Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі
Ж.Жабаев атындағы №234 орта мектептің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Есет Манат Мақсатқызы
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Райымбек!, Райымбек!» поэмасы
Сабақтың презентациясы: М. Мақатаев «Райымбек!, Райымбек!» поэмасы (PDF)
Сабақтың мақсаты: А) Білімділігі: Поэмадағы қазақ халқының бастан кешкен қиын кезеңдерінде азаттық үшін арпалысқан алып тұлға-Райымбек баба өмірі, жасаған ерліктері, жорықтары жайлы мағлұмат беру.
ә) Дамытушылығы: Оқушының сөйлеу тілін дамыту, ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге үйрету.
Б) Тәрбиелігі: Елін, жерін қорғауға даяр болуға шақыру, батыр бабаларды қадірлеуге, құрметтеуге баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың типі: Білім дағдылары мен іскерлікті, шығармашылықты қалыптастыру.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кітап, буклет
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Оқушыларды түгелдеу
3) Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақ:
Поэзия, Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан,бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан,жалаулардан
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені іздедім досымнан,қасымнан да,
Ақша бұлттан іздедім,жасыннан да,
Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,
Қызыл-жасыл шұғыла шашылғанда,
Көкжиек пен көкжиек қосылғанда.
М.Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Райымбек ауданындағы Қарасаз деген жерде дүниеге келген. Әкесінің аты-Сүлеймен,шешесі-Нағиман.Атасының аты-Мақатай,әжесі-Тиын,әйелі-Лашын.
Алты баласы бар.Біреуі кішкентай кезінде шетінеген,ал қызы Майгүл жол апатынан қаза тапқан. Екі ұл, екі қызы қазір түрлі салаларда қызмет етуде.
Мұқағали әндері туралы не білесің?
«Сарыжайлау», «Фариза», «Дариға домбырамды берші маған», «Сәби болғым келеді», «Есіңе мені алғайсың».Жалпы Мұқағалидің отыз шақты өлеңдеріне ән жазылған.
Қандай өлеңін жатқа айта аласың?
(оқушылар өздері жаттаған өлеңдерін айтады)
Жаңа сабақ:
Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
… Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын,-деп
ақынның өзі айтқандай, өзін өзгелерден ерекше көрмесе де, келешек ұрпақ Мұқағалидың нағыз арқалы ақын екендігін танытып отыр.
М.Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Райымбек ауданындағы Қарасаз деген жерде дүниеге келген. Шын аты Мұқамедқали, Әкесінің аты-Сүлеймен,шешесі-Нағиман.Атасының аты-Мақатай,әжесі-Тиын,әйелі-Лашын,шын аты-Ләсима. Ақынның қазір көзі тірі төрт баласы бар. Жұлдыз-заң кызметкері , Айбар-құрылысшы, Шолпан-шет тілі мұғалімі,Алмагүл-кітапханашы.
Ақында екі түрлі мінез бар. Бірі аққөңіл, жайдарлы,кешірімшіл Мұқағали. Екіншісі-айбарлы арыстандай,қайсар, өр мінезді Мұқағали.Осыған дәлел ретінде естелігінен үзінді айта кетейін.
Әбдіқайым Исабаев ақынмен 35 жылдай араласып, бір рет те ренжіспегенін айтады. Мұқағалидың кішіпейілдігін,өзін сыйлаған адамды құдайдай сыйлайтын еді дейді. Алматыға келгеннен кейін ақынның отбасы ауыр қайғаға ұшырайды. Қызы Майгүл жол апатына ұшырайды.Жедел жәрдем ауруханаға апарғанымен ешқандай көмек болмайды. Біз артынша барғанымызда Майгүлдің өмірден өткенін көрдік. Майгүлді Мұқағали өте жақсы көруші еді. Солай болса да мотоциклмен қағып өлтірген орыс жігіті: «Менің төрт балам бар. Оларды жетім еткізбе,мен өлтірейін дегенім жоқ,жағдай солай болды,аяушылықпен қарап,абақтыдан арашалап қал,» деп жылағанда Мұқағали:
«Жарайды, сен жауызсың, бірақ балаларың кінәлі емес, солар үшін кештім» деп кешірген. Мұнан ақынның кешірімшіл,ақниет,адал екенін көреміз.
