Жаңа сабақтар

ҰРПАҒЫМ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРМАСЫН ДЕСЕҢІЗ …

Әлем бойынша өлімге себеп болатын аурулар ішінде туберкулез дерті алғашқы ондық тізімінде. 2019 жылы туберкулез дертінен жалпы алғанда 1,4 млн адам қайтыс болды.
Қазіргі кезде дәрігерлер мен ғалымдар: «Коронавирус пандемиясынан кейін 2021 жылы әлемге туберкулез эпидемиясының қатері бар» деп дабыл қағуда.
Әлемдік медицина COVID-19 вирусымен күресіп жатқан аласапыраң кезеңде туберкулез дертінің эпидемиологиялық жағдайы әлсіреп, қауіптің өршу мүмкіндігі бар.
Еліміздегі туберкулез дертімен күрес жағдайы ҚР ДСМ ҰҒФО басшысы Доктор Аденов Малик Молдабековичтің USAID — АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің ресми басылымында жарияланған «ҚР-да туберкулезбен күрестің табысты он жылдығы» мақаласында (Сілтеме: https://www.usaid.gov/ru/kazakhstan/success-stories/mar-2021-decades-partnership-makes-progress-fight-against-tb) кеңінен баяндалады.
Атап айтқанда: «Болашақта елімізде туберкулез дерті толықтай жойылады деп үміттенеміз. Бұл өте күрделі және жауапты жұмыс. COVID-19 пандемиясымен күресті бәсеңдетпестен туберкулездің барлық түрімен күресті кеңейту және күшейту қажет. Қазақстан туберкулезді жеңу жолында маңызды қадамдар жасады, бірақ әлі де атқарылатын жұмыстар көп. Елімнің болашағы мен балаларымның болашағы үшін жауапкершілікті сезінемін. Дәрігерлік қызметімде туберкулезді бақылауға және емдеуге болатындығына куә болдым. Бір күні біз бұл ауруды ақыры жеңеміз деп сенемін» — дейді доктор Аденов.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.