Қостанай облысы
Қостанай ауданы
« Совхоз орта мектебі»ММ
2 деңгей бітірген бастауыш сынып
мұғалімі Абеуова Рсалды Сағатовна
Математика. Күні: 21.02.2017 ж.
Тақырыбы: Алған білімдерін бекіту.
Оқу мақсаты: Қосу және азайту амалдардың өзара кері амалдар екенін түсінеді,жұп сан мен тақ сандарды біледі, компонеттер арасындағы байланысты түсініп,амалдардың орындалу ретін біледі.
Кейбір оқушылар:қосу және азайту амалдардың өзара кері амалдар екенін біледі;
: Барлық оқушылартеңдікті және теңсіздікті, теңдеуді біледі; тура және тура емес теңдікті ажырата алады;
Оқушылардың басым бөлігі: алған білімдерін өмірде қолданады;
Ресурстар: А4 пішіндегі қағаз парақтары, маркерлер, сандар, ламинатталған қағаз парақтары; асықтар,
Тілдік мақсаттар: Пәндік лексика және терминология:
– Толық сандар, 100 сан;
– Қосу мен азайтуды терминдер арқылы орыдау
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
– бірліктермен санағандай ондықтармен санауға болады;
– Бір ондықты қосу және азайту тәсілдері
– есептеуді тиімді тәсілмен орындау;
Сабақтың мақсаты: санда өрнектерді құрастыру,жазу, оқу және ажырату,компонеттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.Сандарды салыстыру,алған білімдерін бекіту.Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.
Ұйымдастыру. 3 мин
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметтпенен біз!
Тыныштық сәті:
Біз жылуды қайдан аламыз? (күннен)
Күннен жылу аламын
Жүрегіме саламын
Досыма сыйлаймын
Сәттілік тілеймін!
Бүгінгі сабағымыз жақсы аяқталуы үшін өзімізге және келген қонақтарға жақсылық,көтеріңкі көңіл күй тілейік!
Топқа бөлу. 4 мин
1 топ. Шаршы
2 топ Тіктөртбұрыш
3 топ. Үшбұрыш
4топ. Бұрыш.
1.Топ басшысын сайлау.
2. Топ ережесімен танысу..
(Әр топ өз аттарын тапсырмалар орындау арқылы қорғайды)
I Бір айналым сөйлесу. (сұрақ жауа) 5 мин
Қандай сандарды тақ сандар деп атаймыз?
Қандай сандарды жұп сан деп атаймыз?
Қарама- қарсы қабырғары бірдей геометриялық фигура қалай аталады?
Үшбұрыш дегеніміз не?
Шаршы дегеніміз не?
Қаламның ұшынан қалатын із
Бір нүктеден басталып шексіз сызылатын фигура
Санды өрнек дегеніміз не?
Қандай бұрыштарды білеміз
Ең кіші екі таңбалы санды ата;
Ең үлкен бір таңбалы санды ата;
Ең кіші бір таңбалы санды ата
Қосудың компонентерін ата
Азайтудың компоненттерін ата
Жазық фигураларды ата?
Ұзындықтың өлшем бірлігін ата? Мм, см, дм, км
Массаның өлшем бірлігі? Кг, г
Көлемнің өлшем бірлігі л
Бағалау: «Отшашу» әдісімен .
II Жұппен жұмыс. «Кубизм» әдісімен. 10 мин
2 + = 5 + =
10 – = 16- =
14 – = 9 + =
12 + = 20 – =
Бағалау: «Бармақ» әдісі
Серігіту:
III «Өз орныңды тап» ойыны. 10 мин
Мақсаты: Бір және екі таңбалы сандар қатарын білу,дағдыларын дамыту және берілген сандардың құрамын анықтау болып табылады.
1 ,2,3,4,5,6,7,8,9
1. Екі таңбалы сандар құру және құрамын анықтау.
Бағлау.
IV Барлық оқушылар талпынады.
Ламинатталған ақ қағазға маркермен жазып бір таңбалы сандарды дөңгелек санға айналдырып жазып мәнін табады.
1 + 3= 2 +6 = 3+ 3= 4+ 5=
10 + 30 = 20+60 = 30+ 30= 40+ 50 =
V « Хан талапай» ойыны
Әр топтан 2 баладан шығады , асықты шашып жіберемін, кім қанша асық алса санап, санын тақтаға жазады да салыстырады.
Бағалау,
V I Топпен жұмыс. Амалдардың орындалу ретін анықтау. Мәнін табу. 8 мин
1 топ 18 – ( 5 +3) = 2 топ 20 – ( 8 + 2) =
3 топ (9-4)+ 15 = 4 топ ( 16 – 6) + 10 =
Кері байланыс: «Білім ағашына» түсіндім (жасыл) түсінбедім (қызыл) әліде оқып білуім керек деген оқушы қолындағы стикерлерін жапсырады.









