Ильясова Гулбаршын Шарафудиновна
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы
Жаңақала ауылы №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
| 4 сынып № 3 сабақ ІV тоқсан | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақ тақырыбы | Натурал сандар және нөл саны. Натурал санды қолдану | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Жалпы мақсаты | Натурал сандар қатарымен таныса отырып, оларды оқуға, салыстыруға, есептер шығаруға үйрену. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Күтілетін нәтижелер | А) Натурал сандар қатарымен танысады.
В) Сандарды оқып, жазып, салыстыра алады. С) Бірнеше амалдармен шығарылатын, логикалық есептерді шығара алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақ түрі | Топтық, жұптық, жеке жұмыс. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Керекті жабдықтар | Парақтар, ауызша жаттығулар, кестелер, жинақ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Кіріспе | Сыныпты топарға бөлу
(3 топқа бөлемін) Көктемде өсетін ең әдемі көпжылдық өсімдіктің бірі – қызғалдақ. Мен сіздерге бүгінгі сабағымызда әрқашан қызғалдақтай жайқала беріңіздер деп, қызғалдақ сыйлағым келеді. Енді қызғалдағымыздың күлтешелеріне үңілсек, оларда сандар жазылған. Кімде сандардың қосындысы – 10 болса, олар 1-ші топқа, кімде 20 болса 2-ші топқа, кімде 30 болса 3-ші топқа отырады. 10 20 30 САБАҚТЫҢ ЖЕТІСТІК ӨЛШЕМДЕРІМЕН ТАНЫСАЙЫҚ
Үй тапсырмасын тексеру |
Ойы шоғырланады, топтарға бөлінеді.
Жетістік өлшемдерімен танысады. Үй тапсырмасын бір – бірін тексереді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Тұсау
кесер |
Өлең – есеп
1. Көлден ұшты 50 қаз, 3. 11 түйе, бес жылқы. 4. Қолымда 55 алма Логикалық есептер 1. Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина, велосипед) дөңгелектерінің саны – он болады. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед тұр? (2 машина +1 велосипед ) 2. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? ( 5 бала ) 3. 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 ) 4. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең) 5. Үш сызықтан пайда болған фигура? (үшбұрыш) 6. Алматтың 20 теңге ақшасы бар.Гүлденнің ақшасы одан 3 есе көп. Екеуінде қанша ақша бар? (80) |
Өлең есептерді оқып, шешуін табады.
Логикалық есептерді шешеді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Негізгі бөлім | Бір, екі, үш, …, он, …, жүз, …, мың, … миллион, …, миллиард … – натурал сандар. Нәрселерді санау үшін натурал сандарды пайдаланады.
Нөл – натурал сан емес. Өсу ретімен жазылған 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, .., натурал сандар натурал қатар немесе натурал сандар қатарын құрайды. Қатарда алғашқы сан бар; ол – 1, бірақ ең соңғы сан жоқ, әрбір натурал саннан кейін одан 1 бірлікке артық келесі натурал сан келе береді. Енді натурал сандар құрамын еске түсірелік: 1) 123 259 236 – бұл санда неше класс бар? 2) 1 250 009 – бұл санда неше ондық бар? 3) 2 879 000 – санның разрядтарын ата 4) 245 698 245 – санының разрядтарын ата Оқулықпен жұмыс № 1 Сандарды салыстыр: 78 945 < 78946 67 090 < 67 190 125 891 > 125 881 259 051 > 250051 2 991 224 > 2 990 224 23 460 748 = 23 460 748 № 2 Постерге орындайды. І топ:Сандарды цифрмен жаз: 52 мың; 1 млн 100 мың; 108 мың 20 онд.; 132 мың 6 жүзд.; 7 млн 7 онд мың 10 бірл.; 8 жүзд. мың. 8 жүзд. 5 онд. 52 000, 1000100, 108 0 20, 132 600, 7 070 010, 800 850 ІІ топ: Санағанда мына сандардың алдында аталатын сандарды және артында аталатын сандарды жазыңдар: 52 000, 1000100, 108 0 20, 132 600, 7 070 010, 800 850 ІІІ топ: Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз: 4560; 7809; 45 087; 30 654; 899 789; 674 760 № 3 Әріпті өрнектердің мәнін тап. 1) 39*в-989, мұндағы в = 54; 612; 304; 39*54 – 989 = 2106 – 989 = 1 117 39*612*989 = 23 868 – 989 = 22879 39*304-989= 11856 – 989 = 10867 2) (105*18):d+205, мұндағы d=5; 15; 45; (105*18):5+205= 1890:5 = 378 + 205 = 583 (105*18):15+205 = 1890:15 = 126 + 205 = 331 (105*18):45+205=1890:45 = 42+205=247 № 4 Теплоход 8 сағатта 312 км жол жүрді. Егер ол жылдамдығын 6 км/сағ азайтатын болса, 231 км жолды неше сағатта жүріп өтеді? t = 8 сағ S = 312 км V = ? км/сағ – 6км/сағ 231 км = ? сағ 312 : 8 = 39 км/сағ 39 – 6 = 33 км/сағ 231:33= 7 сағ Сергіту сәті № 5 Жоспар бойынша зауыт 5 күнде 920 тігін машинасын жасап шығаруы керек. Бірақ жұмысшылар жақсы жұмыс істеп, күн сайын 16 машинаны артық жасап шығарды. Сонда зауыт 255 жұмыс күнінде неше тігін машинасын жасап шығара алады? 5 күнде – 920 м – 16 м а. 255 – ? м. Шешуі: 920:5 =184 184+16 =200 255*200 =51 000 Жауабы: 51 000 тігін мащинасын жасап шығарады. № 7 F және Е нүктелерінің арасындағы қашықтық пен АВ кесіндісінің ұзындығын салыстыр. Семантикалық карта
|
Оқиды, тыңдайды, түсінеді.
Есептейді, ойланады, айтады. Салыстырады түсіндіре отырып, шығарады. Топбасшылары бағалайды Есептерді шығарады. Талдайды, түсінеді. Өз ойларын айтады. Есепті талдап, қысқаша белгіленуін жазып, шығарады. Сызғышпен өлшейді, салыстырады. Салыстырады, ойланып қалып қойған цифрды атайды. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Қорытынды | Лездеме
Тақырыптық түйінді ой 1) 1,2,3,4,5 …, … – натурал сандар емес 2) Натурал қатардағы алғашқы сан – бір. 3) Натурал қатарда ең соңғы сан – миллион. 4) Әрбір натурал саннан кейін одан 1 бірлікке артық келесі натурал сан келе береді. 5) Нөл – натурал сан емес 6) Сандарды кластарға екі саннан бөлеміз 7) Бірлік санның оң жағында, бірінші болып тұрмайды. |
Ойланады, табады, айтады.
Тақырыпқа қатысты ойды таңдап алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Бағалау | Жетістік өлшемдерін топбасшылары қорытындылайды.
18 – 20 ұпай – «5» 12 – 17 ұпай – «4» 5 – 11 ұпай – «3» |
Бағалайды | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Үйге тапсырма | Атамұра 2012, 273-274 бет, Ү/т 6, 274 б | Күнделіктерін ашып үй тапсырмаларын жазып алды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Рефлексия | «Жұлдыз тамшыларын» белгілейік | Өзінің суретін бояйды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||









