Жаңа сабақтар

Есимбекова Шолпан Насипбековна

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «Дулат Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Есимбекова Шолпан Насипбековна

«Ойнай отырып, ойлайық!»

(ойын, тренинг)

Қатысушылар: Мектепалды даярлық топ балалары.

Мақсаты: Балаларға сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру, экология негіздері, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, көркем әдебиет, сауат ашу сабақтарында өткен тақырыптардан сұрақтар беру арқылы білімдерін тиянақтау. Көптеген әртүрлі ойындар арқылы логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Геометриялық пішіндерді табуға үлкен, кішіні салыстыруға бейімдеу. Білімділікке бейімдеу бағытында сандардың қатарын ауызша санауға, сандарды ажыратуға, көршілес сандарды табуға жаттықтыру, жыл мезгілдерін ретімен атауға, тақпақтар айтуға, т.б. үйрету. Оларды жеке талдап, жұмыспен дәлелдеп көрсету. Топпен жұмыс істеуге, ұғымталдыққа, әдептілікке, достыққа, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Геометриялық пішіндер, сан тізбектері, ертегі кейіпкерлері бейнеленген суреттер, үлестірме материалдар, шарлар, өткен дыбыстарға байланысты суреттер, қоржын, асықтар, т.б.

Барысы:

Шаттық шеңбері:

Балаларға өлең жолдарын айтқызу.

«Ғажайып қоржын» ойыны. Шарты: Қоржыннан асықтар алу арқылы балаларды төрт топқа бөлу.

«Ертегілер еліне саяхат»

Балалар, қазір біз «Ертегілер еліне» қонаққа барамыз.

Тәрбиеші:

Жұмбақ жасыру:

Тегіс домалақ,

Сырты қызарыңқырап әдемі болып піскен.

Терезе алдына суытып қойған.

Бұл қай ертегі кейіпкері? (Бауырсақ)

-Жарайсыңдар,балалар. Бауырсақ әжеден,атадан қашып,саяхатқа шығады? (суретті көрсету, ертегіні оқу)

-Бауырсақ домалап көк майсалы жерлерден, кең далалы егістіктерден өтеді. Осылай домалаған күйі қалың орманға келеді. Бауырсақ ойланып атасы мен әжесіне баруды ойланды. (Сахнаға бауырсақ шығады.)

Топқа бауырсақ келеді:

Бауырсақ:

Мен бауырсақ, бауырсақ,
Қаптың түбін қағып ап,
Апам екі уыс ұн жинап,
Қаймақ қосып шылап,
Ыстық майға қуырып,
Терезеге қойып суытқан.

Мен атамнан қаштым,

Апамнан да қаштым. Лә-лә-лә.

Тәрбиеші: Осы уақытта бауырсаққа қоян кездеседі.

Қоян : — Бауырсақ,бауырсақ, мен сені жеймін!

Бауырсақ: -Қоян мені жемеші.

Қоян : — Менің бір тапсырмам бар,соны орындасаң жіберемін.

Бауырсақ : -Жарайды, орындаймын.

  1. Тапсырма: «Жыл мезгілдері» дид. ойыны. Шарты: Сурет бойынша жыл мезгілдеріне сипаттама беру керек.

Қоян: -Жарайсың бауырсақ, тапсырманы өте жақсы орындадың, мен жемеймін, сені жіберемін.

Қоян: -Рақмет,бауырсақ.

Тәрбиеші: -Бауырсақ орманда келе жатса алдынан қасқыр шығады.

Қасқыр: — Бауырсақ,бауырсақ, мен сені жеймін!

Бауырсақ: -Мені жемеші, қасеке.

Қасқыр : — Менің бір тапсырмаларым бар, соны орындасаң сені жіберемін.

1-тапсырма: «Көршісін тап» дид. ойын. Шарты: Берілген сандардың алдыңғы және берілген саннан кейінгі көрші сандарын табу керек.

Тәрбиеші: —Балалар кәне, бауырсаққа қасқырдың тапсырмаларын орындауға көмектесейік. Ал, қасеке, сен дем алып балалармен бірге көрші сандарды тауып, тексеріп отыр.

2-тапсырма: «Кел, санайық!» Ойын шарты:1-ден 10-ға дейін тура және кері санау, үш тілде санау, санамақтар айту.

3-тапсырма: «Кім тапқыр?» дид. ойыны. Шарты: Геометриялық пішіндерді табу керек. Ол үшін сұрақтарға жауаптар айтады.

Геометриялық пішіндерге байланысты сұрақтар қою:

-Төрт бұрышы, төрт қабырғасы бар . Ол қандай пішін?

-Ешқандай бұрышы жоқ, өзі дөңгелек. Ол қандай пішін?

-Үш бұрышы, үш қабырғасы бар. Ол қандай пішін?

Тәрбиеші: -Қане, балалр, бауырсақ пен қасқырдың көңілін көтеріп, бір сергіту жаттығуын орындайық.

Сергіту сәті: (Музыкамен орындау)

Қасқыр: -Жарайсың бауырсақ мен саған ризамын, рақмет саған.

Тәрбиеші: Бауырсақ орманда келе жатса, алдынан аюға кездеседі.

Аю кіреді. — Бауырсақ,бауырсақ, мен сені жеймін!

Бауырсақ: -Аю, мені жемеші.

Аю: -Менің әкелген тапсырмаларым бар соны орындасаң мен сені жіберемін.

Ойын: «Сиқырлы әріптер» Шарты: Берілген суреттердің қандай дыбыстан басталатынын табу және сол дыбысты шартты белгілермен көрсету керек.

Аю: Менің көңіл- күйім болмай тұр, маған дос табуға көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: Балалар аюдың көңіл –күйі болмай тұр, көңілін көтеріп, дос табуға көмектесейік. Алдымызда тұрған аюдың тапсырмаларын тезірек орындап берейік.

Аю:-Жарайсыңдар балалар, сендерге рақмет мен жалғыз жүр едім маған көп дос табуға көмектестіңдер.

Аю: -Бауырсақ, сендер менің көңілімді көтердіңдер, рақмет. Бауырсақ мен сені жемеймін. Көңілімді көтеріп, тапсырманы орындап, көп дос табуға көмектестіңдер.

Тәрбиеші: Бауырсақ орманда келе жатса, алдынан түлкі кездеседі.

Түлкі: Әй ,бауысақ неге әндетіп кеттің? Дауысын қатты шығып кетті ғой.

Түлкі: — Бауырсақ,бауырсақ, мен сені жеймін!

Бауырсақ қорыққанынан аузын жаба қалады.

Бауырсақ: -Түлкіжан мен жей көрмеші, не тапсырмаң болса да соны орындауға дайынмын, маған достарым көмектеседі.

Түлкі : — Менің қолымдағы тапсырмаларымды орындауға көмектессең, мен сені жіберемін.

Бауырсақ: — Балалар, маған тағы да көмектесіңдерші.

Тәрбиеші: —Балалар бауырсаққа түлкінің де тапсырмаларын бірге орындауға көмектесейік.

1-тапсырма: «Ойнайық та, ойлайық, шешпей оны қоймайық!»

Жұмбақтар жасыру:

  1. Орманда тұрады, өзі бір қу,

Жүрген жері айғай да-шу.

(Түлкі)

2.Ағайынды бәрі,

Шықса-жасыл,

Түссе сары.

(Жапырақ)

3.Сол аяқ пен оң аяқ,

Кезек оны тебеді.

Олтынымсыз домалап,

Зыр жүгіре береді.

Ол не?

(Доп)

Түлкі: -Жарайсың бауырсақ, бір амалын тауып, менің тапсырмаларымды жақсы орыңдадыңдар.

Түлкі: -Бауырсақ мен саған ризамын. Жарайды, келе жатқан жолыңмен бара ғой.

Тәрбиеші: -Бауырсақ жолдағы аңдардың тапсырмаларын орындап, аман-есен атасы мен әжесіне келіп жетті.

Бауырсақ: -Балалар сендерге көп-көп рақмет, ормандағы аңдардың тапсырмаларын орындауға көмектестіңдер. Сендер өте ақылды, тапқыр, бәрін көп біледі екенсіңдер. Жарайсыңдар,балалар!

Қорытынды: «Достық шеңбері» хормен айту.

Біздің топта балалар,

Тату тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқашан,

Тек жақсылық, ойлайды.

Тәрбиеші:

Балалар, бүгінгі ойынға барлықтарың да жақсы қатыстыңдар. Бүгінгі ойындарымыз сендерге ұнады ма? Егер ұнаса қолымызды жоғары көтеріп шапалақтайық.

Балаларға «Ғажайып қоржыннан» шарлар таратып беру, асықтарды қоржынға салдыру, тілек айту.


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.