Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы
Мұнайшы кенті №5 орта мектеп физика -информатика
пәнінің мұғалімі Елдесова Гүлмира Жоламанқызы
Сабақтың тақырыбы: §35 Электр тогы. Ток көздері
Сабақтың презентациясын жүктеп алу: Электр тогы. Ток көздері (PDF)
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:
1. Оқушылардың электр тогы туралы теориялық білімдерін қалыптастыру;
2. Оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру;
а) электр тізбегінің элементтерін (ток көздерін) салуды үйрету;
Дамытушылық:
1. Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту; бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасау.
2. Сапалы ойлауды дамыту: дәлелдік, мақсаттық, қабылдау, бағалай білуге бейімділік, сыни ойлау.
Тәрбиелік: Тұрақты ток өндіру мен пайдалану проблемаларымен таныстыру.
Көрнекіліктер: семантикалық карталар, карточкалар
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру.
Сабақтың пед. технологиясы: Шаталовтың тірек сызбалары, Қараевтың саралап деңгейлеп оқыту технологиясы, Нұрша Оразахынқызының сатылай кешенді талдауы.
Сабақ жоспары.
1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, кезекшімен тілдесу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
І деңгей. Сәйкестендіру
ІІ деңгей. Тест
ІІІ деңгей. Ойтүрткі (ауызша сабақ сұрау)
Есеп шығару
3. Жаңа сабақ.
1. Сабаққа оқушы назарын аудару.
2. Сабақтың мақсатын қою.
3. Сабақты түсіндіру.
4. Жаңа материалды тереңдету:
а) әртүрлі ток көздерінінің ерекшеліктері
б) ток көзіндегі энергияның түрленісі
4. Сабақты бекіту.
1. Оқулықпен жұмыс (133 бет №5)
2. Кесте бойынша есеп шығару
5. Қорытынды. Семантикалық карта
6. Үйге тапсырма.§35
7. Бағалау.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
Бағалау жүйесімен таныстыру. Сары түсті жетон –«5», көк түсті жетон –«4», қызыл түсті жетон –«3» бағаларына сәйкес келеді.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
І деңгей. Сәйкестендіру
Өлшем бірліктерді сәйкестендір
Электрсыйымдылығы Н/Кл
Кернеу В (вольт)
Электр өрісінің кернеулігі Дж (джоуль)
Заряд Ф (фарад)
Жұмыс Кл (кулон)
Физикалық шамалардың белгіленуін сәйкестендір
Электрсыйымдылығы φ
Кернеу Е
Электр өрісінің кернеулігі С
Заряд U
Өрістің потенциалы q
Формуланы сәйкестендір
Конденсатордың электрсыйымдылығы φ1-φ2=U
Кернеу
Электр өрісінің кернеулігі
Кулон заңы
Потенциалдар айырымы
ІІ деңгей. Тест
1. Электрон заряды неге тең?
A. 9∙109 Н∙м2/Кл2
B. -1,6∙10-19Кл
C. 8,85∙10-12Кл2/Н∙м2
2. Өріс кернеулігі неге тең?
A.
B. E=F∙q
C. F=E∙q
3. Кулон заңының формуласы
A.
B. F=Eq
C. F=mg
4. Потенциалдар айырымының өлшем бірлігі
A. Дж
B. Кл
C. В
5. Конденсатордың электрсыйымдылығы неге тең?
A.
B.
C.
Жауаптары:
1. В
2. А
3. А
4. С
5. А
Бағалау. 5 –«5» , 4 –«4» , 3 – «3», 2 – «2»
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сонымен оқушылар үйкеліс жасау арқылы денелерді электрлеуге болатындығын, денелерді электрлеу арқылы электр өрісін тудыратындығын, ал электр өрісі зарядталған бөлшектерді қозғалысқа келтіретінін білеміз.
— Қалта шамы ненің көмегімен жанады?
— Үйдеге электр шамы тоқты қайдан алады?
— Көшедегі электр жарығы кенет өшіп қалса, ол нені білдіреді?
Электр батареяның көмегімен жанады.
Электр станциясынан.
Бағандағы сымдарда ток жоқ екенін білдіреді.
— Ток деген не?
— Яғни бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Электр тогы. Ток көздері
Электр тогы. Бұған дейін тыныштықтағы электр зарядымен таныстық. Іс жүзінде, яғни адам өмірінде реттелген қозғалыстағы электр зарядтарының маңызы зор.
Еркін заряд тасымалдаушылардың реттелген қозғалысын электр тогы дейміз.
Зарядталған денемен зарядталмаған денені қосатын өткізгіште электр тогы пайда болады. Ток зарядталған денеден зарядталмаған денеге қарай жүреді. Себебі зарядталмаған дененің потенциалы әрқашан төмен болады да, олардың арасында бағытталған электр өрісі бар болады. Осы бағытпен ток жүреді.
