Әзағаның көмекші хатшысы
Автобустан түскен бойда Гулия зыр жүгіріп келеді. Баяғы совминнің ауруханасына. Өкпесін қолына алып, ұшып келеді. Әзағаңа! Жансақтау бөліміне түсіп қалыпты. Осы таңертең Алматыда Елбасының қолынан біраз зиялылар жылдық стипендияларын алған болатын. Шыққасын хабарласамын деген. Қоңырауын зарығып күткен. Тағаты таусылып балаларынан…
