Биология

Асқорытудың маңызы. Тістің құрылысы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
№127 Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейі.
Биология пәнінің мұғалімі Бегалиева Гүлсім Секентайқызы

Сабақтың тақырыбы:    Асқорытудың маңызы. Тістің құрылысы.
Сабақтың презентациясын жүктеп алу: Асқорытудың маңызы. Презентация
Сабақтың мақсаты:   Білімділік: Оқушыларға асқорыту мүшелерінің, тістің құрылысы,  мүшелерде астың қорытылуы, ішек-қарын аурулары, олардан  сақтану, ұлттық тағамдардың денсаулыққа пайдалы әсерін оқытып-үйрету.
Оқушының жан дүниесі сиқырлы дүние, ал оның қабілетін танып, талантының ашуына қамқорлық көрсету, ең алдымен ұстаз парызы. Мұғалім оқытудың табысты өтуіне жағдай жасайды, қойылған талаптарға сәйкес мазмұн таңдайды, оқытуды ұйымдастырудың әр алуан түрлерін пайдаланады. Әрбір мұғалім өз сабақтарының қызықты, тартымды, есте қаларлықтай болғанын қалайды. Сондықтан ең алдымен оқушылардың ынталылығын, қызығуын арттыратын әдістерді сабақта кеңірек қолдануға көңіл бөлінуі керек. Осы мақсатпен биология сабақтарында топтық жұмыстарды, ойын элементтерін қолданып келемін.

Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін  дамыту.
Тәрбиелік:  Тісті күту, тіс, ішек-қарын ауруларының алдын алу және тамақтану шегі, реті туралы гигиеналық тәрбие беру.
 Сабақтың типі:   Аралас сабақ
Сабақтың түрі:  Дәстүрлі емес
 Сабақтың әдісі:  Әңгімелесу, тест, тірек-сызба, практикалық тапсырма, т.б
 Сабақтың көрнектілігі:  Интерактивті тақта, тіс моделі, тіс пастасы, көрнекті суреттер.
 Пән аралық байланыс: Медицина, валеология, химия, өсімдіктану, әдеп, халық  педагогикасы.
 Сабақтың формасы: Жеке, топтық.

Сабақтың барысы:    1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын сұрау.

1. «Тыныс алу жүйесі» тарауы бойынша тест.
1.Мұрын қуысы неше бөлікке бөлінеді?
а) екі бөлікке
б) үш бөлікке
с) төрт бөлікке

2.Кеңірдектің жалғасы:
а) аңқа мен жұтқыншақ
б) көмей
с) бронхылар

3.Кеңірдек қалай бөлінеді?
а) екі бронхыға
б) үш бронхыға
с) бронхиолаға

4.Тыныштық күйде тыныс алу көлемі қандай?
а) 500мл
б) 1500мл
с) 3500мл

5. Тыныс қозғалыстарына не қатысады?
а) көкет
б) қарын бұлшық еттері
с) қабырға аралық бұлшық еттер

6. Тыныштық күйдегі тыныс алу қозғалыстарының мөлшері:
а) 10-12
б) 16-18
с) 20-22

Кілті:
1.а, 2.с, 3.а, 4.а, 5.с, 6,б.

2-тапсырма. Тыныс алу жүйесі

2-тапсырма. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі

Бөлімнің аты    Құрылысы    Қызметі
кеңсірік
жұтқыншақ-таңдай тесігі
көмекей
кеңірдек
ауа тамырлары
өкпе

3. Жаңа сабақ
§40. Ас қорытудың маңызы. Тістің құрылысы
1.Азық-түлік пен тағамдық заттар. Қоректік заттардың маңызы.
Адам организміндегі клеткалар мен ұлпалар қоректік заттардың үздіксіз келіп тұруын қажет етеді.
Қоректік заттар – клеткалардың өсіп өнуі, дамуы үшін және организмнің тіршілік әрекетіне қажетті энергия көзі.

Ағза – ұлпа – жасуша

Кенеулі заттар

Ақуыз          Көмірсу                           Май
100-120 гр          400гр крахмал           1-1,25 гр              Дәрумен
100гр қант
Мин.заттар
Су, NaCl . Тұз.
2-2,5л.10гр

Тағам – энергия, құрылыс материялы.
Ас адамның арқауы
2. Ас қорытудың маңызы.
Ас – адам организмінің құрылыс материалы, энергия қоры. Адамның денсаулығы, дене қимылы, ой еңбегі  және толып жатқан басқа іс-әрекеттер астың құрамына тікелей байланысты.
Асқорыту деп – қоректік заттардың күрделі түріне  жай, суда еритін қанның құрамына жеңіл өте алатын күйіне айналуын айтады.
3. Асқорыту мүшелері.
Асқорыту жолы              Ауыз қуысы : тіл, тіс.

Жұтқыншақ                     ұзындығы 11-13см

Өңеш                          ұзындығы 25см, бұлшық ет

Қарын                          алмұрт пішінді, сыйымд. 2-3л

Ұлтабар            ұзындығы 25 см ұйқы безі, бауыр.

ұлтабар
Аш ішек
5-7м           аш ішек

мықын ішек

Соқыр ішек

Тоқ ішек – ұзындығы 1,5-2 м              жиек ішек

тік ішек
Тік ішек

4. Тістің құрылысы.                                                           6-9 ай
Тістің эволюциясы                               2 жаста- 20 сүт тіс
6-7 жаста тұрақты тіс
18-19 жаста ақыл тіс

Тіс сауыты                                                           Кіреуке
Тіс мойыны                           Тіс                         Дентин
Тіс түбірі                                                                Қуыс, борпылдақ ұлпа
Жүйке, қантамыр
32

Күрек                                   Ит тіс           Азу тіс

Үлкен           кіші
4    2

4    6
2 және 3 түбірлі
Тіс формуласы
8765432112345678
8765432112345678
Шайнау –тағамдағы механикалық өңдеу.
Ауыз қуысында ас механикалық өңделіп қана қоймай сілекей құрамындағы  ферменттердің  әсерінен химиялық ыдырауға ұшырайды.
1)    Кіреуке – эмаль организмдегі ең берік ұлпа. 98% бейорганикалық заттар.
2)    Дентин – 70% бейорганикалық, 30% органикалық зат
3)    Пульпа – тіс ұлпасы

5.Тісті күту
Астың дұрыс қорытылуы  үшін тістердің сау болуы қажет. Ауру тістер микробтардың жиналатын орны.
Тіс аурулары:
1.    Кариес – тіс шірігі, тіс жегі.
2.    Пародонтит – қанжел
3.    Парадантоз  — қанқұрт
4.    Гингивит
4. жаңа сабақты бекіту.

1. Кестемен  жұмыс

Р/с     Кенеулі заттар     Адамға тәүліктік қажеттілігі
1
2
3    Ақуыз
Көмірсу
Май    100-120 гр
400гр крахмал 100 гр қант
1 – 1,25 гр

2. Суретпен жұмыс
1. Оқушылардың ретсіз орналасқан асқорыту мүшелерін орнына қойып шығады.
4    Практикалық тапсырма
1.    1,25,6,7 сандармен көрсетілген мүше бөліктерін  атаңыз.
2.    Ұлтабар ұшы қай ішектің бөлімі?
3.    Өт жолы қайда ашылады?
4.    Апендикс қайда орналасқан?
5.    Тістің құрылысын ата.
Үйге тапсырма  параграфф 40
Асқорытудың маңызы. Тістің құрылысы.
«Тісіңді күте біл» тақырыбына хабарлама жазу.

Қорытынды:

Осындай әртүрлі әдістер пайдалану, оқушылардың
•    белсенділігін,
•    білімділігін,
•    жылдамдығын
Сонымен қатар талдауға, салыстыруға танымдық қабілетін және кездесетін қиыншылықтарды жеңуге ұмтылады.

Пайдаланылған әдебиеттер
•    Қ. Сәтбаев Адам физиологиясы. Алматы 2005 ж
•    Исманғұлов, И. Төленбеков Адам физиологиясы Алматы «мектеп»1985
•    Биология және салауаттық негізі. №5 2008ж
•    Денсаулық журналы №5 2004

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.