Жаңа сабақтар

«Мысық, Әтеш және Түлкі» (ертегісі)

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Байқоңыр қаласы 24 балабақшасы
Тәрбиешінің аты — жөні: Мняжева Айгуль Сайлаубаевна

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Мысық, Әтеш және Түлкі» (ертегісі)

Мақсаты:

Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу. Ертегінің мазмұнымен таныстыра отырып, жағымды-жағымсыз кейіпкерлерді өздігінен ажырата білуге үйрету. Мазмұнның жүйесін сақтай отырып,шағын ертегілерді айтып беруге баулу. Әңгіменің соңын ойдан шығаруды дағдыландыру.Ертегі арқылы ойын, қиялын дамыту

Алдын ала жұмыс: «Мысық, Әтеш жəне Түлкі» ертегісін кейіпкерлерімен таныстыру. Қолданылатын көрнекіліктер,қажетті құрал-жабдықтар: сиқырлы сандық , ертегі желісі бойынша бейнетаспа .
Сөздік жұмыс: шап беріп,түлкішек, марғау
Билингвальді компонент: тауық-курица ,түлкі – лиса ,мысық — кошка. Балаларды шаттық шеңберіне шақыру.
Балалар бүгін бізде басқа күндерге қарағанда ерекше күн.

Қонақтармен жақсылап амандасып алайық.

1. Қайырлы таң ұстазым,

Қайырлы таң достарым.

Шеңберге тұрайық,

Жылулық сыйлайық.

2.Добрый утро учитель,

Добрый утро друзья.

Посмотрите друг на друга,

Пожелайте добра.

3.Гуд монинг, гуд монинг,

Гуд монинг ту ю.

Гуд монинг, гуд монинг,

Уй глайту си ю.

-Балалар бір жылда неше мезгіл бар?Кәне айтайық. (Балалар жауабы)

-Қазір жылдың қай мезгілі? (Балалар жауабы)

-Қыста неше ай бар? Кәне айтайық.? (Балалар жауабы)

-Өте жақсы балалар!

Есік қағылады,(есік алдына сандық тұр).

Балалар,сиқырлы сандықша тастап кетіпті ,бұнда не бар екен. Балалар , мына сандықты мен ашып қарайын десем ,аузында кілттер бар екен. Мына кілттерден бір емес бірнеше кілт бар екен. Балалар егерде осы кілттермен сәйкесін тауып ашу үшін әр қайсысында бір ойын бар екен. Балалар ойындарды орындасақ сиқырлы сандықша ашылады.

Егер біз сол ойындарды дұрыс орындасақ, ертегіні барлығымыз бірге тыңдаймыз.

1-ойын:«Қайсысы немен» ойыны.
Мына жануарлардың немен көректенетінін және оларды өз балаларына сызба арқылы қос.

«Қайсысы немен»

2 -ойын:

Мысық, Әтеш жəне Түлкі суреттерін сандар арқылы құрастыру .

3ойын

Балалар қандай ертегі білесіңдер?Осы жануарлар туралы қандай ертегі білесіңдер? Балалар үш ойынды дұрыс орындағасын сиқырлы сандықша ашылды.
«Мысық, əтеш жəне түлкі» ертегісін естеріне түсіреді.

Ертегіні тыңдау.
— Ертегіде не туралы айтылған?
— Қай кейіпкер саған ұнады?
— Түлкінің жасаған қылығы дұрыс па? (Әрекетті өз бойыннан іздеу)

Сергіту сәті: «Үйшік»

Билингвальді компонент:
тауық-курица- chiceu
түлкі – лиса — фокс
мысық – кошка — кәт

Жаңа сөздермен жұмыс:Шап беріп немесе (Ұстап алды ).Түлкішек ,Марғау
Кәне балалар жаңа сөздердерге сөйлем құрайық.

Балаларды топтастырып, әр топқа ойындар бөліп беру.

1.Түлкі тобындағы балалар: ертегіні Мнемокесте арқылы реттілігімен қойып шығу.

2. Мысық тобындағы балалар: ертегіні «Менің ертегім» тақырыбында өз ойымен жалғастырады.

3. Тауық тобындағы балалар: ертегіні «Жалғасын айт» ойынын суретке қарап құрастырады.

Топтар бірін бірі мадақтайды.

Қорытындылау

Балаларды марапаттайды.
Педагог балаларға өздерінің оқу қызметіндегі жұмысын бағалауын ұсынады.
1. Әтеш – ұнады смайлик таңдайды.
2. Түлкі — ұнамады смайлик таңдайды.

Күтілетін нəтиже:
жаңғыртады: ертегіде кездескен кейіпкерлердің қимылдарын жасайды;
түсінеді: ертегі желісі бойынша əтештің еңбекқор, мысықтың қамқор,
мейірімді екенін, түлкінің қу екендігін біледі;
қолданады: Ертегіні әңгімелеген уақытта өз ойын толық
жеткізіп,толық ертегі желісін түрлі әдіспен айтады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.