Айтыс
Ақтобе қаласы
№30 орта мектебі
музыка пәні мұғалімі:
Базарова Инжу Нұрсұлтанқызы.
Сабақтың тақырыбы: Айтыс
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ақын шығармашылығында айтыс өнерінің қаншалықты орын алатындығы жөнінде мағлұмат беру
Міндеттері: а) оқушыларды ақындар айтысымен таныстырып, айтыс мазмұнын түсіндіру;
ә) айтыс туралы түсініктерін кеңейте отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
б) ұлттық өнерді түсініп, қадірлей білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суретті плакаттар, ағаш үй макеті, «кәмпит» сұрақтар, музыкалық аспаптар, домбра, баян, аудио кассеталар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
а) оқушылармен амандасып, түгендеу
ә) үй тапсырмасы бойынша оқушыларға сұрақ-тапсырмалар беріледі
Бәдік
Жар-жар
Қыз бен жігіт
Саяхат басталмас бұрын оқушылар сұрақтарға жауап береді
Айтыс өнері дегеніміз не?
Айтыс атауы қандай мағына білдіреді?
(оқушылар айтыс шаһарының ауылдарына саяхат жасайды)
Бірінші:Бәдік ауылы
– Бәдік айтысыдегеніміз не?
-Бәдік айтысының мазмұны қандай?
-Адасқан әріптердің орынын тап: Е, Т, Ь, У, Ы, Р, И, С, Й, Қ, О, Ы, Ж, Қ, Ы, Л
Екінші:Жар-жар ауылы
-Жар-жар айтысының ауылында немен таныстыңдар?
-Жар-жар айтысы қай кезде орындалады?
-Қазіргі кездегі Жар-жар әнін орындаңдар
Үшінші:Қыз бен жігіт ауылы
-Бұл айтыс түрі туралы не білесіңдер?
-Өлең шумақтарындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды табыңдар?
-ән орындау Ә. Байділдаев Не деу керек?
б) сергіту сәті Қазша қанатын жайды,
Аққуша мойынын созды,
Үйрекше келіп қонды – киіз үй
ІІ.Тойлы ауыл – жаңа тақырып
а) Төртінші ауыл: Жырға толы, сырға толы ақындар ауылы
– Жаңа тақырыпты түсіндіру
-Ақындар айтысынан үзінділер көру
-Болмасаң да ұқсап бақ- айтыстан үзінділер орындау
ә) ән үйрену – И. Нүсіпбаев Айтыс
б) нота сауаты – Міне, дәлел, ұғып таны, Лига қосты қос нотаны.
в) бекіту – Кәмпит сұрақтар
-Танысқан ауыл қалай аталады?
-Жар-жар әнінің мазмұны, орындалуы қандай?
-Айтыс әнінің композиторы кім?
ІІІ.Қорытынды
а) Бағалау – «Тойдан тарту» (тілек суреттерін тарату)
ә) Үйге тапсырма- «Қонақ кәде» И. Нүсіпбаев Айтыс. Ереже лига
