География

Жапония. Мемлекеттің құрылысы.Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы

Батыс  Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы
М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін
мектеп- балабақшаның география пәні мұғалімі
Дюсалиева Диана Ержановна

Сабақтың тақырыбы: § 23. Жапония. Мемлекеттің құрылысы.Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Жапонияның тарихы, табиғаты,
мәдениеті, халқы туралы білімдерін толықтыру;
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін
арттыру мақсатында тірек-сызбалары арқылы көру, есте
сақтау, ойлау қабілеттерін шыңдау;
Тәрбиелік: Жапондықтардың аса мәдениетті, білімді
халық екендігін ұғындыра отырып, оқушыларды сол
халық сияқты еңбекқор, әдепті, кішіпейіл болуға шақыру.
Сабақтың әдісі:  Тірек-сызбаларды пайдалана оқыту, баяндау, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Дүние жүзінің саяси картасы, Жапонияның хронологиялық  кестесі, жер бедері, климаты, пайдалы қазбалары, халқы туралы кестелер. Жапония елі туралы әр түрлі суреттер.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.    Ә.Бейсенова, С.Әбілмәжінова, К.Каймулдинов, Ж.Достай. География.Дүние жүзіне аймақтық шолу. 11 сынып.Алматы.Мектеп.2007 ж
2.     А.М.Бейсенбаев, Н.Ә.Бейсенбаева.География.Оқушы анықтамасы.  6-10 cынып.Алматы.Арман. 2004 ж
3.    Н.П.Смирнова, А.И.Щибанова.Материктер мен елдерде.Алматы.Мектеп. 1979 ж.
4.    А.П.Кузнецов. Страны.Хозяйство.Люди.Москва.Просвещение.1988 г
5.    Интернет
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі                                1-2 минут
2. Үй тапсырмасын тексеру                        10-15 минут
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру                     15-20 минут
4. Жаңа сабақты бекіту                                 3-6  минут
5. Оқушылардыбағалау, үйге тапсырма      1-2  минут

Сабақтың барысы:
1.  Сәлемдесу. Класс оқушыларын түгендеу.
2. «Шетелдік Азия елдеріне жалпы шолу» тақырыбына байланысты әр
бір  оқушыға тест тапсырмасы беріледі.
Тест
1. Азияның ауданы
А)  46 млн км2        Б) 50 млн км2       С) 44 млн км2      Д) 54 млн км2
2. Әлеуметтік экономикалық жағынан Азия неше тарихи – географиялық аймаққа бөлінеді?
А)  4               Б) 5               С) 3                   Д) 2
3. 1948 ж  Палестина жерінде құрылған мемлекет
А) Хунн             Б) Иордания              С) Израиль                  Д) Ливан
4. Арабтар Оңтүстік Батыс Азияны …. атайды.
А) «Мағриб»          Б) «Машриқ»              С) «Сахиб»                Д) «Муктаб»
5.  Азия халқы қанша?
А) 3млрд  560 млн                        С) 2 млрд  950 млн
Б) 3млрд  740 млн                        Д) 3 млрд  780 млн
6. Азияда ислам діні басым қанша ел бар?
А)  17           Б) 15               С) 13                Д) 10
7. Азияны урбандалу деңгейіне байланысты қалай атайды?
А) «кіші ауыл»        Б) «кіші қала»         С) «үлкен қала»          Д) «үлкен ауыл»
8. Азияның ең төмен жері
А) Араб теңізі       Б) Өлі теңіз        С) Қызыл теңіз        Д) Жапон теңізі
9. Жер бедерінің басым көпшілігі:
А) Жазықты       Б) Ойпатты        С) Таулы үстіртті        Д) Жазық, таулы
10. Парсы шығанағы қандай пайдалы қазбаға бай?
А) көмір      Б) темір         С) полиметалл         Д) мұнай, газ
Тест жауаптары:
1- C                     4- Б                      7- Д
2- А                     5- Б                      8- Б
3- С                     6- А                      9- С
10- Д

3. Жаңа тақырып.ЖАПОНИЯ.
Жоспар
1. Географиялық орны.
2. Мемлекеттің тарихы мен құрылымы.
3. Табиғат жағдайлары мен ресурстары
4. Халқы
1. Географиялық орны.
Жапония Еуразия материгінің қиыр шығысындағы ірі аралдық мемлекет. Алып жатырған жер көлемі – 372,2 мың км2. Негізгі ірі аралдан: Хоккайда-79 мың км , Хонсю-231  мың км, Сикоку-19 мың км, Кюсю -42 мың км және мыңдай ұсақ аралдардан тұрады. Жапония солтүстігінен — Охот теңізімен, батысынан — Жапон теңізімен, оңтүстігінен — Шығыс Қытай теңізімен, шығысынан — Тынық мұхит суларымен шайылып жатыр. Жапония өз елін «Дай Ниппон» деп атайды, яғни күннің шығатын елі деген мағына береді. Сондықтан Жапонияны Күншығыс елі деп атайды.Бұл атауды Еуропаға XIII ғасырда Марко Поло алып келген. Дүние жүзінің саяси картасынан Жапонияның географиялық орны көрсетіледі.
2. Мемлекеттің тарихы мен құрылымы.
№    Жылдары    Оқиға мазмұны
1    3- ғасыр    Алғашқы тайпалық бірлестіктердің қалыптасуы
2    4- ғасыр    Алғашқы мемлекеттің пайда болуы
3    7- ғасыр    Орталықтандырылған Жапон мемлекетінің пайда болуы
4    11-13- ғасыр    Феодалдық қоғамның қалыптасуы. Сегундар билігінің күшеюі.
5    16- ғасыр    Сегундар билігі әлсіреп, елдің князьдіктерге бөлінуі
6    1568-1582 ж    Ода Нобунаганың елді басқаруы
7    1583-1598 ж    Тоетоми Хидэесидің билігі
8    1598-1867 ж    Токугава сегунатының билік құруы
9    1941 ж    Германия, Италиямен бірлесе екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты.
10    1945 ж    Хиросима және Нагасаки қалаларына ядролық бомба тасталып, екінші дүниежүзілік соғыста жеңілді.
11    1947 ж    Жапония Конституциялық монархия болып жарияланды.
Жапония — Конституциялық монархиялы ел болып табылады. Мемлекет басшысы – император. Қазіргі кездегі императоры – Акихито. Заң шығарушы органы – екі палаталы Парламент. Елдегі атқарушы билікті, саясатты, экономикалық қарым- қатынасты жүзеге асырушы – Үкімет. Қазіргі кездегі үкімет басшысы, яғни премьер — министр Таро Асо. Жапония унитарлы ел болып табылады, әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді.

3. Табиғат жағдайлары мен ресурстары.
Жер бедері.
Жапонияның жер бедері негізінен таулы болып келеді. Елдің аумағының таулы-үстірттер алып жатыр. Бұл Тынықмұхиттық  геосинклиналь белдеуінде орналасқандығымен түсіндіріледі. Жапонияның ең биік нүктесі – Фудзияма жанартауы, 3776 метр. Аралдарда жалпы жанартаулар саны – 150, соның ішінде сөнбегені – 15. Жапон аралдары сейсмикалық аймақ болып табылады, сондықтан жер сілкіну, жанартау атқылау сияқты құбылыстар жиі қайталанып тұрады. Сонымен  қатар су астында болатын дүмпулердің әсерінен аса қуатты – цунами толқындары күрделі проблемалар туғызады. Жапонияның ірі жазығы Хонсю аралындағы – Канто жазығы ғана, қалған жазықтары кіші, аралдар жағалауларында.
Климаты
Қоңыржай    Субтропиктік    Тропиктік
Климаты муссондық, қысы салыстырмалы түрде суық, жазы жылы, ылғалды.    Климаты муссондық, қысы жұмсақ, қысқа.Жазы жылы, жауын — шашын мөлшері мол. Ауыл шаруашылығына өте  қолайлы.     Климаты муссондық, қысы жұмсақ, жылы. Жазы салыстырмалы түрде ыстық, жауын – шашын мөлшері мол. Ауыл шаруашылығында екі рет өнім алынады.
Пайдалы  қазба  байлықтары
Аралдары    Отын    Металлдар    Металл еместер
Хоккайдо    Тас көмір    Марганец, алтын, қорғасын, мырыш, қалайы    —
Хонсю    Тас көмір, мұнай, табиғи газ    —    Күкірт, пирит
Сикоку    —    Марганец, мыс    —
Кюсю    Тас көмір    Алтын    —

4. Халқы
Халық саны    Тығыздығы    Ұлттық құрамы    Діні    Қала
халқы    Ірі қалалары
127 млн адам    1 км2 —
337 адам    Жапондар-99%,
басқалар-1%    Синтоизм
84%    79%    Токио, Йокогама, Осака, Нагоя, Кобе, Кавасаки, Киото

4. Жаңа сабақты бекіту
10-Жапонияда ауыл халқының  үлесі жоғары ма, әлде қала халқы ма? (Қалам халқы)
10-Негізгі  аралдарын  ата
(Хоккайда, Хонсю, Сикоку,Кюсю)
10-Қазіргі кездегі императордың есімі кім? (Акихито)
20- Жапонияның ең биік нүктесі
20- Елді қанша және қандай климаттық белдеулер кесіп өтеді?
20- Халық саны миллионнан асатын қанша қала бар? (11)
30- Жапонияда халықтың тығыздығына қандай фактор әсер етеді?
30- “Ұлттың қартаюы”  қартаюы дегенді қалай түсінесің?
30- Жапония сөзіне топтастыру(Дамыған, жетілік елі, монархиялы, унитарлы т.б)

Не білемін?    Нені білдім?    Не білгім келеді?

5. Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.