Үшбұрыштардың ұқсастықтарының белгілерін қайталау

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы
М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы  білім беретін мектеп – балабақшаның
математика пәнінің мұғалімі  Зубайров Алмабек Жасталапұлы
ІІ санатты ұстаз

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштардың   ұқсастықтарының  белгілерін қайталау
Сабақтың мақсаты:
1) Ұшбұрыштардың ұқсастықтарының белгілері бойынша алған білімдерін тексеру, қорытындылау. Алған білімдерін есептер шығарғанда қолдана алу.
2) Ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылыған арттыру.
3) Өз беттерінше жұмыс жасауға, еңбекке және шеберлік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың құрылымы:
І. «Ой қозғау» Венн диаграммасы
ІІ. «Зымыран сұрақтар» Өткен тақырып бойынша сұрақтар қою
ІІІ. Іздену, іс-әрекет Есептер шығару
ІV. «Ой жинақтау» Үшбұрыштарды білесің бе? Сәйкесін тап.
V. Қорытындылау. Тест жұмысы
VI. Үйге тапсырма: №141 есеп
VII. Бағалау. Сабаққа қатыстарына қарай бағалау

І. «Ой қозғау»    Венн диаграммасын толтыру

ІІ. «Зымыран сұрақтар»
Өткен тақырып бойынша сұрақтар қою
1.    Үшбұрыш дегеніміз не?
2.    Үшбұрыштардың ұқсастығының неше белгісі бар?
3.    Үшбұрыштардың ұқсастығының бірінші белгісін ата.
4.    Үшбұрыштардың ұқсастығының екінші белгісін ата.
5.    Үшбұрыштардың ұқсастығының үшінші белгісін ата.
6.    Тікбұрышты үшбұрыш дегеніміз не?
7.    Тікбұрышты үшбұрыштардың неше ұқсастық белгілері бар?
8.    Тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін ата.

ІІІ. Іздену, іс-әрекет
Есептер шығару
1.    Үшбұрыштардың қабырғалары 5 см, 7 см, 4 см. Оған ұқсас үшбұрыштың үлкен қабырғасы  21 см-ге тең болса, оның басқа қабырғаларын табыңдар.
2.    Үшбұрыштардың қабырғалары  8 дм, 16 дм және 20 дм. Оған ұқсас үшбұрыштың периметрі  55 дм. Екінші үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
3.    Бірінші квадраттың периметрі 24 см, ал екінші квадраттың қабырғасы 18 см болса, екі квадраттың ұқсастық коэффиентін табыңдар.
4.    Екі теңбүйірлі үшбұрыштың төбелеріндегі бұрыштар тең. Бір үшбұрыштың бүйір қабырғасы мен табаны сәйкесінше 8,5 дм және  5 дм. Екіншісінің табаны 4 дм. Екінші үшбұрыштың бүйір қабырғасын табыңдар.
5.    Мына өлшемдермен берілген екі үшбұрыш ұқсас бола ма:
1)    0,1 м,  0,15 м,  0,2 м және 1 см; 1,5 см, 2 см;
2)     5 м, 10 м, 75 дм және  64 дм,  40 дм,  80 дм;
3)     10 м,  20 м,  12,05 м және 100 см,  90 см, 160 см?

ІV. «Ой жинақтау»
Үшбұрыштарды білесің бе? Сәйкесін тап.
Сүйірбұрышты үшбұрыш
Доғал бұрышты үшбұрыш
Тікбұрышты үшбұрыш
Теңқабырғалы үшбұрыш
Теңбүйірлі үшбұрыш
Қабырғалары әртүрлі үшбұрыш

V. Қорытындылау.
Тест жұмысы
1.    Үшбұрыштардың ұқсастығының неше белгісі бар?
а) 2           ә)3                 б) 4
2.    Егер бір үшбұрыштың екі бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес екі бұрышына тең болса, онда мұндай ұшбұрыштар ұқсас болады. Үшбұрыштар ұқсастығының нешінші белгісі?
а) бірінші         ә) үшінші       б) екінші
3.  Бір үшбұрыштың катеттері екінші үшбұрыштың катеттеріне
пропорционал болады. Тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастығының
нешінші белгісі?
а) үшінші       ә) екінші       б) бірінші
4.       АВС=     DEF  болу үшін дұрыс теңдікті көрсет.

а) AC=DF              ә) AC=EF             б) C=D

Дұрыс жауабы:  1. Ә    2. А       3. Ә        4. Б       5. А

VI. Үйге тапсырма:  № 141 есеп

VII.  Бағалау:

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше