Ән-әуез пәні

Сабақ жоспарын дайындаған Қызылорда обылысы . Қармақшы ауданы Төретам кенті №80 мектеп-гимназияның Ән-әуез пәнінің мұғалімі Әбдімәліков Смағұл Қалмырзаұлы Музыка «5а» сынып. №1 сабақ Сабақтың тақырыбы:..

Сабақ жоспарын дайындаған Қызылорда обылысы . Қармақшы ауданы
Төретам кенті №80 мектеп-гимназияның
Ән-әуез пәнінің мұғалімі Әбдімәліков Смағұл Қалмырзаұлы
Музыка «5а» сынып.
№1 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық музыка аспаптары.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың ұлттық музыка аспаптары туралы білімдерін кеңейтуге көмектесу.
Сабақтың міндеттері:
Ұлттық музыка аспаптары жайлы жан-жақты ақпарат жинауына қолайлы жағдай туғызу.
Оқушылардың топтық және жұптық жұмыс жасауын, сипаттау, зерделеу, бағалау, талдау жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже:
Сабақ соңында оқушылар қазақтың ұлттық музыка аспаптары туралы алған білімдерін өзгелермен бөлісе алады. Жеке ойларын ортаға салып өз жұмыстарына бағалау жұргізе алады және әнді әуендете орындай алады.
Сабақтың әдісі Топтық жұптық жұмыс,диалогтік оқыту, акт-і қолдану.ыстық орындық, ой қозғау, сын тұрғысынан ойлау,көшбасшылық

Қажетті құралдар: Интерактивті тақта, электронды оқулық,баян,синтезатор,домбыра маркер,
Шығу парағы,үлестірме қағазы т.б.
Бағалау: топпен және жеке жасаған жұмыстарды
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері Сабақ мазмұны Мұғалім іс-әрекеті Оқушының іс -әрекеті

Ұйымдастыру Салеметсіңдерме оқушылар.
Бүгінгі сабақта топқа бөлініп Қазақтың ұлттық музыка аспаптары туралы білімімізді кеңейтеміз Салемдесу. Оқушыларды түгелдеу, топқа аспаптарды таңдату арқылы бөлу әдісін жүргізу. Сабақтың мақсатын айту Аспаптарды таңдау арқылы (домбыра,қобыз, сыбызғы,дабыл) топқа бөлінеді. Сабақтың тақырыбын жазады
Негізгі кезең: Сабаққа қызығушылығын арттыру
А) Ыстық орындық әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау. «Әуенді тап» әдісі арқылы үйге берілген әннің әуенін тауып орындау.
Б) Электронды оқулықтан бейнеролик көрсету
Оқушыларға көргенінен ой түйін жасауға ықпал жасау
Аспаптардың атауларымен дыбыс үндестігіне мән беру бейнеролик бойынша оқушылар өз тұжырымдарын жасайды
өз тұжырымдары бойынша аспаптарды топтарға бөледі

Мағынасын ашу
Аспаптарды дыбыс үндестігіне байланысты топтарға бөледі. Музыка аспаптары жайлы аңыздар? «Домбыра» әнін хормен (ұжымдық) орындау.

Суреттер арқылы топтық тапсырмалар.

Топта жұмыс жасайды

Қорытынды жасау Музыка аспаптарын басқа қандай бейнелерге ұқсатамыз? Қорытынды сұрақ қою, оқушылар жауабын тыңдау, талдау Оқушылар топта ойласып өз пікірлерін немесе жауабын айтады
Бекіту кезеңі Оқушылардың өзін –өзі бағалауы
Екі жұлдыз ,бір ұсыныс арқылы бағалау Бағалау, мадақтау Өз –өздерін бағалайды
Үйге тапсырма .Халық аспаптарын зерттеушілер (іздену жұмыстары)
Домбыра әнін әуенімен орындау. Оқушыларды шығармашылыққа баулитын тапсырма беру Шығармашылықпен жұмыс жүргізеді
Рефлексия:
Не сәтті шықты?
Электронды оқулық бойынша оқушылар өз тұжырымдарын жасады және аспаптардың суреттерін дыбыс үндестігіне байланысты топтастыра алды .Әнді орындау кезінде бірін-бірі тыңдай алды.
Не сәтсіз болды?
1.Уақытты тиімді пайдала алмадым. 45минут бітіп қалды.
2.Қорыту мақсатында қойылған сұраққа оқушылар ашылып сөйлемеді, диалог болмады.
3. Оқушылар топта жұмыс жасай алмады, бірін — бірі тыңдағысы келмеді.
Нені өзгертесің?
1.Оқушыларды уақытты тиімді пайдалануына дағдыландыру.
2.Оқушылардың топта бірлесе ынтымақшылықта жұмыс жасауына қосымша жұмыс жасауым керек.

Жеті модуль көрініс тапты ма?
Тақырыпқа сәйкес презентация жасадым, электронды оқулықтан бейнеролик көрсеттім
Диалог сабақты қорытындылау кезеңінде « Музыка аспаптарын қандай бейнелерге ұқсатамыз ?» деп қойылған сұрақ көрініс тапты
Бекіту кезеңінде оқушылардың жұмысын екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау жүргізілді
Сыныптағы дарынды оқушыларға жеке тапсырмалар берім
Музыкалық аспаптардың суреттерін топтастыру арқылы сыни ойлауын қалыптастыру.
Сабақта топтық жұмыс, акт-і қолдану, ой қозғау, шығармашылыққа
баулу жұмыстары жүсеге асты

 

 

Музыка «5а» сынып
№2 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың халық музыкасы.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға қазақтың халық музыкасы жайлы жан-жақты терең мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Қазақтың халықтық музыка өнері туралы жан-жақты ақпарат жинақтауына жағдай туғызу.
Оқушылар халық музыка өнерімен таныса отырып,жұпта, топта жұмыс жасауын, сипаттау, талдау жұмыстарын жүргізе отырып нәтижеге жетуіне жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже:
Сабақ соңында оқушылар қазақтың халық музыка өнері туралы алған білімдерін өзгелермен бөлісе алады. Жеке ойларын ортаға салып ,өз пікірін ,өзгелермен бөлісе алады
Сабақтың әдісі:
« Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» әдісі, АКТ, диалогтік оқыту,көшбасшылық блум сұрақтар
Қажетті материалдар: интерактивті тақтабейне ролик,баян,домбыра,синтезатор мааркер т.б.
Бағалау: топта және жеке жасаған жұмыстарды
Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері Сабақ мазмұны Мұғалім іс-әрекеті Оқушының іс -әрекеті
І. Ұйымдастыру Салеметсіңдерме оқушылар.
Бүгінгі сабақта топқа бөлініп«Қазақтың халық музыкасы тақырыбы бойынша. алған білімді пысықтаймыз. Салемдесу. Оқушыларды түгелдеу, топқа бөлу дауыс жаттығуын жүргізу. Сабақтың мақсатын айту Топқа музыка жанрларын таңдау арқылы бөлінеді. Сабақтың тақырыбын жазады.Дауыс жаттығуын жасайды
ІІ. Негізгі кезең:
А)сабаққа қызығушылығын арттыру

 

 

 

 

 

 

Б)мағынасын ашу
«Әуенді тап»ойыны арқылы үйге берілген әннің әуенін тауып орындау: бейнеролик көру арқылы музыка жанрларын еске түсіру.
Топтық тапсырмалар;
1)Тарихи ,аңызға тұрмыс-салтқа байланысты ән-күйлер.
2)Күй тыңдай отырып оның мазмұнын сипаттап беру. 3)«Елім-ай» әнін хорда орындау.
4)Музыкалық сауаттылық

Оқушыларға әуенді табу үшін бірнеше әуен жасыру.
Оқушыларға халық музыкасы жайлы жұмыс беру
Оқушыларға халық музыка- сыменен қазіргі заман музыкасы арасындағы айырмашылықты анықтайтын тапсырма беру

 

 

 

1.Әнді хорда орындайды .
2.халықтық музыка жанрларын талдайды және қортынды жасайдыАссосация

Топта жұмыс жасайды,
Күйдің мазмұнын айтып беруге тырысады.

