Жаңа сабақтар

«Біз тұратын қала»

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Байқоңыр қаласы 24 балабақшасы

Тәрбиешінің аты — жөні: Нуртуганова Айнур Нуртугановна

Балалардың жасы: 4-5

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Біз тұратын қала»

Мақсаты:

Тәрбиелік:көпшілік орындардарда өздерін ұстай білу мәдениетін қалыптастыру

Білімділік: сөз және сөз ұйқастарынан құрылған ойындарға қызығушылығын арттырып, сөйлеу мәнерін үйрету.

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже: өз мекен-жайы мен тұрғылықты қаласының атын, ондағы мәдени орындары туралы біледі.

Көрнекіліктер: үлгі суреттер, бейнетаспа, таратпа құралдар.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын, ғажайып сәт.

-Балалар,бүгін бізге қонақтар келіп отыр екен, қане қонақтармен үш тілде амандасайық.

Шаттық шеңбері

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Таза ауаны жұтайық,

Жүрекке жылу сыйлайық.

Жиналған жылы шуақты,

Қонақтарға сыйлайық.

Тәрбиеші: -Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар жауаптары.

-Қазір жылдың қыс мезгілі.

Тәрбиеші:

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

Балалар жауаптары.

-Қыс мезгілінде үш ай бар.Олар: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Тәрбиеші:

-Қыс мезгілінде ауа-райында қандай өзгерістер болады?

Балалар жауаптары.

Қар жауады, күн суық.

Ғажайып сәт:

Топқа Америкадан турист келеді.

Турист:- hello, my name is Cristi.

I came from Аmerica .Оh you speak Kazakh.

Мен казакша сойлеймин, адейі уйрендим сиздин елге келетин болгасын.

Саламатсыздар ма? Менин атим Кристи, мен туристпин.

Тәрбиеші: -Қош келдіңіз Кристи.

Турист: Америкадан келип тұрмын, жана ушактан тустим. Сиздин калаларыныз алемдеги ен улкен гарыш айлағы екенин интернеттен корип арнайы келип турмын. Байкамай адеми гимаратка кирип кетсем балабакша екен. Сурайын деп едим сиздердин калаларынызда кандай жерлерге кидируга болады?

Тәрбиеші:

-Қош келдіңіз Кристи. Сіз уақытында келдіңіз бүгін біз балалармен бірге қатынас білім беру саласы бойынша сөйлеуді дамыту оқу қызметінен «Біз тұратын қала» тақырында оқу қызметін өтіп жатырмыз, бізге қонақ болыңыз.

Балалар, сендербілесіңдерме, Қазақстан Республикасының көптеген қалалары мен ауылдары бар. Сол қалада сендер сияқты бақытты балалар тұрады. Әр адам өзінің туып өскен жерін мақтан етеді . Мен де өзім туып өскен жерімді мақтан етемін. Сол себептен біз тұратын қала жайлы әңгіме қозғайтын боламыз.

-Біз тұратын қала қалай аталады?

Балалар: -Байқоңыр қаласы

-Балабақшамыз толық мекен-жайы қандай?

Балалар :-6 «А» мөлтек ауданы үй 19 а

-Біз қаланың қай жеріне саяхатқа бардық?

Балалар:

-мұражайға

-орталық алаңға

-Абай Құнанбаевтың, зымыранның ескерткіштеріне бардық.

Жарайсыңдар, ендеше Кристимен қонақтарға біз саяхатқа барған жерлеріміздің бейнеролигін көрсетейік.

Бұл жерде не көріп едік есімізге түсірейікші,бұл жерде не бар екен. Біздің Байқоңыр қаласы ғарыш айлағы екені белгілі,сол мезеттегі адемі, керемет жерлерді әңгімелейік.

Бейнетаспа көрсету,әңгіме құрату.

Тәрбиеші: — Ал балалар экран алдында отырып шаршаған боларсыңдар, Кристи сізде бізбен бірге бойымызды сергітіп алыңыз.

