Семейлік әскерилер қазақ күресінен жеңімпаз атанды
Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты жеті әскери бөлім қазақша күрестен кім мықтыны анықтады. Семей қаласында өткен сайыста алты салмақ дәрежесінде бақ сынаған балуандар Павлодар, Өскемен, Курчатов және Семей қаласындағы әскери бөлімдердің намысын қорғап, боз кілемде аянып қалмады.
