NIS

Халықаралық Бакалавриаттың Дипломдық Бағдарлам а (DP) емтихан нәтижеcі

2021 жылдың 6 шілде күні бүкіл әлем бойынша 170 000-нан аса оқушы асыға күткен Халықаралық Бакалавриаттың Дипломдық Бағдарлама (DP) емтихандарының нәтижелері жарияланды. Түлектердің жоғары оқу орындарына түсуі ағымдағы жылдың мамыр айында өткен DP емтихан нәтижелерімен тығыз байланысты.

2020-2021 жылғы NIS IB түлектері соңғы 3 жыл ішіндегі ең жоғарғы көрсеткішті көрсетіп отыр. Зияткерлік мектеп оқушыларының биылғы орташа баллы – 34 баллды құрайды.

Біздің түлектердің нәтижелеріне қараңызшы — бұл үлкен еңбекқорлықтың, оқу қабілеттілігінің, балалардың табандылығы мен мұғалімдерінің шеберлігінің үлгісі болып табылады.

Мектебіміздің 20 түлегі 40-тан жоғары балл жинады (Халықаралық Бакалавриат емтиханындағы максималды балл – 45):

44 балл – 1

43 балл – 1

42 балл – 2

41 балл – 7

40 балл — 9

Барлығы 152 NIS IB түлегі білімнің, ұйымшылдықтың, топта жұмыс істей білудің және табысқа деген ұмтылыстың ең жоғары деңгейін растады!

Ағымдағы жылдың көктемінен бері Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларына әлемнің ең үздік, алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарынан шақырту мен грант ұтып алғаны туралы хаттар келуде. Халықаралық Бакалавриат дипломын алған түлектерді, атап айтқанда барлық түлектің 92,12%-ы, енді қалаған университеттеріне толықтай қабылданды деп нақ айта аламыз.

Нұр-Сұлтан қаласындағы NIS IB мектебі — дарынды оқушыларға білім беру мүмкіндіктерін ұсынатын және зияткерлік қоғамдастықты, мәдениетаралық түсіністік пен оқуды өмір бойы бағалай білуді дамыту миссиясы cаналатын халықаралық мектеп болып табылады.

NIS IB — Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінің IB бағдарламасы бойынша білім беретін жалғыз мектебі. Сондай-ақ, ол өңірдегі жоғары көрсеткішке ие ең көп түлек ұшырған білім ұясы болып табылады.

Мектебімізді аталмыш жетістігімен құттықтаймыз! Ақ жол саған, жас түлек!

6 июля 2021 года были объявлены результаты экзаменов Дипломной Программы (DP) Международного Бакалавриата, которые с нетерпением ждали более 170 000 учащихся по всему миру. Поступление выпускников в высшие учебные заведения тесно связано с результатами экзаменов DP, который прошел в мае текущего года.

Выпускники NIS IB 2020-2021 года показывают самый высокий показатель за последние 3 года. Средний балл учащихся интеллектуальной школы в этом году — 34 балла.

Посмотрите на результаты наших выпускников — это пример огромного трудолюбия, умения учиться, настойчивости ребят и мастерства их педагогов.

20 выпускников нашей школы набрали более 40 баллов (максимальный балл на экзамене Международного Бакалавриата – 45):

44 балла — 1

43 балла — 1

42 балла — 2

41 балл — 7

40 баллов — 9

Всего 152 выпускника NIS IB подтвердили высочайший уровень знаний, организованности, умения работать в команде и стремления к успеху!

С весны текущего года к учащимся Назарбаев Интеллектуальной школы города Нур-Султан приходят письма о том, что они выиграли грант и приглашение от лучших, ведущих вузов мира. Можно сказать, что выпускники, получившие дипломы Международного Бакалавриата, а именно 92,12% всех выпускников, теперь полностью зачислены в желаемые университеты.

Школа NIS IB города Нур-Султан — это международная школа, которая предоставляет образовательные возможности для одаренных учеников и миссией которой является развитие интеллектуального сообщества, межкультурного понимания и умения ценить обучение на протяжении всей жизни.

NIS IB — единственная школа сети Назарбаев Интеллектуальных школ, обучающаяся по программе IB. Она также является учебным заведением, в котором задействовано наибольшее количество выпускников, имеющих высокие показатели в регионе.

Поздравляем нашу школу с этим достижением! Доброго пути тебе, юный выпускник!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.