— сонымен, өткізгіште электр тогы жүру үшін басты шарт:
Электр тогы
өткізгіште еркін зарядтар болу керек;
еркін зарядты қозғалтатын электр өрісі болу керек;
электр өрісін үздіксіз шығарып тұратын ток көзі керек.
Электр тогы жүретін тұйықталған электр тізбегі ток көзінен, өткізгіш сымдардан және электр энергиясын тұтынушылардан құралады.
Алғаш рет “электр тогы” түсінігін енгізген француз ғалымы Андре Ампер болды.
Электр тогының әрекеттері.
1. жылулық әрекеті
2. химиялық әрекеті
3. магниттік әрекеті
4. физиологиялық әрекеттері
Өткізгіште токтың бар-жоғын оның әрекетінен байқауға болады:
Токтың жылулық әрекеті. Өткізгіш бойымен ток өтсе, онда ол қызады. Бұл тұрмыстық техникада (электр шамында, үтікте, электрплиткада, қайнатқыштарда, дәнекерлеуіштерде) кеңінен қолданыста екенін жақсы білеміз.
Токтың химиялық әрекеті. Химиялық ертіндіге батырылған өткізгіш арқылы ток өткенде ертінді құрамындағы заттар бөлінеді. Осы тәсілмен таза мыс алуға, металл бетін күміспен қаптауға болады. (сыртына күміс шеңбер, гүл салынған стаканды көрсету)
Токтың магниттік әрекеті. Өткізгіштен ток өткенде оның айналасында магниттік қасиет пайда болады. Темір заттарын магнит сияқты тартады. Токтың бұл қасиеті электрмагниттік крандарда қолданылады.
Токтың физиологиялық әрекеті. Бұл қасиеттің бір атап өтерлігі, осы қасиеттің арқасында физикадағы ұлы жаңалық, электр тогы ашылған. Жануарлар денесінен ток өтсе, онда бұлшық еттер жиырылады. Үлкен токтардың адам денесіне әсері қатты, сондықтан токпен жұмыс істегенде абай болу керек.
— Ток көздеріне нені жатқызуға болады?
Ток көздері
гальвани элементтері
аккумуляторлар
генераторлар
Күн батареясы
АЭС
ЖЭС
ГЭС
Сонымен қатар ток көздеріне мыналар жатады:
♦ Гальвани элементтерінде (эл.батареясы), аккумуляторда – химиялық реакция әсерінен зарядттар бөлінеді. Бұл реакцияда бөлінетін ішкі энегрия электр энергиясына түрленеді. Бұл итальяндық анатом және физиолог Луиджи Гальванидің құрметіне арналған.
♦ электрофор машинасында оның дискілері металл шеткамен үйкеліп зарядтар оң және теріс полюске жиналады да ток көзі пайда болады, яғни механикалық энергиядан электр энергиясы өндіріледі.
♦ генераторларда магнит өрісінде өткізгішті айналдырғанда электр тогы пайда болады. Бұл жерде өткізгішіті айналдыру үшін, судың, будың, желдің механикалық энергиялары қолданылады.
♦ күн батареясында жылу әсерінен жартылай өткізгіш ішінде зарядтар оң және теріс полюстерге жіктеліп ток көзі пайда болады, яғни жарық, жылу энергиялары электр энергиясына түрленеді.
Сонымен ток көзін жасау үшін зарядтарды бөлгенде электрлік емес күштерді қолданады. Бұл күштерді бөгде күштер деп атайды. Бөгде күштердің әрекетін сипаттау үшін ε(эпсилон) әрпімен белгіленетін электр қозғаушы күші (ЭҚК) ұғымын енгіземіз. Ол ток көзінің энергетикалық сипаттамасы болып табылады.
ХБЖ-де ЭҚК-нің бірлігі 1 Вольт (В) болып табылады.
Ток көзінің шартты белгісі
Гальвани элементі мен аккумулятордың шартты белгісі. (оң полюсі –ұзын сызықпен, теріс полюсі қысқа сызықпен кескінделеді).
Генератордың шартты белгісі.
IV. Сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс (133 бет №5)
№ q A ЭҚК
1 10 Кл 60Дж 6 В
2 10 Кл 40 Дж 4В
3 5 Кл 30Дж 6В
2.Семантикалық карта
№ Сұрақ Ток көзі Электрон
1 Су электр станциясы
2 Электр тогын тасымалдайтын еркін заряд
3 Күн батареясы
4 Табиғаттағы ең кіші заряд қалай аталады
5 Энергияның басқа түрін электр энергиясына айналдыратын құрылғыны … дейді.
V. Қорытынды.
VI. Үйге тапсырма. §35 Шығармашылық жұмыс: АЭС, ГЭС, ЖЭС –тің пайдасы мен зияны.
VII. Бағалау.