-Өлең жолдарын бірге айтып, мазмұнға сай қимылдап,сергіту сәтін жасайды.

Сергіту сәті:

Көше бойы келеміз,

Онда не бар көреміз.

Автобекет, дүкендер,

Мұражай мен әуежай,

Барлық үйлер сәулетті,

Байқоңырым әдемі.

Турист: -Ой, ракмет. Мен коп маглумат алдим , енди сол жерлерге барайын.Сау болиниздар!

Кристи менде,менің балаларымда сізді көріп танысып,қуанып қалдық. Келгеніңізге рахмет, енді қазақта «қуыс үйден құр шықпа» деген сөз бар.Елімізге келіп оның ішінде Байқоңыр қаласына келгеніңізге біз ризамыз.Осы қаламыздан естелік болсын деп кішкене сыйлығымызды ала кетіңіз. Ал енді сау болыңыз!

Ал енді балалар біз оқу қызметімізді ары қарай жалғастырайық. Кристимен танысып жатырмыз,барған жерімізді көрсетіп жатырмыз, ал енді балалар топқа бөлінейік .

Топқа бөліну үшін, Бәйтерек пен Зымыраннын суреттері арқылы бөлінуі.

Ойын: «Менің қалам» мен «Болашақ Байқоңыр қаласына»

Екі топқа Бәйтерек тобы мен Зымыран тобы болып ,сурет арқылы бөліну.

Ал балалар себеттен өздеріңе ұнаған суреттеріңді ала қойыңдар. Ал енді қолдарыңдағы суретке назар аударыңдар,енді көріп тұрсыңдар ортадағы парталарда Байтерек бейнесі мен Зымыран бейнесі тұрғанын көріп тұрсыңдар.Соған байланысты аркім өзінің тобына барып отырсын.

Байтерек тобының балалары, осы жерде біздің қаламыздың адемі көрікті жерлерін білесіздер,соған байланысты мына пазылдарды Дымбілмес қиып тастапты,қалай құрастыратынымды білмей отырмын,ал сендер қаланы білесіңдер, кеше сендер қаланы араладыңдар, соған байланысты мынаны құрастырып бересіңдер ме?

Балалар: Иә

Тақтамен жұмыс.

Енді Зымыран тобының балалары, сендер үлкен азамат болып өскен кездеріңде біздің қаламызға қандай көмектеріңді тигізетін едіңдер?

Мына жерде әртүрлі суреттер бар оның ішінде Мега ойын сауық кешені, автобекеттер, ғимараттар, дүкендер, мектеп, зообақ, мамандық иелерінің суреттері, гүлдер, ағаштар және т.б суреттер бар. Осы суреттерді алып тақтадағы «Болашақ Байқоңыр қаласы» жапсыру , және өз ойларын әңгімелеп жеткізу.

«Сұрақтар аялдамасы»

Сұрақтар қойып, оқу қызметін талдап қорытындылау.

-Бүгінгі оқу қызметінде не жайлы әңгімелесті?

Біздің туған өлкеміз туралы болды.

Бізге қонаққа кім келді?

Америкадан Кристи келді.

Кристиге не көрсеттік?

Саяхатқа барған жерлерімізді.

-Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?

Иә.

Бүгінгі оқу қызметке белсенділіктеріңе мен риза болып отырмын,Сол үшін сендерді мадақтағым келіп отыр.Мінекей Бәйтерек тобы керемет жұмыстар жасады, қаламызды тез тез құрастырып берді және Зымыран тобының кереметтей Болашақ Байқоңыр қаласына деген өз үлестерін қалай қосатындарын көріп отырсыздар,осы балаларға дегендеріңе жетіңдер дегім келіп отыр балалар сендерге . Олай болса бүгінгі оқу қызметімізді қортындылап аяқтайық.

Қонақтармен қоштасайық , келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.