МУЗЫКА Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті Қазалы аудандық балалар әуез мектебі «фортепиано» класының оқытушысы II санат Iзмаханова Құралай Еламанқызы «Қазақстан Республикасының Мемелекеттік рәміздері» атты тәрбие сағаты
Табиғатым тамаша
Көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап
Жүрейінші жараса
Сәлем саған жер ана!
Сәлем саған нұрлы күн.
Аман – есен болайық
Бейбітшілікті қалайық.!!!!
Армысыздар құрметті оқытушылар, қонақтар!!!!
“ Қазақстан республикасының рәміздері»
атты тәрбие сагатына кош келдіңіздер!!!!
-Отан деген не? Отан дегеніміз –адамның туып өскен жері,туған-туысқандарымен ,жақындарымен тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны-Қазақстан Республикасы.
Әрбір мемлекет үшін отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлануынан басталады.
Өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздер дуниеге келді.
Тәуелсіз ҚР рәміздерін жасау бүкілхалықтық сипат алып, көптің ісіне айналуы да кездейсоқ емес. Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы ғажайып шығармашылық белсенділікке жол ашты.
Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән берді.
Мемлекеттік рәміздеріміздің ресми хатталуының да өз тарихы бар. Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «ҚР Мемлекеттік әнүранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойды.
Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар. Біздің мемлекетіміздің рәміздері — Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.
1. Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй.
Мектебіміздің хор класының оқытушысы Опабекова Айнурдың әнін қабыл алыңыздар!!!
Біздің мемлекеттік туымыздың түсі – көк. Көк түс аспанның белгісі. Бұл киелі түс — бірлік пен ынтымаққа шақырып, барлық халықтар үшін әрдайым тыныштық, бейбітшілік пен береке символына айналған.
Көк түс қазақ халқының ұлттық реңі деп саналады. «Көк» сөзінің көне түркі тіліндегі бір мағынасы «шығыс», «шығыстық» деген ұғымға сәйкес келеді. Яғни, тудың түсінен белгілі бір нақты географиялық ақпарат алуға болады. Ол геральдика тілінде бүкіл әлемге Қазақстан жер шарының шығысында орналасқандығын, Ұлы дала өркениетінен бастау алатын, тамыры тереңде жатқан шығыс мәдениетінің өкілі екендігін баян етіп тұрғандай.
Ал, күн бейнесі — байлық пен береке белгісі. Күн бейнесін салу арқылы қазақ елі өзінің жалпы адамзаттық құндылықтарға ортақтастығын және халықаралық қауымдастықтың бір бөлігі екендігін аңғартып тұр.
Қыран бүркіт образы қазақ халқының ұлттық дүниетанымында еркіндік, бостандық сүйгіштік, ерлік, жоғары аңсар, жан дуниесінің кеңдігі, асыл мұрат, жүрек тазалығы сияқты адамгершілік асыл ұғымдармен астасып жатады.
Ал, енді саяси тұрғыдан келсек ол – мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді.
Мемлекеттік рәміздерімізге шетелдік мамандар жоғары баға берген, сонымен қатар рәміздеріміз әлемдік каталогқа енген.
Мемлекеттік рәміздердің зор тәрбиелік мән, мағынасы бар. Жай ғана мысал, Олимпиада ойындарындағы өз спортшыларымыздың жеңісі кезіндегі мемлекетіміздің көк байрағының желбіреуі әрбір азамат үшін зор мақтаныш, үлкен эмоция тудырады.Сонымен қатар мемлекеттік рәміздердің үлттық патриотизмді және жалпы қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы қызметі, орны ерекше екені даусыз.
.Ұлттық әдептілік қасиеттердің бір үрдісі –ел Туын елжірей сүйіп,құдірет тұтып,құрметтей білу болып табылады. Әрқашанда төбемізге көтеріп ,тәлім алып көк байрақ –Туымызға тәжім етеміз.
Государственный Флаг Республики Казахстан представляет собой прямоугольное полотнище голубого цвета с изображением в его центре солнца с 32-мя лучами, под которым — парящий степной орел. У древка — вертикальная полоса с национальным орнаментом. Изображения солнца, лучей, орла и орнамента — цвета золота. Отношение ширины Флага к его длине: 1:2.
2. «Біздің ту» — Алиянур.
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашан да,
Биікке іліп қояды.
Жанатындай өзі отта,
Жалын шарпып бетіңді.
Туымыз да қазақша
Сөйлеп тұрған секілді.
Туымызға жас тұнған,
Бір қарамай өтпейміз,
Сол көк тудың астында
Көгереміз көктейміз
Жанарын жалынды егілген
Жанынды жадыратар тілегімен
Ізгілік иманымен нәр беретин
Ляззат ал әншілердің жүрегінен.
3.«Көктем әні» орындайтын: Теміралы Нұршат.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеті елтаңбасының негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi.
Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.
Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi.
Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол — өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары — Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.
Государственный Герб Республики Казахстан.
Герб имеет форму круга. В мире самой совершенной формой считается форма шара. А круг как самый близкий к этому совершенству элемент, особо ценится у кочевников. Круг как элемент геральдики имеет применение везде, но он в особом почете и уважении у восточных кочевников. Это символ жизни, вечности.
- Центральным элементом, вобравшим в себя основную идею нашего Герба, является шанырак — круговое навершие купола юрты. Шанырак — символ семейного благополучия, мира, спокойствия. Мастерски, эффективно и красиво изображенный тундык — зенитное отверстие юрты, напоминает яркое солнце на фоне голубого, мирного неба. Купольные жерди — уык, равномерно расходящиеся от центра по голубому пространству Герба, напоминают лучи солнца — источник жизни и тепла. Авторам удалось решить проблему изображения кереге — раздвижных решетчатых основ юрты. Крестообразные, тройные, кульдреуши шанырака символизируют единство трех жузов, которое обеспечивает его прочность. Таким образом, языком геральдики авторы отражают миролюбивую сущность казахов. Призывают все народы республики под общий шанырак, стремиться превратиться в крепкие мощные несущие конструкции нашего общего дома — Казахстана.
4. «Елтаңба»- Ева.
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй,
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі,
Мұнда да бар ерлігім,
мұндада бар жер күші.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні — осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда орындалатын музыкалық-поэтикалық туынды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады.
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев.
Алтын кун аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермегең
Қазағым мықты ғой.
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемің, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
6. «Әнұран»- Перизат.
Әнұраным-жан ұраным
Айтар әнім,сөйлер сөзім.
Туған жерім-сағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп.
Туымыздың көне күнін,
Даламыздың байтақ үнін ,
Ол әні ғой жүрегімнің
Мың қайталап айтам мұны.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің
пайдаланылуын реттейтін заңнама
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін орналастыру және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде
айқындалады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын
пайдалану тәртібі
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мынадай орындарда міндетті түрде көтеріледі (тігіледі, орналастырылады):
1) Қазақстан Республикасының Президенті Резиденциясының, Парламентінің, Сенат пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Конституциялық Кеңестің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының ресми мекемелерінің, шетелдегі мекемелерінің басшылары резиденцияларының ғимараттарында және сол мемлекеттің протоколдық практикасына сәйкес көлік құралдарында — ұдайы;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары төрағаларының, Премьер-Министрдің, Мемлекеттік хатшының, Конституциялық Кеңес Төрағасының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының және жергілікті соттары төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің басшыларының, жергілікті өкілді және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері басшыларының кабинеттерінде — ұдайы;
3)мемлекеттік органдардың ғимараттарында алғаш ашылған кезде, салтанатты
жағдайда;
4)Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери құрамаларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде және мекемелерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында — Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері күндерінде, ант қабылдау кезiнде;
5) мемлекеттік органдар, мемлекеттік ұйымдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар өткізетін рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шаралар кезінде;
6) жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында — жаңа оқу жылының ашылу және оқу жылының аяқталу рәсімдері кезінде;
7) Қазақстан Республикасына мемлекеттік және ресми сапарлармен келген шет мемлекеттердің мемлекет басшыларымен, парламенттері мен үкіметтерінің басшыларымен кездесу кезінде.
Қарулы Күштердің әскери құрамаларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Туды пайдалану (тігу, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.
Ғимараттарға тұрақты тігілген Мемлекеттік Туға тәуліктің қараңғы мезгілінде жарық түсіп тұруға тиіс.
Мемлекеттік Ту басқа да ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің еркі бойынша көтерілуі (тігілуі) мүмкін.
7. «Танец» Брусиловский. Орындайтын Бисембаев
Моисей.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын
пайдалану тәртібі:
1. Мемлекеттік Елтаңба міндетті түрде: 1) Қазақстан Республикасы Президенті Резиденциясының, Парламенттің, Сенат пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, Қарулы Күштердің әскери құрамаларының, бөлімдерінің, бөлімшелері мен мекемелерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың ғимараттарында — ұдайы;
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының, Үкіметтің үйлестіру және жұмыс органдарының отырыстары өтетін залдарда, Конституциялық Кеңестің отырыс залдарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының сот мәжілісі залдарында, орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың алқа отырыстары залдарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік наградалары тапсырылатын залдарда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің қабылдау залдарында, сондай-ақ бала тууды және некені тіркейтін үй-жайларда — ұдайы орналастырылады.
Қарулы Күштердің әскери құрамаларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Елтаңбаны орналастыру тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.
3) Мемлекеттік Елтаңбаны қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдар елтаңбаларының геральдикалық негізі ретінде пайдалануға болмайды.Мемлекеттік Елтаңбаның бейнесі әскери немесе өзге де мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар үшін белгіленген айырым белгілері мен нысанды киім үлгілерінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларының элементі немесе геральдикалық негізі ретінде, сондай-ақ спортшылардың спорттық костюмдері мен басқа да спорттық керек-жарақтарында пайдаланылуы мүмкін.
8. «Қарлығаш әні» орындайтын.Теміралы Нұршат.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін
пайдалану тәртібі
1. Мемлекеттік Гимн: 1) Қазақстан Республикасының Президенті қызметке кіріскен кезде — ол ант бергеннен кейін; 2) Қазақстан Республикасы Парламенті сессияларының ашылуы және жабылуы кезінде; 3) Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелеріне, сондай-ақ өзге де салтанатты іс-шараларға арналған жиналыстар мен мәжілістердің салтанатты ашылуы кезінде;
4) телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды жүзеге асыруға лицензиясы бар бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радиобағдарламалары эфирге шыққан кезде тәулік сайын, олардың хабар таратуы басталғанда және аяқталғанда; 5) Қазақстан Республикасы халқының өміріндегі аса маңызды тарихи оқиғаларды атап өту құрметіне ескерткіштерді, монументтерді, құлпытастарды және басқа да ғимараттарды ашу кезінде;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктері мен өзге де ұйымдары өткізетін рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шаралар кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілген кезде;
7) Қазақстан Республикасына мемлекеттік немесе ресми сапармен келген шет мемлекеттердің басшыларын қарсы алу кезінде — тиісті шет мемлекеттің мемлекеттік гимні орындалғаннан кейін;
8) жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылының ашылу және оқу жылының аяқталу рәсімдері кезінде, сондай-ақ өзге де салтанатты іс-шаралар өткізілген кезде; 9) Қазақстан Республикасының ұлттық (құрама) командасы қатысатын спорттық іс-шаралар өткізілген кезде орындалады.
9.Құрметті қонақтар!! Сіздердің назарларыңызға
Мектеп оқытушысы Косуақовтың Ақылбекиің Орныдауында «____________» ұсынамыз!!! қабыл алыңыздар!
Қадірменді ағайын!!!!
08.04.2011.ж.Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісуінің салтанатты рәсімі болып өтті.
Рәсім Тәуелсіздік сарайындағы Үлкен залға Мемлекеттік Ту, Президенттің штандартын және Қазақстан Республикасының Конституциясын салтанатты түрде әкелумен басталды.
Мемлекет басшысының кортежі «Ақорда» Президент сарайынан шығып, «Қазақ Елі» монументі алаңына келді. Мемлекет басшысына қолдау көрсету үшін алаңға 40 мыңнан астам астана тұрғындары мен қонақтары жиналды. Алаңда кілем төлеген жолдың ұзына бойына әскердің парадтық есебі сап түзеген.
Артиллериядан залп беріліп, Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайына келіп кірді. Ол жерде жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президентіне Республикалық Ұланның қолбасшысы А. Тасболатов рапорт берді.
Тәуелсіздік сарайының Үлкен залында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Рогов Конституцияның 42 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына ант берген сәтінен бастап қызметіне кірісетінін жария етті.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев оң қолын Республика Конституциясына қойып, ант берді:
Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін!Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалу барысында 21 рет артиллериялық залп берілді.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырды.