Енді Мұқағалидың әжесі туралы бір естелігін айтайын.
Ақынның атасы көкпар шауып жүріп, аттан құлап,
аяғын сындырып алады. Ел-жұрт оны атқа өңгеріп үйіне алып кетеді. Туысқандары сынықшы іздеп кеткенде әжесі атасынан: «мына аяқ түбінде аяқ болмайды, шауып тастау керек» дейді. Атасы келіседі. Балтаны өткірлеп, ақынның батыл әжесі аяқты шауып тастап, жуып таза шүберекпен орап қояды. Үш күннен кейін сынықшы келіп, бәрін дұрыс істегендігін айтып, батасын береді. Әжесіне арнап ақын «Сөнбейді әже шырағың» деген өлеңін шығарады.
Әні: Нұрғиса Тілендиевтікі.
2. Мұқағали бағы мен соры бірге жүрген ақын.
Өлсе, өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай өлмес жыр жазғандығы.
Бүгін менің туған күнім.
Ой, бәле-ай:
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай –ақ қойғаны-ай.
Ақынның соры өз ортасына сыймай,қасірет шеккені,тапқаны отбасын асырауға жетпей, өмірінің қиыншылықты өткені.
Қазақтың қас батыры Райымбек Түкеұлының 300 мерейтойы Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында атап өтілді.Дүбірлі тойға еліміздің түкпір-түкпірінен 50 мыңнан аса халық жиналып, үш жүзге тарта үй тігілді. Аты аңызға айналған Райымбек батыр ұлы жүздің Албан тайпасы Алжан руынан шыққан.Кей деректерде «Хангелді Райымбек» деп аталғанмен,Хангелді Райымбектің әкесі емес,атасы.Әкесі Хангелдінің кенже ұлы-Түке.Қазақ – жоңғар соғысында ерекше ерлігімен танылған Райымбек Түкеұлы 1705 жылы дүниеге келген. Аумалы төкпелі жаугершілік заманда елін, жерін жоңғарлардан қызғыштай қорғаған қолбасшы,шайқасқа жастайынан қатысқан. Тасып жатқан Іледен әскерін аман өткізу, сусыз жерден су шығарып,болашақты болжаған көріпкелдік қасиеті ел жадында шежіре-дастан болып сақталады.
«Ойрантөбеде» Райымбек батыр үлкен бір ерлік көрсеткен.17 баһадүрмен соғысып,бәрінің басып алып тастаған.Осыдан кейін жоңғарлардың беті қайтқан. Бұдан кейін жоңғарлар бізге шабуыл жасамаған.
Алматы облысында жұмыс сапарымен жүрген Елбасы Баба тойы ұйымдастырылған Шалкөде жайлауына ат басын бұрды.Елбасының әкесінің өзі Әбіш перзентке зар боп жүргенде Райымбек батырдың басына келіп, жаратканға мінәжат етіп,ұлды болған. Сондықтан, Елбасының бұл құрметі ата мен баба әруағы алдында ұлы парыз деп есептесе де болады. Бұқара алдында сөз алған Елбасы Елордада үлкен көшенің біріне және Алматыда әскери полкке баба есімін берілгенін жеткізді.
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР президенті:
«Жерді бізге алып беру үшін қан төккен бабаларымыздың әруағы қолдасын деп өткізіп жатырмыз. Болашақ жастар осыдан тағылым алып, тәуелсіз елін қорғап, патриот болсын деп жатыр.Бабаларымыз сияқты керек болса елі үшін, жер үшін жанын да, қанын да аямай күрессе екен дейміз.»
Оқушылар өз шығармашылығын оқиды.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма
- «Хал сұрама, жыр сұра» атты ойтолғау жазу.
- «Поэзия менімен егіз бе едің?» атты өлеңін жаттау.
- «Райымбек!,Райымбек!» поэмасынан үзінді жаттау.