Атырау қаласы
№24 орта мектептің
тарих және құқық пәнінің мұғалімі
Бисенгалиева Мария Кайржановна
Тақырыбы: «Тарих сабағында жаңа технологияны пайдаланудың ҰБТ-ға дайындалудағы жетістіктері»
Қазіргі кезде мектептерде он екі жылдыққа көшуге байланысты білім берудің жаңа түрлері қалыптасуда. Оқушыларға білім беруде дәстүрлі сабақ арқылы емес, оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп өткізу заман талабы. Осыған байланысты тарих сабағында жаңа технологияны пайдаланудың алатын орны ерекше.
Жаңа технология түрлеріне: оқушыларға тест жүргізу, тест арқылы логикалық ойлау мен есте сақтау қабілетін шыңдау. Ойын сабақтары арқылы сабақты баланың ойында қалатындай қызықты өткізуді меңзеу арқылы, сабақты ойынға айналдырмай білім беруді құрастыру. Білемін, білдім, білгім келеді, сәйкестікті тап т.б сызбаларды пайдалану арқылы оқушының бұрынғы алған білімдерін қорытындылап, жаңа сабақтан алған білімін шыңдап, болашақта осы білімдер арқылы нені білгісі келетіндігін ортаға салып, сабақты түрлендіріп өткізуге болады.










