NIS Тәуелсіздік сабағын Британ мектебіне арнап өткізді
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің “Жасампаздық уақыты” Тәуелсіздік сабақтары алыс және жақын шет елдердегі серіктес мектептер үшін өтті. Алматы қаласының физика-математика бағытындағы НЗМ Ұлыбританияның Британ мектебімен, National college of Maths and Science виртуалды телекөпір форматында ашық сабақ өткізді.

