Ақтобе қаласы
№30 орта мектебі
музыка пәні мұғалімі:
Базарова Инжу Нұрсұлтанқызы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жайлаумен, киіз үймен таныстыру а)оқушыларды әнді таза айтуға үйрету; ә) оқушылардың естіп,қағып алу; б) ұлттық өнерді құрметтеуге үйрету;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:төрт түлік малдардың суреттері, нота кілті, киіз үй макеті, музыкалық аспаптар баян, күйсандық,үн таспалар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру 2.Үй тапсырмасын 3. Сергіту- жұмбақтар шешу 4.Жаңа тақырып 5. Дауыс жаттығулары-әндер орындау 6.Жаңа ән үйрену
І.Оқушылармен музыка әуенімен амандасу
Оқушыларға сұрақтар қойылады — Оқушылар, өткен сабақта не туралы оқып, үйрендік? -Төрт түлік малдарға нелер жатады? -Төрт түлік малдардың пірлері мен төлдерін атаңдар? -Төрт түлік малдардың адам өмірінде қандай пайдасы бар?
ІІ.Төрт түлік туралы жұмбақтар шешу (оқушыларға бірнеше жұмбақтар қойылады). Балалар-ау, балалар, Мен бір жұмбақ айтайын. Кім жауабын таба алар, Зерегіңді байқайын.
Ертеменен айқайлап, Қайда екен деп ақылдым. Ауқау-ауқау, ауқаулап, Қай төлді мен шақырдым? Бұзау
Шұнтыңдаған неме деп, Қоса жақсы келер деп, Шөре-шөре, шөрелеп, Қай төлді мен шақырдым? Лақ
Жүрмесін деп қалыс қап, Қайта-қайта дауыстап, Қауыс-қауыс, қауыстап, Қай төлді мен шақырдым? Бота
Құйрық-жалы сусылдап, Тез жетсін деп зуылдап, Құрау-құрау, құраулап Қай төлді мен шақырдым? Құлын
Бәрі- бәрі келгесін, Бөгелейін мен несін. Бастап кеттім жайлауға Суға қансын, шөп жесін. Бала бар ма, білетін, Дәл табады мұны кім? Шақырғанда келетін Қандай-қандай түлігім?
1.Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. Түйе 2.Кішкене ғана бойы бар Айналдырып киген тоны бар. Қой 3. Қамыс құлақ Тостаған тұяқ Мінсең шабат, Ерге қанат. Сүті- дәрі, Еті- тамақ. Жылқы
ІІІ. –Төрт түлік мал қайда өсіп өнеді? — Ендеше, ауылға саяхат барайық (Оқушылар музыка әуенімен, ат үстінде отырған қимылмен ауылға аттанады) — Міне, оқушылар, біздер ауылға да келіп жеттік. Ауылдағы ата,әжелеріміз қандай үйде тұрады? -Киіз үйде. Оқушыларды киіз үй құрылысымен таныстыру. Сүйегі- кереге,уық, шаңырақ,есік-(сықырлауық)
ІҮ.Дауыс жаттығуы Төрт түлікті төлдетіп, Күрпілдетіп мал саусақ. Сүт бұлағын селдетіп, Ағызады он саусақ. -Малдың төлдеуін қалай атайды? Малдың төлін емізуге шақыру. Б.Ғизатов Төлдер Ақ қошақан қайда екен?
Ү.А.Бисенова Тұлпарым -үйрену.
ҮІ.Оқушыларды марапаттау.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.








