Жаңа сабақтар

Ә. Дүйсенбиевтің «Қыс» өлеңін жаттау

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Байқоңыр қаласы 24 балабақшасы

Тәрбиешінің аты жөні: Абишева Жанат Сапарбековна

Бала жасы: 5-6

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу қызметі : Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Ә. Дүйсенбиевтің «Қыс» өлеңін жаттау.

Мақсаты:Тақпақты жаттау. Өлеңнің мазмұнының мағынасына байланысты интонациямен мазмұндауға үйрету. Суреттер бойынша әңгімелер құрастыра білуге үйрету, өз ойын айта білу дағдыларын қалыптастыру Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Қыс суреттері,слайд,қыс мезгілі туралы көрме,бейне таспа

Сөздік қор: қыс, қар,мұз, боран, үскірік,жапалақтап, маужырайды.

Үштілдік компонент:Қыс – Зима – winter (уйнте ), қар – снег – snow (сноу),мұз – лед – ісе( айс).

Шаттық шеңбері: Балалар шеңберге тұрып :

Алақанды ашайық,

Күннің көзін жасайық,

Таза ауаға қол сермеп,

Жүрек жылуын жасайық,

Мейірімділік шоғын біз,

Қонақтарға шашайық! (күлімдеп, шуақ шашу)

Сәлеметсіздер ме!Здравствуйте!Good morning!

Ал енді,балалар орнымызға жайғасайық.

«Қыс мезгілі»сөз тіркесін естігенде ойларыңа не түседі? (Балалар жауабы)

-Енді балалар, осы қыс көрінісін тамашалауға көрмеге барайық.

(Көрмеге бару) (Балалармен қыс суреттерін тамашалау)

-Балалар, қараңдаршы не көріп тұрсыңдар? (Балалар жауабы).

  • Енді балалар, орнымызға барып отырайық.

-Қыстың сәні қар екенін білеміз.Енді осы қар жайында не білесіңдер?

(Қардың қандай болатындығы туралы балалар жауабы)

-Балалар, қыс түсті деп неге айтады, білеміз бе? Қар негізінен жоғарыдан төмен құлап жауады, яғни, жоғарыдан төмен түседі. Соған қарап, қыс түсті деген сөз тіркесі бар.

  • Міне, балалар, осындай керемет қыс көрінісіне қарап, табиғат тамашасына тамсанып, Әнуарбек Дүйсенбиев ағамыз «Қыс» өлеңін шығарған екен. (Ә.Дүйсенбиев туралы мағлұмат беру)

«Қыс» өлеңін мәнерлеп оқып беру.

Аппақ, аппақ жапалақтап,

Қар жауады тынбастан.

Қалың орман, қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан.

Кең пейілді, мол мейірлі,

Сағынышпен табысқан.

О,алақай, Аяз ата,

Келе жатыр алыстан

Музыкамен сүйемелдей отырып, мәнерлеп оқу.

  • Өлеңнен не түсіндік? (Балалар жауабы).

(Өлеңнің әр жолына тоқтап түсінік беру)

«Аппақ,аппақ жапалақтап» — Балалар,«жапалақтап» сөзін қалай түсінесіңдер?

Ғажайып сәт:Ғажайып сәтке Аққаланың кіруі. Күн жылып кетіп, шаршап келе жатсам, сендердердің қыс туралы айтып жатқандарыңды естіп келдім.Қандай тамаша! Мен қайда тап болдым.

  • Ой, бізде ашық оқу қызметі боп жатыр еді, қыс туралы өлеңімен танысып жатқанбыз.

-ал,қазір,Ахмедияр қардың қалай жапалақтап жауатынын көрсетеді.

-Қане Ахмедияр , қарды үрлеп көрші.Жел соққандай болды ия?Енді топ боп үрлейікші.Міне қарлы боран соғып кетті ғой.

Аққала: Балалар, қардың жапалақтап жауғанын, қарлы боран соққанын көрдім,енді сендермен өлең айтқым келіп тұр.

Сергіту сәті.«Қыс келді» әні.

Аққала: — менің біраз көңілім көтеріліп қалды сендерге рахмет мен енді қайтайын.Сау болыңдар.

(Өлеңнің әр жолына тоқтап түсінік беру)

Қазіргі таңда біз үш тілді меңгеріп жатырмыз. Айта қойыңдаршы, балалар? Қыс – Зима – winter (уйнте), қар – снег – snow (сноу), мұз – лед – ісе(айс).

Екі топқа топастырып, әр топқа жұмыс тапсыру.

І топ — Мнемокесте арқылы өлең жолдарын балалармен бірге орындау. .

ІІ топ —«Жалғасын тап» ойынын ойнайды. Өлеңнің басқы жолын мен айтамын, ал сендер, жалғастырып әкетесіңдер.

Балалар ойын ұнады ма? Смайлик

Көңіл – күйіміз қандай?Тамаша!

Қыс мезгілі қандай?Тамаша!

Ауа райы қандай?Тамаша!

Қысқы ойындар қандай? Тамаша!

Балаларды мадақтау. Қортындылау. Музыкамен «Қыс»әнін айту

0

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.