Өзен мен арықтарды тазартудың жаңа тәсілі
Дәстүрлі Х Наурыз кездесулері аясында Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Ибрахим Әмзебек «Көпіршікті суды тазарту жүйесі» атты жаңа жобасын таныстырды. Онлайн режимде өткен биылғы мерейтойлық кездесулер «Планета және пластик: адамзат экомәдениеті» тақырыбына арналады.