 

 

ІІІ. Қорытынды жасау Халық музыкасы және оның өмірдегі маңызы неде? Қорытынды сұрақ қою, оқушылар жауабын тыңдау, талдау.. Оқушылар жауабы
ІҮ.Бекіту кезеңі Оқушылардың өзін–өзі бағалауы
Екі жұлдыз ,бір ұсыныс арқылы бағалау Бағалау, мадақтау Өз–өздерін бағалайды
Ү. Үйге «Елім-ай»әнін екі дауыста орындау. «Халық музыкасың ертеңі» эссе Оқушыларды шығармашылыққа баулитын тапсырма беру
Үйден жұпта ән айтуға үйренеді.

Рефлексия:
Не сәтті шықты?
Топқа бөлу үшін музыка жанрлары(ән,күй,терме,жыр) таңдаттым, оқушылар қызыға таңдады, сол таңдаған музыка жанрлары бойынша топқа бөлінгені топтық тапсырмалар орындағандары сәтті болды.
Не сәтсіз болды?
«Ақсақ құлан»күйінің мазмұнын мағынасын айта алмады.Халық музыкасы мен қазіргі заман музыкасының айырмашылығын айыруы сәтсіз болды.
Нені өзгертесің?

1). Оқушыларға сыни ойлауға арналған сұрақтар қолдануымды жөн санадым
2) оқушының ойымен санасуы керек.
3) Кері байланыс парақшасына мән беру керек.
Жеті модуль көрініс тапты ма?
« Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» әдісі, АКТ, диалогтік оқытуды сабаққа қолдандым
Тақырыпқа сәйкес презентация жасап, интерактиві тақтаның көмегімен бейнеролик көрсеттім
Диалог сабақты қорытындылау кезеңінде «Халық музыкасының өмірідегі маңызы неде?» деп қойылған сұрақ арқылы көрініс тапты
Тапсырмаларды орындау кезеңдерінде мадақтаулар мен бекіту кезеңінде оқушылардың жұмысын екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау жүргіздім
Дарынды оқушыларға жекелеген тапсырмалар бердім.
Топттық тапсырма кезінде топ басшылары топтарына бағыт-бағдар бере отырып көшбасшылық танытты.

 

Музыка «3а»сынып
№3 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Диуана мен Бадамшаның айтысы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды Алпамыс батыр жырындағы Диуана мен Бадамшаның айтысы туралы білімдерін кеңейтуге көмектесу.
Сабақтың міндеттері:
Алпамыс батыр туралы жан-жақты ақпарат жинауына қолайлы орта туғызу. Оқушылардың топта бірлесіп жұмыс жасауын, зерделеу, рольдерде ойнау, талдау жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже:
Сабақ соңында оқушылар жырдан алған білімдерін өзгелермен бөлісе алады. Жеке ойларын ортаға салып кейіпкерлерге талдау жасай алады. Өз ойын ашық айта алады
Қажетті құралдар: интерактивті тақта,музыка аспаптары плакаттар маркер т.б.
Сабақтың әдісі: «Сыни ойлауды дамыту» әдісі, АКТ, диалогтік оқыту
Бағалау: Рольдік ойындарды топта жұпта жасаған жұмыстарды

Сабақ кезеңдері Сабақ мазмұны Мұғалім іс-әрекеті Оқушының іс -әрекеті

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру Салеметсіңдерме оқушылар.
Бүгінгі сабақта топқа бөлініп «Диуана мен бадамшаның айтысы» тақырыбын өтеміз. Салемдесу. Оқушыларды түгелдеу, топқа бөлу әдісін жүргізуДауыс жаттығуын жасау. Сабақтың мақсатын айту Ноталар арқылы топқа бөлінеді. Сабақтың тақырыбын жазады.Дауыс жаттығуын жасайды.
Негізгі кезең: Сабаққа қызығушылығын
арттыру

«Әуенді тап»ойыны арқылы үйге берілген әнді орындаймыз.
«Ыстық орындық»әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.
Жырдан үзінді тыңдату жәнежұптаөзара рольдерді бөліседі.

