Асан Омаров: Табиғи қалпымызды табуымыз қажет

Бүгін Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғ. Бейсембаев белгілі абайтанушы Асан Омаровты қабылдады.
Академияның ғалым-профессорлар, ұстаз-педагогтермен кездескен абайтанушы Асан Омаров адам капиталын Абай әлемімен сабақтастыра дамыту турасында пікірін білдірді.
Ұрпақ тәрбиесінде Абай айтқан бес нәрсеге асығу, қашық бол деген бес нәрседен алшақ болу ─ ұлттық педагогикамен сабақтасуы қажет екенін және имандылық – әлеуметтік саясат пен мемлекет өмірінде маңызды рөл атқаратынын білдірді. Батыстық даму моделіне қатысты көзқарасын білдіре келе, ол табиғи қалпымызды табуымыз қажет деп ойын түйіндеп өтті.
Кездесу абайтанушы Асан Омаровтың академия қызметкерлерінің сауалдарына жауап беруімен қорытындыланды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше