20 мыңға жуық оқушы әскери институт жүргізген үгіт-насихат жұмыстарына қатысты
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының жұмыс тобы еліміздің түкпір-түкпіріндегі мектеп оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Басты мақсат – жастарды әскери білім алу, жоғары әскери оқу орнында оқу және Қарулы Күштер қатарында қызмет өткеру ерекшеліктерімен таныстыру.