Оқушылардың өткен тақырып бойынша сұрақтар қоюы және әнді өз нақышында орындауы
Оқушылардың рольдік орындаушылық шеберлігі
Топта ойласып, тақырып төңірегінде пікірлеседі
қорытынды жасайды.Рольдік тапсырма орындайды.
Мағынасын ашу Салыстыру кестесі;Диуана мен Бадамша .Топтық жұмыс карточкалар арқылы.Рольдік қойылым.
«Келші,келші балашым»әнін әуенімен айтып үйренеді. Музыкалық сауаттылық. Оқушыларға кестені толтырып ,топта ынтымақтастықта жұмыс жасауға жәнеәнді аспаптың сүйемелдеуінде орындату. Салыстыру кестесімен жұмыс.Карточкалармен жұмыс және рольдік қойылым, хорда ән орындау

Қорытынды жасау Батыр болу оңай ма ? Айтысты жар-жардан басқа қалай айтуға болады? Оқушылар айтысты жан-жақты талдайды. Оқушылар топта ойласады.
Бекіту кезеңі Кері байланыс Бағалау, мадақтау Екі жұлдыз,бір ұсыныс. Өз –өздерін бағалайды
Үйге тапсырма эссе
«Батыр болсам…» «Біздің ән» әні . Оқушыларды шығармашылыққа баулитын тапсырма беру Шығармашылықпен жұмыс жүргізеді

Рефлексия:
Не сәтті шықты?
1. Диуана мен Бадамшаның айтысын рольдік қойылымда ойнағаны.
2. Ыстық орындық әдісі.Әнді хорда орындауы .

Не сәтсіз болды?
Топтық жұмыстарға белсенділіктері әлдеде баяу жүруде Уақытты тиімді пайдалана алмадым 45 минут бітіп қалды.
Нені өзгертесің?
Уақытты тиімді пайдалу үшін оқушыны уақытқа жұмыс жасауға дағдыландыру.
Оқушылардың топта ынтымақшылықта бірлікте жұмыс жасауы үшін сыныппен қосымша жұмыстар жүргізу.
Жеті модуль көрініс тапты ма?
«Сыни ойлауды дамыту» әдісі, АКТ, диалог көрініс табуы үшін сұрақтар қоюды қолдандым
Тақырыпқа сәйкес презентация жасап, интерактиві тақтаның көмегімен сабақ барысын көрсеттім
Диалог сабақ барысында қойылған сұрақ арқылы көрініс тапты
Тапсырмаларды орындау кезеңдерінде мадақтаулар мен бекіту кезеңінде оқушылардың жұмысын екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау жүргіздім
Топтық тапсырма кезінде топбасшылары топтарында өздерін көшбасшы етіп көрсетті.
Денгейлік сұрақтар арқылы орта және жоғары денгейлі оқушыларға тапсырмалар беремін.

 

№4 сабақ
Музыка 3a сынып
Сабақтың тақырыбы: Арманына жеткен Алпамыс.

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Алпамыс батырдың ел қорғаған батыр болағандығын меңгерту.
Сабақтың міндеттері:
Деңгейлік сұрақтар қою арқылы Алпамыс батыр жыры туралы неғұрлым жан-жақты ойлануына ықпал жасау.Оқушылардың топта,жұпта бірлесіп жұмыс жасауына, қортындылай алуға жетелеу.

