады.
2.    Қ.Р- да балалардың денсаулық сақтау құқығы қорғалады.
3.    Қ.Р -да балалардың демалу  құқығы қорғалады.
4.    Қ.Р -да балалардың    міндеттері .

Осы қарарлар оқушыларға жеребе бойынша бөлінеді.Әрбір қатысушы топтар  өзінің қарары бойынша қандай шаралар жүзеге асырылып жатқандығын, қандай кемшіліктер бар екендігін айтып, оларды жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын білдірулері тиіс.(2 мин )
Ата Заңның отызыншы бабында әрбір Қазақстан азаматына тегін орта білім алуға кепілдік берілген. Қазақстанның болашағы – білімді жастар. Президентіміз биылғы халыққа жолдауында білім саласына ерекше мән беріп, назар аударды.

Біз бүгін халқымыз жасаған жаңа құқықтық ұғымдармен (адам теңдігі, әйел теңдігі, тең сайлау, Конституция, Парламент, Президент, азамат бостандығы т.с.с.) байып қана қоймай, өркениетті мәдениетке теңелген, замана көшіне іркілмей ілескен дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болып отырғандығымызға көз жеткізгендейміз. Иә, бүгінде біз ешкімнен кенже қалмаған, мәдениетті, өз заңы, өз басшысы бар нағыз егемен мемлекет тболып отырмыз!

У.  « Кемел ой иесі » кезеңі.
Қазақстан Республикасы БҰҰ- ның мүшесі екендігі бәрімізге мәлім. Егер сізге БҰҰ мінберінен сөйлеуге мүмкіндік берілсе, сіз мүше мемлекеттер алдында
« Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі» ,
« Тәуелсіз Қазақстан »,
« Ақтөбе – туған  өлкем »,
« ҚР Елбасы Жолдаулары »  деген тақырыпта қандай ой айтар едіңіздер ?
Уақыты ( 3мин)
Жанкүйерлерге қойылатын сұрақтар

1.Қазақстан Республикасындағы ең жоғарғы заң күші бар нормативтік акт
(КР Конституциясы)
2.ҚР Конституциясы бойынша   азаматтардың әлеуметтік – экономикалық құқықтары мен бостандықтары қандай?
(денсаулық сақтау, меншік иесі болу, еңбек ету)
3.Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды?
(1993 ж. 28-қаңтар)
4.ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторлары?
(Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
5.ҚР-ның егемендігі туралы Заңы қашан қабылданды?
(1990 ж. 25-қазан)
6.ҚР-ның Конституциясы бойынша Президент неше жылға сайланады?
(5 жыл)
7.9 класқа арналған «Адам. Қоғам. Құқық» оқулығының авторлары кімдер?
(Қ.Жүкешев, Ғ.Сапарғалиев, Г. Асанбекова)
8.Адамның және азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтары, міндеттері қандай негізгі нормативтік актіде көрсетілген?
(ҚР Конституциясында)
9.ҚР Парламенті неше палатадан тұрады.
(2)
10.ҚР-да адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып кім табылады?
(Президент)
11.ҚР тәуелсіз мемлекет ретінде неше жыл өмір сүруде?
(20 жыл)
12.Азаматтардың некесі қайда тіркеледі?
(АХАЖ)
13.Адам қай жастан бастап сайлау құқығына ие?
(18 жас)
14.ҚР-да  заң бойынша белгіленген неке жасы?
(18 жас)
15.Адам қай жастан бастап  азаматтыққа  ие болады?
(Туылғаннан)
16.ҚР-да адам қай жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады?
(14-16 жас)
1.    БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қашан қабылдады?
(1948 жыл)
17.Өзге жерде туылғанына қарамастан, ата-анасының азаматтығынан туындайтын азаматтық алу қағидасы?
(«Ұлттық» немесе «Қан құқығы»)
18.Парламенттің жоғарғы палатасы қалай аталады?
(Сенат)
19.ҚР Үкіметін кім басқарады?
(Премьер-министр)
20.ҚР Үкімет басшысы кім (премьер-министрі)
(Кәрім Мәсімов)
21.Конституция латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
(Құрылым, өкім)
22.Азаматтықты куәландыратын құжат?
(куәлік және төлқұжат)
23.Президенттің ерекше әмір тыйым құқығы?
(Вето)
24.« ҚР азаматық туралы » Заңы қашан қабылданды?
(1992 ж. 1-наурыз)
25.Бүкілхалықтың дауыс беру қалай аталады?
(референдум)
26.ҚР Конституциясы неше баптан және неше бөлімнен тұрады?
(9 бөлім, 98 бап)
27.Құқықтық мемлекеттегі биліктің үш  тармағын атаңыз?
(атқарушы, заң шығарушы, сот билігі)
28.ҚР Президенттің «Құқықтық жаппай оқытуды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы қашан жарық көрді?
(1995 ж. 21 маусым)
29.ҚР соттар кімге тәуелді?
(ҚР сот билігі тәуелсіз)
30.Құқықтың негізгі функциясы
(қорғаушы, реттеуші)
31.ҚР-ның қаулылары, шешім, ережелерін қай орган қабылдайды?
(ҚР Үкіметі)
32.ҚР-да қабылданып жатқан заңдардың Конституцияға  қайшы келмеуін қандай орган қадағалайды?
(Конституциялық Кеңес)
33.ҚР-сының Конституциясына толықтырулар мен өзгертулер соңғы рет қашан енгізілді?
(2011 жылы  ақпан)

Қазылар алқасының қорытынды сөзі.
Жүргізуші:
– Қазір республикамыз өз тәуелсіздігін жариялап, тұңғыш Ата Заңын өмірге енгізген уақытта осынау ұлы оқиғаның мәні арта түсті.
–  Еліміздің Конституциясы адамның құқықтары, бостандықтары, қадір-қасиетінің гуманистік тұжырымдамасы және қоғамның даму деңгейіне сәйкес келетін әділетті заң жиынтығы болып табылады.
Ата Заңым – бабалардың лебізі,
Ата Заңым – барлық заңның негізі.
Арқа сүйер Ата Заңда адамды
Артық санау, кемістудің жоқ ізі.

Еркін елдің Ата заңы ардақты,
Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты.
Адам құқы бостандығы, теңдігі –
Барлығын да қарастырған жан-жақты.

Ата Заңмен арайланған айналам,
Басшы орынға сайлаймын да, сайланам.
Білім алам, еңбек етем, дем алам,
Қартайғанда зейнеткер боп жайланам.

Ата Заңым – мемлекет айбыны,
Ата Заңым- ақыл ойдың айдыны.
Туған жердің  – Қазақстан елінің
Ата Заңмен қорғалады байлығы.

Бұл жолда біз ата-бабаларымыздың ұрпақтары үшін салып кеткен жолдардың, жасақтап беріп кеткен асыл заңдардың жобасын негізгі бағдарға алып келеміз.
Күні сол ардақты бабаларымыздың асыл армандарының бірі орындалып отыр, ол-шынайы мемлекеттік, біртұтас, жалпыға бірдей Ата Заңымыздың болуы. Осы Ата Заңымыз халқымызға адал қызмет етеді деп сенеміз.
Бүгінгі пікірталас барысында жеңімпаз анықталды.Барлығымыз гимназия Конституциясын қабылдап, қатысушылардың кемел ойларының куәсі болдық, «Балам бол, басқа бол –   бәріңе заң біреу-ақ» деп, Жүсіп Баласағұн  бабамыз айтқандай, құқықтық мемлекетіміздің заңды қадір тұтатын азаматы болайық ағайын!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше