Семейлік әскерилер қазақ күресінен жеңімпаз атанды

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты жеті әскери бөлім қазақша күрестен кім мықтыны анықтады. Семей қаласында өткен сайыста алты салмақ дәрежесінде бақ сынаған балуандар Павлодар, Өскемен, Курчатов және Семей қаласындағы әскери бөлімдердің намысын қорғап, боз кілемде аянып қалмады.
- Ұлттық спорт түрлерін насихаттау шараның басты мақсаты. Қазақша күрес жауынгерлердің төзімділігін арттырып, шапшаңдығы мен ептілігін үдете түседі. Сондай-ақ тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандыратын спортың ұландықтар үшін маңызы зор. Сондықтан сайысқа әрбір әскери бөлімнің қатысушысы қызу дайындықпен келген, – дейді, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы майор Нұрсұлтан Мырзабеков.
Жарыстың құрметті қонақтары ретінде «Қазақстан барысы – 2024» турнирінің жеңімпазы, балуан Ерасыл Қажыбаев қатысты. Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте 5511 әскери бөлімі жеңіске жетті. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубок, дипломдар, медальмен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Марапаттау рәсіміне қатысқае «Шығыс» өңірлік қолбасшылық қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Атабек Салықбаев әскери спортшыларға жылы лебізін жолдап, ұлттық спортқа бет бұрғандарға қошемет танытты. Сайыста үздік өнер көрсеткен ойыншылар өзара іріктеліп сәуір айында Семей қаласында өтетін Ұлттық ұлан жауынгерлері арасындағы чемпионатта бақ сынайды. Олар дүбірлі додада «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының намысын қорғамақ.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Гвардейцы из Семея стали чемпионами по қазақша күрес
Соревнование по қазақша күрес прошло среди военнослужащих семи воинских частей регионального командования «Шығыс» Национальной гвардии, которые прибыли в Семей из ВКО, области Абай и Павлодарской области. Борцы, участвовавшие в шести весовых категориях, приложили все усилия для победы. Почетным гостем соревнований стал победитель турнира «Қазақстан барысы – 2024» борец Ерасыл Кажыбаев, который показал гвардейцам свои «коронные» приемы.
Главная цель мероприятия – пропаганда здорового образа жизни в национальных видах спорта. Қазақша күрес повышает выносливость бойцов, развивает их быстроту и ловкость. Также для гвардейцев важен спорт, который позволяет быстро принимать важные решения в короткое время. Поэтому к соревнованиям каждый участник от воинской части пришел с большой подготовкой, – говорит начальник физической подготовки и спорта регионального командования «Шығыс» майор Нурсултан Мырзабеков.
По итогам трехдневных соревнований в общекомандном зачете победу одержали спортсмены воинской части 5511 города Семей. Победители и призеры соревнований были награждены кубками, дипломами, медалями и памятными подарками. Награждение произвел полковник Атабек Салихбаев – заместитель командующего регионального командования «Шығыс» по ВиСПР. Борцы, показавшие лучшие результаты и победившие в борьбе примут участие в республиканских соревнованиях среди военнослужащих Национальной гвардии, которые пройдут в апреля текущего года в г. Семей.
Пресс-служба регионального командования “Шығыс”
