Талап Сұлтанбеков. «Көшпелі алтын» ғылыми-фантас тикалық әңгімесі.
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Парасат пайымы |
Орал политехникалық колледжі | |||
| Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Н.К.Гильманова | |||
| Топ: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||
| Сабақ тақырыбы | Талап Сұлтанбеков. «Көшпелі алтын» ғылыми-фантастикалық әңгімесі. | |||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Анализ және интерпретация
Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; Әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау. |
|||
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушы орындай алады: шығарманың мазмұнын түсінеді.
Оқушылардың көбі орындай алады: көркем шығармадан алынған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады; Шығарманың құрылымына талдау жасайды; Өз көзқарастарын білдіреді |
|||
| Бағалау критерийлері | Әңгімеден алынған үзіндіні шығармашылық жұмыстарда қолданады;
Шығарманы құрылымдық-сюжеттік тұрғыда талдайды; |
|||
| Құндылықтарды дарыту | – Қазақстандық патриотизм және әлемдік азаматтық;
– жаңашылдық; – ғылыми ілгерілеушілікке қызығу; – ұлттық рухани жаңғыру |
|||
| Пәнаралық байланыстар | физика | |||
| АКТ қолдану дағдылары | Слайд, бейне фильм | |||
| Бастапқы білім | Талапбек Сұлтанбеков өмірі мен шығармашылығы | |||
| Сабақ барысы | ||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
| Сабақтың басы
минут |
Ұйымдастыру кезеңі:
Ширату. «Суреттер сөйлейді» әдісі. Қораптан сурет алып, сурет артындағы сұрақтарды оқып, жауап беріп, 3 топқа бөлінеді. Оқу мақсаты және бағалау критерийлері хабарланады. ҚБ өзін өзі бағалау «Жұдырық-алақан» әдісі Алақан – мақсатыма жеттім Үш саусақ – әлі оқуым керек Жұдырық – мақсатыма жете алмадым |
|
||
| Сабақтың ортасы
минут минут минут |
1-тапсырма. Графикалық органайзерлер
Әр топ өздеріне берілген сызбаға шығарманың берілген бөлімінің сюжеттік құрылымымен таныстырады 1 топ «Таудағы от» «Эмоция кестесі» арқылы аталған бөлім бойынша алған әсерлерін кестеге түсіреді. ІІ топ «Шайтантауға сапар» «Хикая картасы» шығарма мазмұнын оқиға желісін сақтай отырып, картаға түсіреді. ІІІ топ «Үңгірдегі сыр» «Оқиға тауы» стратегиясының көмегімен шығарманың композициялық құрылысына талдау жасайды. Дескрипторлар
ҚБ «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі 2-тапсырма. Төрт сөйлем әдісі арқылы «Пікірлер сызығы» стратегиясының көмегімен «Көшпелі алтынның табиғатта кезесетініне сенемін және сенбеймін» деген пікірді екі топ талқылайды. ІІІ топ қайсы топтың пікірі дәлелді шыққанына талдау жасайды.
Дескрипторлар
ҚБ «Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы оқушылар бір-бірін ауызша бағалайды.
3-тапсырма. І топ «Шайтантауға сапар» Әңгіме бөлімдері бойынша LearningApps.org арқылы «Миллион кімге бұйырады ойыны» ІІ топ «Үңгірдегі сыр» Google forms арқылы тест тапсырмасын орындау. ІІІ топ «Таудағы от» LearningApps.org арқылы сөзжұмбақ шешу. ҚБ мұғалімнің бағалауы: Мұғалім оқушыларды дескрипторлар бойынша бағалайды, сәтті шыққан тұстары және дамытатын тұстары бойынша кері байланыс береді. 4-тапсырма. Саралау бойынша «Тапсырма» әдісін қолдану арқылы оқушылар өзінің қабілетіне қарай «Төрт сөйлем», «Өрмекші», «Бес жолды өлең» тапсырманы таңдайды. Оқушылардың қабілетіне қарай тапсырмаларды таңдауға мүмкіндіктер беріледі. Осы тапсырмаларды орындауда «Диалог және қолдау көрсету» тәсілін қолданамын. Жеке жұмыс Тақырыбы: «Көшпелі алтын» тақырыбы арқылы көтерген мәселе бойынша өз ойын білдіреді. * «Өрмекші» әдісі арқылы оқушылар тақырып туралы өз ойын, пікірлерін білдіреді. Оқушылар постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, ал аяғына түйінді ой жазылады. * «Төрт сөйлем» арқылы оқушылар тақырып туралы өз ойын, пікірлерін білдіреді. Пікір. Мәтін бойынша бір сөйлеммен пікір білдір. Дәлел.Пікірді бір сөйлеммен дәлелде. Мысал.Өмірмен байланыстырып, бір мысал келтір. Қорытынды.Бір сөйлеммен қорытынды жаса. * «Бес жолды өлең» құру арқылы оқушылар тақырып туралы өз ойын, пікірлерін білдіреді. 1. Зат есім -1 2. Сын есім-2 3. Етістік-3 4. Сөйлем – 4 5.Синоним-1 Дескрипторлар:
ҚБ: «Комментарий» әдісі. |
Т.Сұлтанбеков «Көшпелі алтын»
«Жарайсың!», «Керемет!», «Бәрекелді», «Тамаша», «Әлі де талпынуға болады», «Алдағы уақытта түзеуге болады», «Жақсартуға болады» |
||
| Сабақтың соңы
5 минут |
Рефлексия
«Мен түйген ой» |
Слайд | ||
1.Талапбек Сұлтанбеков кім?
2.Талапбек Сұлтанбеков қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
3.Талапбек Сұлтанбеков қай жерде білім алған?
4.Талапбек Сұлтанбековтың қандай белгілі адаммен жақындығы бар?
5.Талапбек Сұлтанбеков қандай қызмет атқарды?
1.Талапбек Сұлтанбековтың қандай шығармалары бар?
2.Фантастикалық жанр деген не?
3.Ғылыми фантастикалық жанр деген не?
4.Талапбек Сұлтанбеков жайлы қандай кітап жарық көрді?
5.Талапбек Сұлатнбеков жайлы кітап жазған кім?
1.Талапбек Сұлтанбековтың қай салаға қатысты оқу құралдары бар?
2.Талапбек Сұлтанбековтың спорт саласына қатысты қандай оқу құралдары бар?
3.Талапбек Сұлтанбеков қай жылы қайтыс болды?
4.Талапбек Сұлтанбеков «Қазақфильм» киностудиясында қай жылдары қызмет атқарды?
5.Талапбек Сұлтанбековтың «Көшпелі алтын» әңгімесі қандай жанрға жатады?


