Сабақтың тақырыбы: 2-ге көбейту және бөлу кестесін қайталау.
Сабақтың мақсаттары:
1) Білімділік: Практикалық амалдар негізінде 2 санын көбейту және бөлу кестелерін есеп шығару кезінде пайдалану, 2-ге көбейту және бөлу кестелері туралы білімдерін бекіту;
2) Дамытушылық: Кестелік есептеу дағдыларын қалыптастыру, түрлі есептер шешуге үйрету, есте сақтау, логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін, тілдерін дамыту;
3) Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ойын еркін айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрінісі: Сызбалар, кестелер, қорап, шарлар.
Сабақтың тәсілі: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс, іздену, түсіндіру, ой қорытындылау.
САБАҚ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Құрал – жабдықтарын тексеру. Сабаққа назарларын аудару. Оқушыларды 4 топқа бөлу. Топ жетекшілерін сайлау.
Топ жетекшілерінің міндеттерін түсіндіру. Сабақтың жарыс түрінде өтетінін және топтың жұмысы бағаланатынын ескерту.










