Екі елдің мәдениетіне арналған кітап көрмесі
Қазақстандағы Қырғыз Республикасы күндері аясында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара институттың жеке құрамын қырғыз халқының әдебиеті, мәдениеті және салт-дәстүрімен таныстыруға бағытталған. Көрмеге екі ел арасындағы тарихи қарым-қатынастар туралы деректер мен қырғыз жазушыларының шығармалары қойылды. Қырғызстандық…

