Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
Қ.И.Сәтбаев жалпы орта білім беретін мектеп
Тарих, экономика және құқық пәнінің мұғалімі
Туяшева Динара Даулетовна
Тақырыбы: Құқық магистрі кім?
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейлерін білу. Бірлесіп, ұйымдасып жұмыс істей білуге баулу.
Түрі: Ойын
Барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Ойын өткізу
3. Қорытындылау
Дайындық кезеңі:
1.2-3 апта бұрын оқушыларға хабарлау
2. 10-11 сынып оқушыларын білім деңгейлеріне байланысты іріктеп, 4-5 топқа бөлу
3. Құқық пәнінен тақырыптарды қайталауға тапсырма беру
4. Әр оқушыға «А», «Б», «В», «Г» әріптері бар карточкалар әкелуге тапсырма беру
Барысы:
Армысыздар әріптестер, сайысқа қатысушылар! Біздің мектепте өтіп жатқан «Құқық магистрі кім?» атты интеллектуалдық ойынға қатысқандарыңызға шын жүректен қуаныштымын. Оқушыларымызға тек сәттілік болсын деп айтамын.










