Музыка

музыка

       Жұлдызбаева  Римма  Абубакировна

Қызылорда облысы  Қармақшы  ауданы  Төретам кенті

   № 80  мектеп-гимназиясының   ән-әуез пәнінің мұғалімі

 

Тақырыбы: «Жалынды ақын – Махамбет»

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға  Махамбет  Өтемісұлы  туралы  мағлұмат  беру және музыкалық  сауатын  ашу.

ә) Дамытушылық: Балалардың есте сақтау, музыкалық  қабілетін арттыру.

б) Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие бере отырып, оларды қазақ халқының тарихи тұлғаларын қастерлеуге

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Типі: аралас, ойын

Әдісі: әңгімелесу, ой қозғау, сұрақ-жауап

Пән аралық байланыс: ана тілі, математика

Көрнекілігі: музыкалық аспап, мультимедия, ДВД, слайдтар, домбыра.

Қолданылған әдебиеттер: музыка 3 класс, музыка әлемінде.

І. ұйымдастыру кезеңі

Амандасып, балалар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Терме дегеніміз не?
  2. Бұқар  жырау  Қалқаманұлы
  3. Бүтін нота

ІІІ. үй тапсырмасын бекіту

«Адасқан ноталар» ойыны.

ІV. Жаңа сабақ түсіндіру

Жалыңды ақын – Махамбет

Махамбет Өтемісұлы  1804 жылы Орал  облысының  Орда ауданында  дүниеге келген. Махамбет өлеңдері  мен күйлері күрес-тартыс  үстінде  туды. Сол өлеңдердің  көбі  нақыл, терме түрінде болып  келеді.  Сондықтан  жыршылар Махамбет жырларын  белгілі бір мақалға сонып орындаған. Ондай термелерді Отан қорғауға шақыратын  үгіт терме деп те атауға  болады.

—        Балалар олай  болса қазір біз терме тыңдайық. Термені Ерболат Құдайбергенов орындайды.

Музыка тыңдау: «Махамбеттің термесі»

—        Балалар бұл терме қандай екпінде  орындалып тұр? (жүрдек)

Балалар енді осы жерде аялдама етіп (жасап) сергіту  жаттығуын жасап жіберейік.

 

Музыкалық сауат: Жарты немесе жартылық нота

 

 

Саналу реті:      — 1 еу, 2 еу. (математикалық байланыс)

«Бөлінген бүтін нотамыз-

Екі жарты нотаңыз.

Таяқша тіркеп салғанымыз –

Бүтіннен  бөліп алғанымыз»

 

 

Ән үйрену: К. Дүйсекеевтің әні «солдат болам мен ертең»

Дауыс жаттығуын жасау.

а) Әнді өзім орындап беру

ә) Әннің мазмұнын түсіндіру

б) Әннің мәтінін  оқыту

в) Әннің әуенін үйрету

г) Әнді хормен, топпен, жеке  орындау

  • Балалар ән қандай екпінде  орындалады екен?

 

Дамыту ойыны: «Музыкалық шеңбер»

V. Жаңа сабақты бекіту

«Не білдім, не ұқтым?» (сұрақ-жауап) (шарлармен)

 

VІ. Сабақты қорытындылау

Семантикалық картамен жұмыс

VІІ. Бағалау

VІІІ. Үйге тапсырма беру

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.