Тәуелсіздік сарайының Үлкен залында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Рогов Конституцияның 42 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына ант берген сәтінен бастап қызметіне кірісетінін жария етті.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев оң қолын Республика Конституциясына қойып, ант берді:
Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалу барысында 21 рет артиллериялық залп берілді.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырды Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне кірісуі салтанатында сөйлеген сөзі. 08.04.2011ж.
Құрметті халайық, қадірменді қонақтар!
Ықылас білдірген ардақты әлеумет!
Халқымызда «Көп тілегі – киелі, жұрттың сөзі – уәлі» — деген дана сөз бар.
Мен жаңа ғана Қазақстан Президенті ретінде ата-бабаларымыздан қалған ақ киіздің үстінде тұрып, салтанатты түрде ант бердім.
Менің айнымас антым – аманатқа адалдықтың, сенімге серттің белгісі!
Ақжүрек жұртымның қалтқысыз сенімі қашанда маған орасан зор жауапкершілік жүгін міндеттейді.
Мен үшін ел үмітін ақтағаннан, жұрт сенімін сақтағаннан асқан бақыт жоқ.
Менің мынадай сайлаудағы бүгінгі жеңісім – бұл халқымның ынтымақ-бірлігінің мәуелі жемісі.
Халқымның қолдауы маған сарқылмас күш-жігер береді.
Біздің бағдарымыз – айқын, ендеше, болашағымыз – жарқын!
Біз кемел келешегіміздің берік іргесін бірге қалаймыз!
Баршаңыз білесіздер, біз тәуелсіздік жылдарында бар игілікті істі жарқын болашақ үшін жасаудамыз.
Сондықтан, сайлауда болашағымыз – жастардың белсенді түрде маған дауыс бергені мені ерекше тебірентеді.
Таяуда мен Нарғыз Иманғазы деген осы астаналық бүлдіршін ақын қыздың жыр жолдарын тыңдадым.
Онда былай деп айтылған:
Тәуелсіздік, атың қандай киелі!
Сені қорғау – әр қазақтың парызы,
Әр қазақтың сен деп соғар жүрегі!
Тәуелсіздік – қандай ғажап бұл ұғым!
Кіп-кішкентай қыздың осындай өлеңдерін шығарып, жүрегінен айтуы, осындай тәуелсіздіктің қадірін жете сезінетін отаншыл, мемлекетшіл жасөспірімдердің өсіп келе жатқаны мені ерекше қуанышқа бөлейді.
Біздің тамырын тереңге тартқан мәңгілік ұлы мұратымыз бар:
Ол – тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтап, елдігімізді тұғырлы, мемлекетімізді ғұмырлы ету!
Елімді төрткүл дүниеде терезесі тең еңселі жұртқа, абыройы асқан айбынды елге айналдыру – менің өмірлік те өршіл мұратым.
Сондықтан, мен күш-қуатым барда, тәжірибем барда тілегі бір елдің тірегі болып қызмет ете беруге қашанда дайынмын.
Әр қазақстандықтарға, әр жанұяға, әрқайсыларыңызға шын жүрегіммен құрмет, ақ ниетіммен зор денсаулық, бас аман болсын, ел-жұртымыз аман болсын, әр жанұяда бақыт пен береке орнықсын деп тілеймін.
— Тәуелсіздіктің 20-шы жылдығында бүкілхалықтың таңдауымен Мемлекет басшысы болып сайлануым, бірегей көпұлтты елімнің Лидері миссиясын жалғастыруым мен үшін үлкен құрмет. Мен осы сайлауда маған шынайы қолдауын көрсеткен барша қазақстандықтарға зор ризашылығымды білдіремін. Бұл біздің туған Қазақстанымыз қол жеткізген, осындай табысты мемлекетті құру жолындағы біздің ортақ еңбегіміздің ең жақсы бағасы! Мен күллі әлем бойынша біздің елдің шын ниетті барлық достарына шын жүректен алғысымды айтамын. Өздеріңіз білетіндей, мен Ресей, Қытай, ТМД елдері мен Еуроодақ және өзге де көп елден көптеген құттықтаулар алдым. Мен оларды ризашылық сезіммен қабыл аламын, өйткені оларда – тек қазақстандықтарға ғана емес, сондай-ақ біздің стратегиялық бағытымызға деген шынайы қолдаулар білдірілген, — деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.
Президент өткен сайлау тек қазіргі заманғы Қазақстан тарихындағы ғана емес, сарапшылар есептейтіндей, бүкіл Орталық Азиядағы ең жақсы ұйымдастырылған және демократиялық сайлау болғанын атап өтті.
Баршаңызға зор рахметімді айтамын!
10. Құрметті қонақтар!!! Келесі кезекте Құрманғазының «Балбырауын» күйін назаоларыңызға усынамыз!!! Орындайтын: ТОЛЕШ АРМАН 3 КЛАСС ОҚУШЫСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАЙРАҒЫ —
мемлекет басшысының жоғары лауазымдық белгілерінің бірі.
ҚР Президентінің 1995 ж. 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы және оның айырым белгілерінің ресми пайдаланылуы тәртібі туралы» Жарлығына сәйкес ресми айырым белгілері мен орналасатын жерлері белгіленді. Ол көгілдір түсті (мемлекеттік тумен түстес), тікбұрыш нысанындағы ені мен ұзындығы үштен екіге сәйкес келетін кездеме. Ортасында қанатты барыстың үстінде оң қолын жоғары көтеріп отырған сақ дәуірінің жас көсемі алтын шеңбер ішінде бейнеленген. Кездеме үш жағынан алтын шашақпен көмкерілген. Сабына ҚР Президентінің мемлекеттік тілде тегі, есімі мен әкесінің аты және сайланған уақыты өрнектеліп жазылған күміс тақтайша бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы үнемі Елбасының жанында болады және шет елге сапарға шыққанда бірге алып жүреді.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң байрағы және оның айырым
белгiлерiнiң ресми пайдаланылу тәртiбi туралы Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 29 желтоқсан N 2736
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Республика Президентiнiң байрағы мен омырау белгiсi мемлекеттiң ең жоғары лауазымды адамының ресми айырым белгiлерi болып табылады деп белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасы Президентi байрағының сипаттамасы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
3. Былай деп белгiленсiн:
1) Қазақстан Республикасы Президентi байрағының эталоны орналасатын жер Қазақстан Республикасының астанасындағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясындағы қызмет кабинетi болып табылады;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң байрағы Республика астанасындағы Мемлекет басшысы тұратын Резиденцияда, оларда Республика Президентi болған уақытта басқа резиденциялар үстiнде, Республика Президентiнiң көлiк құралдарында орнатылады.
4. Республика Президентiнiң омырау белгiсi мемлекеттiк мекемелер құрметiне, әскери парадтар, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ресми адамдарын қабылдау, Республика Президентi атынан өткiзiлетiн ресми қабылдаулар, Парламент сессиясын ашу, мемлекеттiк наградаларды тапсыру кезiнде, сондай-ақ Республика Президентi салтанатты кеште немесе концертте құрметтi қонақ болған не қатысқан, ресми телевизиялық сұхбат берген кезде, шетелдiк сапарлар уақытында қабылдаушы тараптың хаттамасына сәйкес тағылуы мүмкiн деп белгiленсiн.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы — Еуразия құрлығындағы мемлекет. Құрлықтың орталық бөлiгiнде орналасқан.
Халық саны — 16, 036 млн. адам. Халықтың тығыздығы: 1 шаршы метрге. 5,9 адам.
Астанасы- Астана (1997 жылғы 10 желтоқсаннан) бастап. Халық саны 684,0 мың адам.
Қазақстанда 14 облыс, 86 қала, оның 41-і – республикалық және облыстық бағыныстағы, 175 аудан, 35 кент, 34 кенттік және 2468 ауылдық (селолық) әкімшілік бар.Мемлекеттік тілі — қазақ тілі, мемлекеттік мекемелерде және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми тіл ретінде қазақ тілімен тең қолданылады.
Ұлттық мерекелер – 30 тамыз – Конституция Күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік Күні
Ақша бірлігі – теңге, 1 теңге = 100 тиын. 1993 жылғы 15 қарашада енгізілген.
Құрметті қонақтар!!!! Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне арналған тәрбие сағат осымен ақяталды!!! Амандыққа жүздесе йік Ағайын!!!!
ii
