Әлімбетов Қанат Сағындықұлы
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
№45 «Ақ Орда» мектеп гимназиясы
Бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі
Көркемдік қайсыбір эстетика мамандары айтқандай, дүниетану талпынысының долбарлы бастапқы сатысы емес. Немесе оны – жай бір жалпылама ұғымды бейнелі суретке қарамай көшіре салу әрекеті деп бағалауға болмайды. Көркем өнер ойшылдық өрісінің баянды бір көрінісі. Қазіргі кезде халықтың өнерге деген ынта-ықыласы анағұрлым артты. Халық шығармашылығын жаңғыртып одан әрі дамыту бүгінгі күннің көкей тесті мәселесі болып табылады. Осыған орай қазіргі таңда мектептерде бейнелеу өнері пәніне аса көп көңіл бөлінуде. Тәрбие берудің жалпы мақсаттарына сәйкес мектепте бейнелеу өнерін оқыту бірнеше мақсаттарды көздейді. Мәселен, қоғамның жан-жақты дамыған белсенді мүшесін дайындау,оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру негізінде эстетикалық және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие дегеніміз












