NIS оқушысы шахматтан ҚР Чемпионаты ЖЕҢІМПАЗЫ
Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Бексұлтан Молдағали Шымкент қаласында өткен шахматтан ҚР Чемпионатында классикалық бөлімі бойынша қатысып, жеңімпаз атанды. Бексұлтан 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында бақ сынаған болатын.
