«Педагог мәртебесі туралы»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке «Педагог мәртебесі туралы» Заң нормаларын іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмысты жалғастыруды тапсырды. Аталған құжаттың маңызды ережелерінің бірі – педагогті міндетіне жатпайтын функцияларға тартудан қорғау, орынсыз есептіліктен босату.
