Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы
№ 182 мектептің музыка пәні мұғалімі
Ағыбаева Индира Әбдіәлімқызы
Сабақтың тақырыбы: Ән айту ережелері
Сабақтың білімділік мақсаты: Әннің орындалу әдіс – тәсілдеріне, ережелеріне тоқтала отырып, оқушылардың білімін тереңдету.
Дамытушылық : Әр оқушының мүмкіндігін, қабілетін, музыка өнеріне деген қызығушылығы мен ынта – ықыласын дамыту.
Тәрбиелік : Оқушылардың музыкаға деген ынтасын тудыру арқылы рухани байлығын арттыру, қайырымдылық пен мейірімділік, адамгершілік, ізгілік парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың типі : Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі : Түсіндірмелі, СТО әдісі, «араласқан сөздер», «сиқырлы таяқша» тәсілі, суретті тану.
Көрнекіліктері : Баян, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, өнер
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру
Ү. Жаңа сабақты бекіту
ҮІ. Қорытындылау
ҮІІ. Үйге тапсырма
ҮІІІ. Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу. Олардың назарын сабаққа аудару.
Балалар, бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл – күймен өткізейік. Олай болса,
бір – бірімізге жақсы лебіздер айтып сабағымызды бастайық.
1. Намысты бол
2. Табысты бол
3. Жігерлі бол
4. Әділ бол
5. Сезімтал бол
6. Жаңашыл бол
7. Салмақты бол
8. Турашыл бол
9. Шешен бол
10. Өнерлі бол
Дауыс жаттығуы :
1. М : Күй сандықты ашайық
О : до – до – до
М : Тілдерін біз басайық
О : до – до – до
М : Бас дыбысты бастайық
О : до – до – до
М : Жайлап әнге салайық
О : до – до – до
Бірге : До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до
До, си, ля, соль, фа, ми, ре, до
2. М : Шалқып шығар сонда күй
О : до – до – до
М : Бәрі до – дан басталар
О : до – до – до
М : до – ны қоштар басқалар
О : до – до – до
М : До – ны қоштар басқалар
О : до – до – до
Бірге : До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до
До, си, ля, соль, фа, ми, ре, до
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау :
Үйге берілген тапсырманы сұрау.
1. «Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері».
2. Ән орындау. Абай «Қараңғы түнде тау қалғып».
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
1. Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері дегеніміз не?
2. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы дәстүрлі ән өнеріне зор үлес қосқан әнші – композиторларды ата?
3. Қандай дәстүрлі әншілік өнер мектептері бар?
Қазақстанның орталық және солтүстік өңіріндегі
Сыр бойындағы Оңтүстік және Жетісу өңіріндегі
Шығыс өңіріндегі Батыс өңіріндегі
4. Осы өнердегі өздерің таныс болған әнші – композиторлардың бейнесін суреттер арқылы тани аласыңдар ма?
5. Дәстүрлі халық әндерін жинақтап, нотаға түсірген кімдер?
Мұғалім сөзі : Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Қазақстанның әр өлкелерінде өз ерекшеліктерімен әр түрлі болып келеді. Олай болуының себебі бір – бірінен алшақ, кең байтақ даламыздың әр түкпірінде жатқан қалың жұрт ән айту өнерін өздерінше дамытып, өздерінше қалыптастырған. Бірақ бұл әсте қазақтың ән айту өнерінің кемшілігі емес, керісінше ауқымының кеңдігін, көркемдік байлығын көрсетеді. Бүгінде ән айту өнері жандана жалғасын тауып, әрі қарай дами түсті.
ІҮ. Жаңа сабақ. Ән айту ережелері.
Тақтадан хормен ән салып тұрған балалардың суреттері көрінеді.
– Балалар, мына суреттен біз кімдерді көріп тұрмыз? (Қолдарын төмен түсіріп, тік тұрып ән салып тұрған балаларды көріп тұрмыз.)
Түрлі аспаптармен өзі сүйемелдеп, өзі ән айтатын дәстүрлі ән өнерімен таныссақ, ал бүгінгі сабағымызда осы әнді қалай орындау керек ережелерімен танысамыз. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ән айту ережелері».
(Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы шығады.)
Сабақтың мақсаты :
Әнді дұрыс айту үшін алдымен оның орындалу әдіс – тәсілін, ережелерін білу қажет. Ал, жалпы әншілік өнердің кім – кімге де артықтығы жоқ екендігі туралы болмақ.
Жаңа сабақ
Мұғалім сөзі : Әнді дұрыс айту үшін алдымен оның орындалу әдіс – тәсілін, ережелерін білу қажет. Балалар, ән айту үшін ең әуелі қалай тыныс алу керектігін үйреніп, дыбысты шығару үшін оны қалай пайдалануға болатынын біліп алғандарың жөн. Адам денесіндегі тыныстық ауа легін жинайтын мүше – өкпе. Сол өкпеде жиналған ауаны үн шығаратын көмей арқылы ән айту барысында музыкалық сөз тізбегіне (фразаға) лайықтап шығарады. Әрбір сөз тізбегіне байланысты әнші жаңадан тыныс алып отырады. Ән айтқанда көмейден шыққан дыбыс тыныс жолдары – жұтқыншақ, ауыз қуысы, кеуде, бас, кеңсірік, дыбыс тербелістерін жасаушы (резонаторлық) дене мүшелері арқылы күшейіп естіледі. Яғни дұрыс тыныс алу – әншілік өнердегі басты алғышарттардың бірі. Дұрыс тыныс алу мен оны тиісті сөз тізбегіне шақтап пайдалану – дыбыстың да, сөздің де әрі айқын, әрі екпінді шығуының кепілі. Енді, балалар, әншінің отырыс – тұрысына, денесін қалай ұстау керектігіне назар аударайық. Мысалы, әнші денесін болбыр ұстап, сергек сезінбесе немесе бүкірейтіп, қисайып, шалқайып, дұрыс тұрмаса, дыбыс шығарушы дене мүшелерінің қызметі төмендейді. Сөйтіп ән өз дәрежесінде шықпайды. Сондықтан да ән салғанда дене мүшелерін дұрыс ұстау керек.
Ән айту ережелері
1. Әнді айтқанда қолды төмен жіберіп, денені тік, түзу ұста, иығыңды көтерме.
2. Әнді бастар алдында асықпай ішіңнен дем ал.
3. Әнді құр жаттап айтпа, шығарманың көркемдік мәнін сезіне отырып, өлеңнің сөздерін анық, түсінікті орында.
4. Әнді айқайламай, мәнерлеп айт.
5. Әннің әуенін таза, дыбыс биіктіктерін анық сезе отырып орында.
6. Үйретілген әнді сүйемелдеусіз орындау барысында өз даусыңды бақыла.
7. Музыкалық сөйлемді толық, үзбей орында.
Ән үйрету.
Ән біздің жарқын болашағымыз туралы. Әнді тыңдамастан бұрын араласып кеткен сөз тіркестерін өз орнына дұрыс қоя білсеңдер, әннің мәтінін оқи аласыңдар.
Араласқан сөздер.
1. Шақырады – (асқар мынау),
Ақша бұлтқа – (оранған).
Жүрген сайын, – (достарым – ау),
Ашылады – (жол алдан).
Жол жыры
Әнін жазған Ш. Қалдаяқов
Сөзін жазған Т. Молдағалиев
1. Шақырады асқар мынау,
Ақша бұлтқа оранаған.
Жүрген сайын,достарым – ау,
Ашылады жол алдан.
2. Көк өзендер көбік шашып,
Бізді келіп көр дейді.
Жолда жүру қандай жақсы,
Жол биікке өрлейді.
3. Төбемізде жанады күн,
Күн қызығын көрейік.
Жиып әкеп дала гүлін,
Анамызға берейік.
1. Әнді тыңдатамын
2. Ән туралы сұрақтар қойылады. (Ән не туралы? Қандай екпінде? Қайырмасы бар ма? Көз алдарыңа нені елестете аласыңдар?)
3. Фраза бойынша үйрету
4. Әнді толықтай орындау
5. Әр қатарға бөліп орындау.
Дәптермен жұмыс
(Дәптермен жұмыс кезінде үнтаспадан музыка ойнап тұрады. Оқушылар ән айту ережелерін дәптерлеріне жазып алады.)
Ү. Бекіту.
– Балалар, бүгінгі сабағымыз аяқталуға да жақын. Алған білімдеріңді қорытындылай келе мына сұрақтарға жауап алайық.
1. Адам денесіндегі жыныстық ауа легін жинайтын мүше?
2. Әншілік өнердегі басты алғы шарттардың бірі?
3. Ән айтқанда қалай тұру керек?
4. Әнді қалай орындау керек?
5. Қандай ән үйрендік?
ҮІ. Қорытындылау.
«Сиқырлы таяқша». Мұнда таяқша арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін және өз пікірлерін айтады.
ҮІІ. Үйге тапсырма.
1. Ән айту ережелері.
2. «Жол жыры» әнін жаттап келу.
ҮІІІ. Бағалау.