Күтілетін нәтиже:
Сабақ соңында оқушылар «Алпамыс батыр»жыры туралы алған білімдерін өзгелермен бөлісе алады. Өз ойын ашық айта алады және сұрақтарға талдау жасай алады
Әдістер: Диалогтік оқыту,акт, ой қозғау,көшбасшылық, сыни ойлауды дамыту.
Қажетті құралдар: интерактивті тақта, электронды оқулық,музыкалық аспаптар,плакат, маркер т.б.
Бағалау: топтық және жеке жасаған жұмыстарды бағалау
Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері Сабақ мазмұны Мұғалім іс-әрекеті Оқушының іс -әрекеті

Ұйымдастыру Салеметсіңдерме оқушылар.
Бүгінгі сабақта топқа бөлініп эпос жырдың «Арманына жеткен Алпамыс»бөліміне тоқталамыз Салемдесу. Оқушыларды түгелдеу, топқа бөлу .Дауыс жаттығуын жасау. Сабақтың мақсатын айту Топқа ноталар арқылы бөлінеді. Сабақтың тақырыбын жазады.Дауыс жаттығуын жасайды.
Негізгі кезең: Сабаққа қызығушылығын
арттыру

«Әуенді тап»ойыны арқылы үйге берілген әнді орындайды.
Ұлтан мен Алпамысқа салыстырмалы кесте толтыру топтық жұмыс

Оқушылардың өткен тақырыпты еске түсіріп салыстырмалы кесте толтыруына ықпал жасау
Оқушыларды жаңалыққа жақындату
Топта ойласып, тақырып төңірегінде пікірлеседі
кестені толтырады.
Мағынасын ашу
1.Алпамыстың арманы қандай ?
2Жырдағы батырлықпен өмірдегі батырлық айырмашылығы бар ма? Болса қандай? Қазіргінің Алпамысы деп кімдерді айтар едің? «Біздің ән» әні орындау.
Оқушыларға тереңірек ойланып өз ойларын өздері қорытып шығаруына ықпал жасау
Топта талқылау жасап оқушылар өз ойларын ашық айту.

Қорытынды жасау Отанын,елін қорғайтын батыр қандай болуы керек? Оқушыларға «Егер мен….»ойыны өз ойларын айтқызу. Оқушылар топта өз ойларын қорғайды
Бекіту кезеңі Кері байланыс Бағалау, мадақтау Өз –өздерін бағалайды
Үйге тапсырма Эссе
Менің қиялымдағы батыр.
Оқушыларды шығармашылыққа баулитын тапсырма беру Шығармашылықпен жұмыс жүргізеді

 

Рефлексия:
Не сәтті шықты?
Оқушылар топпен жұмыс жасауға дағдыланды және өз ойларын ашық айта алды.Мысалы Рүстем қазіргі заманның Алпамысы деп Нұрсұлтан атаны айтар едім десе,Сара ғарышкер ағалар Тоқтар мен Талғат ағаларды айтар едім деді.
Не сәтсіз болды?
Орта денгейлі оқушылар сыни сұрақтарға жауап беруге қиналды Кері байланыс парақшарына онша мән бермеген.
Нені өзгертесің?
Жетістікке жету үшін тынбай жұмыс жасауым керектігін білдім менің өзгертерім көп әлі……..
Жеті модуль көрініс тапты ма?
Ой қозғау,интерактивті тақта, диалог көрініс табуы үшін сыни сұрақтар қолдандым
Тақырыпқа сәйкес презентация жасап, интерактиві тақтаның көмегімен сабақ барысын көрсеттім
Диалог сабақ барысында қойылған сұрақ арқылы көрініс тапты
Тапсырмаларды орындау кезеңдерінде мадақтаулар мен бекіту кезеңінде оқушылардың жұмысын екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау жүргіздім және оқушылар топта өз –өздерін бағалады
Топтық тапсырмалар кезінде топбасшылары өздерін нағыз көшбасшы етіп көрсетті.
Жоғары деңгейдейлі оқушыларға жеке тапсырмалар бердім.

Предыдущая запись

Следующая запись

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Об авторе

Простой конструктор сайтов WordPress: Универсальные демо-версии для блогов, новостей, электронной коммерции и многого другого — импорт одним щелчком, никакого кодирования! 1000+ готовых шаблонов для потрясающих сайтов газет, журналов, блогов и публикаций.

BlockSpare - Новости, журналы и блоги Приложения для редактора блоков (Gutenberg)

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше