ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы қаласындағы
М. Горький атындағы №16 орта мектептің
мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары,
информатика пәнінің мұғалімі Нарманова Альмира Серикбаевна

       «… Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,
тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» М.Жұмабаев

        Еліміздің ертеңгі болашағы – бүгінгі  өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Ендеше ертеңгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан, парасатты азамат тәрбиелеп өсіру басты міндетіміз екенін үнемі назарда ұстауымыз кажет.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен бірге адам санасы да жаңғыруда.Бұл құбылыс елдігі білім беру жүйесін реформалауды, кеңейтуді талап етуде. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес ұсынған гуманитарлық білім беру, тарихи сана мен азаматтардың жаңа әлеуметтік- эканомикалық мінез-құлқын қалыптастыру, этно-мәдени білім беру тұжырымдамалары нарықтық қатынастар әлеуметінің заңды талаптары.
Ұлттық тәрбиенің тарихи бірізділікке бет бұруы орынды. Мұнда ұлттық психология мен ұлттық тәрбие өзара байланысты және ықпалдас жағдайда жүретіні анық. Олардың ара жігін ажыратуға болмайды. Соған сәйкес олардың табиғатын, құрамдас элементтерін, қалыптастыратын факторларын бір арнада зерттеген дұрыс. Өйткені, тарихи- дәстүрлі ұлттық тәрбиеге ықпал етсе, онда ұлттық тәрбие де өз тарапынан ұлттық психология белгілерінің сақталуына жағдай тудырады.
Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі өзіне тән мәдени мұрасын оқу-тәрбиеге енгізудің ықпалы зор. Ұлттық тәрбие жүрекке жақын болғанымен ауқымы шексіз, белгілі бір жүйеге келтірілмеген тың дүниелер.
Жеке тұлғаның эстетикалық талғамын арттырып, өнер өрнектері арқылы достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу басты мәселе болып отыр. Эстетикалық тәрбиенің міндеті – жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы, адамның тұрмысындағы, еңбектегі, көркем өнердегі, табиғаттағы сұлулықты көре білетін, ұға білетін, бақылай алатын адам етіп тәрбиелеу. Ұлттық- тәлім тәрбие, мінез- құлық, салт-дәстүр, әдет-ғұрып қазақ елінің тәуелсіздігіне байланысты біртіндеп жүзеге асырылып келе жатқаны қуантады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жан-жағымызға алаңдап, еліктеп, теңелуге тырыстық. Соның нәтижесінде халықтың болмысын өзгертуге үлес қосқан ұлы тұлғалар мен тарихи жағдайларды танып, соны түсініп, соған ниет, көзқарас пайда болды. Ұлттық ар-намысты сыйлауға, өткенімізге дұрыс баға беруге үйреніп жатырмыз. Жеке тұлғаны  ұлттық дүние танымын қалыптастыра отырып тәрбиелеуіміз қажет.
Әрбір халықтың рухани – психологиялық қасиеттері тарихтан терең тамыр алады. Ұлттық психология ұлттың тағдырындағы қилы кезеңдері, яғни, жақсылық пен жамандық, өмір сүру салты мен шаруашылығы, қала берді саясат пен идеологияны бойына сіңіреді. Ұлттық сезім, мінез – құлық, ұлттық мүдде, ұлттық әдет-ғұрыптар, отансүйгіштік, ұлттық мақтаныш пен намыс, ұлттық талғам т.б. белгілер сол ұлттың рухының ізгі байлығының ажырамас бөліктері.
Қазіргі заманда жеке тұлғаның тәрбиесінің табысты болуы ата-аналардың тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, мәдениетіне өзара қарым-қатынасына, көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты.
Жастардың өнегелі тәрбиелігінің басты міндеті – жеке тұлғаға ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие беру.

Жеке тұлғаға ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие беру мақсатында халқымыздың
ұлттық тәлім-тәрбиесіне сүйене отырып  жеке тұлғаның нағыз азамат болып өсіп жетілуіне жағдай жасау керек. Өйткені жас ұрпақ халықтың ең қымбатты, ең қадірмен келешегі. Бұл сенімді ақтауға аға ұрпақ, әсіресе ата-аналар алдында зор міндеттер тұр. Олар ерінбей еңбек етіп жеткіншектерді тәрбиелеп, құрметті және жауапты мемлекеттік міндетті орындайды.
Кең байтақ қазақ даласында өсіп өмір сүретін балалардың тәрбиесі олардың ата-аналарының күнделікті іс-әрекеттері мен көшпелі тұрмыс қалпына байланысты болған. Балалардың жастайынан тіл алғыштыққа, тәртіптілікке, жауапкершілікке, үлкендерді сыйлай білуге үйреткен. Сондықтан жас ұрпақ үшін кеңес, өсиет және  басқа да инабаттылық ұғымдар үйелмендер мінез-құлықтық нормасына айтылған.
Мұндай өмірлік мәні бар мәселелерді шешуде үйелмен мүшелерінің бірлігі, олардың түсінушілігі мен дүниеге көзқарастары нығайады, ата-аналар мен балалар арасындағы мейірімді қарым-қатынас бір қалыпқа түседі, үйелмендік белгілі ереже жасалынады, ал олар барлық үйелмен мүшелері үшін жазылмаған заң болып қолданылады.
Жастардың өнегелі тәрбиелілігінің басты белгісі – үй және мал шаруашылығының басқару тәсілдерін, жеке адамның ізгі қасиеттерін білу. Олар: ұйымдастырушылық қабілетін, еңбеккерлік, табандылық, тапқырлық, қамқорлық, ерлік т.б ересек қазақ балалары мен жігіт жасындағы жастар Ұлы қазан төңекерісіне  дейін арнайы мектепте оқып білім алған жоқ.. Олар өмірден, күнделікті тұрмыстағы тәжірибеден әдептілік ұғымдарды үйренеді. Халық аузындағы мақалдар мен мәтелдерді және ертедегі әңгімелерді, басқа да халық тағылымын қабылдап, мәніне түсінеді. Өйткені, бұл фольклорлық шығармаларда жеке адамның мінез-құлқы нақты көрсетілген, достық, адалдық, шындық, еңбек сүйгіштік сияқты имандылық қасиеттер жайлы психологиялық – педогогикалық ойлар берілген, үйелменде, қоғамда жеке адамдар арасындағы қатынас нормаларының қалыптасуы көрсетілген.
Қазақ халқының дәстүрлері арқылы мектептер мен жоғарғы оқу орындарында ұлттық тәрбие қалыптастырудың нәтижелі болуы ұстаздың осы бағыттағы алған этно- білімдері мен әдістемелік дайындығының деңгейіне тікелей байланысты болғандықтан , қазіргі қоғамдағы қордаланған тәрбие проблемаларын шешуге ден қойып отырмыз.
Барлық жерде оқу-тәрбие ісін ұлттандыру мақсаттарын жүзеге асыруда этнопедагогика пәні негізгі тірек, қозғаушы күш. Өйткені барлық оқу-тәрбие ғылыми зерттеу жұмыстарын этнопедагогикамен байланыстырып жүргізу тиімді әрі нәтижелі болмақ. Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады: халықтың салт дәстүрлерінен құралған ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі. Қазақ этнопедагогикасының негізгі саласы -әдеп. Әдеп – эстетика ғылымының « этика» деп аталатын үлкен саласының ұлттық мәдениетке тән қисынды баламасы, ұлттық педагогиканың алтын арқауы. Ұлттық тәрбие дәстүрлері тамашалауды қажет ететін көне дәуір ескерткіші ғана емес, ол ел тұрмысында , адамдар қарым –қатынасында, отбасылық өмрінде белсенді қызмет ететін жанды құбылыс тәрбиенің қайнар көзі.
Ұлттық салт-сана  сол ұлттың мәдени дәрежесін рухани сапасын көрсетеді. Этнопедагогиканың негізгі бір саласы – ұлттық салт-дәстүрлер. Жар-жар, тойбастар, беташар,шілдехана, бесік жырлары ұлттық психологиямызға  көп әсер етеді. Ата- баба шежіресі адамды генофондық ғылыми тұрғыдан дұрыс ажырата білуге көмектеседі.
Қазақ халқының сан ғасырдан бері тәрбие жөніндегі өнегелі істері мен сөздері, тұрмысы,мәдениеті, өнері,өмір тәжірибесі халық педагогикасының асыл қазынасы болып келді. Қай заманда болмасын ұрпақ тәрбиесі азаматтың парызы болды. Әрбір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық,адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қабілеттерді олардың бойына екті. Осылардың бәрі адамзат тәрбиесінде халық педагогикасының қандай роль атқаратындығын көрсетеді.
Әрине, жастарға тәлім-тәрбие беруде тек ұлттық дәстүрлермен шектелуге болмайды. Сондықтан тәрбие ісі тиімді және нәтижелі болу үшін халық педагогикасына кешенді қараған жоқ.
Халықтың даналық ойлары халық педагогикасының шамшырағы болған. Халық  даналығы мақал-мәтел, ертегі, өлең-жыр түрінде, ақын-жыраулардың шешендердің сөздері толғау, өсиет өлеңдері арқылы баяндалып отырған.
Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық,жеткіншектік, жасөспірімдік шақтағы балалар тәрбиесінде пайдаланылды. Ал қазіргі кезде ұлттық ойындардың көпшілігі тәлім-тәрбие саласында зор педагогикалық құралға айналды. Бүкіл халқымыздың ұзақ өмірінде өздері қызықтаған алуан ойын өнері болды. Ойын тек қана көңілд көтеру, көңілін шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халқының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамып жетілуіне, қалыпсатуына әсер етуші факторлардың бірі болған.
Қазір қайта өркендеу ұлттық мәдениет пен салт-сананың жаңғыру кезеңінде баспа беттерінде ұлттық ойындар туралы жазылған бірсыпыра мақалалар, құнды еңбектер пайда бола бастады. Солардың ішінде Е.Сағындықовтың «Қазақтың ұлттық ойындары» деген кітабын атауға болады. Кітапта ұлт ойындарының шығу жолдары мазмұны баяндалған. Олардың оқу тәрбие саласында үлгі түрінде шебер пайдаланып, бүгінгі және болашақ ұрпақтың игілігіне айналдыру қажет.
Ұлттық қадір-қасиет дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, біздің заманымызға жетіп отыр.тәртіп пен мінез ерекшеліктері өзгеріп отырады.
Олар халқымыздың өмір сүру жағдайында, әлеуметтік-эканомикалық  және гографиялық ортасының шарттарына байланысты қалыптасалы.
Халқымыздың рухани бейнесін бір жағынан әдебиет,өнер,ғылым, екінші жағынан мінез-құлық,ұлттық сезім, әдет-ғұрыптар т.б. бейнелейді. Ұлттық мінез-құлық ерекшеліктері адамдардың біріккен өмірі мен күресінде, әлеуметтік, табиғи-географиялық, материалдық мәдени жағдайының шарттарына  лайықты қалыптасады. Соның әсерінен әрбір адамға ұлттық мінез-құлық, саналы тәртіп,болымды қылықтар сезім көріністері, дәстүрлері, мен әдет-ғұрыптары пайда болады.
Ұлттық мінез-құлықты халықтың бай тәжрибесі арқылы тарихи тұрғыда қалыптасқан әдетінің, жалпы және ерекше қасиеттерінің бірлігі деп ұғамыз.
Біздің елімізге тәуелсіздік таңы атқалы бері оқушы бойынан жат әдеттерді аластап,өз дінімізді, рухымызды, салт-сана дәстүрімізді оқушы бойына қалыптастыру мақсатында әрбір сабақта өз қазақ халқымыздың мәдениетімен байланыстыра өтуды қолға алған жөн. Қазақтың өз заманына сай үрдісі, тәрбиесі бөлек болған. Баланы жастайынан еңбекқорлыққа, ақылдылыққа, шешендікке, әншілікке, спортқа баулып өсірген.
Халқымыз ұлттық  тәлім-тәрбиеге сүйене отырып, жас жеткіншектің нағыз азамат болып өсіп жетілуіне қамқорлық жасаған. Өйткені жас ұрпақ халықтың ең қымбатты, ел қадірі мен келешегі.
Бүгінгі таңда өздеріміз тәлім-трбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденгени азамат болып өсіп жетілуі қажет.
Бүгінгі мақсатымыз – әрбір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. Адам бойындағы игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беруіміз қажет. Қазіргі қоғамға сай білікті де білімді, адамгершілік құндылығымен рухтанған, ұлттық сезімі жоғары адам тәрбиелеу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше