Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы №266 мектеп-лицейдің
химия пәнінің мұғалімі Демеубаева Әсем Көбейсінқызы
Сабақтың тақырыбы: Синтетикалық каучук
Сыныбы: 11 «б» .
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік мақсаты: Оқушыларға бутадиенді каучукпен стереотұрақты каучуктың құрылысын, қасиетін табиғи каучукпен салыстыра отырып түсіндіру.
- Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға жан-жақты мәлімет бере отыра, синтетикалық каучуктың күнделікті тұрмыстағы маңызынан мысалдар айту арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
- Дамытушылық мақсаты: Басқа ғылым негіздерімен ұштастыра отырып алған білімдерін дамыта түсу.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген мультемедиялы сабақ.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі:
- Каучуктен алынатын өнімдер, синтетикалық талшықтың лабараториялық үлгісі, қажетті лабараториялық реактивтер.
- Ақпараттық технология (Слайдтар, интернет материалдары).
Пәнаралық байланыс: Тарих, Электротехника, Биология.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын сұрау: «Қызығушылықты ояту»
- Оқушылардың тақырыпқа танымдық қызығушылығын ояту. «Химиялық шытырман» ойыны. Кесте құрастыру.
- Тәжірибе (табиғи және химимялық талшықтарды салыстыру).
Сабақтың өткізілу технологиясы: Жаңа сабақты түсіндіру: «Мағнаны ашу»
- Табиғи каучуктың таралу тарихы.
- Синтетикалық каучуктың пайда болуы.
- Каучуктық қасиеттері (тәжірибе)
- Қолданылуы.
Сабақты бекіту және қортындылау «Ой толғау».
- Химиялық диктант.
- Есептер шығару.
Үй тапсырмасынсұрау: Өтілген «Синтетикалық талшықтар» тақырыбы бойынша интерактивті тақтадан бірнеше сөздер шығады. Сол сөздерді ретімен орналасырылуы қажет.
Талшықтар
Жасанды Химиялық
Өсімдіктекті Жануартекті Жасанды Синтетикалық
Мақта, зығыр. Жүн,жібек Вискоза Нитрон, лавсан,капрон
Тәжірибе: Табиғи талшық жүн мен синтетикалық талшық лавсанды жағу арқылы қасиеттеріндегі ерекшеліктерді түсіндіру.
Келесі үшінші оқушыменжұмыс яғни үйтапсырмасын сұрау арқылы бағалау.Сұрақтар:
- Капрон молекуласында 200 –ге тарта құрылым буындары болса, оның орташа молекулалық массасы қандай?
- Синтездік талшықтар неліктен полиэфирлі және полиамидті деп бөлінеді?
- Капрон талшығының қандай кемшілігін атап көрсетуге болар еді?
Жаңа сабақтытүсіндіру:
Табиғи каучукты кейбір өсімдіктердің, көбінесе Бразилияда өсетін Гевея ағашының шырынының құрамында 30% болады.Қазақстанда таусағыз,көксағыз деген өсімдіктердің құрамында кездеседі.
Гевея ағашының сүтті шырынынан алынады, ол үшін гевея ағашының қабығын тіледі және бөлінетін сүтті шырынды – каучуктың коллоидты ертіндісін жинап алады.Ертіндіні электролитпен (қышқыл ертіндісі) әсер етіп немесе қыздырып, коагуляцялағанда каучук (као чоу- ағаштың көз жасы)бөлініп шығады.
Каучук – майысқақ ,созылғыш, серпімді, тозуға төзімді эластикалық материал.Негізінен, резеңке алуға және резеңке бұйымдарын жасау үшін қолданылады.Каучук автомобиль,ұшақ, велосипед доңғалақтарын, резеңке аяқкиім, электр сымдарын оқшаулайтын материал алуға қолданылады.Осындай техникалық дамуға байланысты каучукқа деген сұраныс дүниежүзінде жылына шамамен 2500000 т-ға жетіп отыр.
Табиғи каучуктың қоры шектеулі болғандықтан, ғалымдар алдына аса майысқақ синтездік материалдар жасау қажеттілігі туындады. Көп жылғы қажырлы еңбектен кейін орыс химигі, акдемик С.В. Лебедев каучукты синтездік жолмен алу әдісін ойлап тапты. 1932 жылдан бастап синтездік жолмен каучук өндіріле бастады. Ол, ең алдымен бутадиенді пайдаланды.Бутадиен алу
үшін шикізат ретінде этил спирті жұмсалды. Ал этил спиртін астық пен картоптан алды.
Каучуктың жасалу технологиясынан бейне материалдар(интернет материалдары).
Температураның, еріткіштердің және әр түрлі химиялық реагенттердің әсеріне тұрақты болу үшін каучукты вулканизациялайды. Вулканизация дегеніміз- каучук пен күкіртті қосып қыздырған кезде жүретін, қос байланыстар түсынан каучук молекулаларының дисульфид S-S көпіршелері арқылы үш өлшемге келіп тігілуі. Вулканизациялауға тек күкіртті ғана емес күкірттің қосылыстарын, күйені, борды пайдалануға болады. Вулканизация процесін 1839 жылы Генкокок пен Гудьир ашты. Осы күрделі физикалық- химиялық процестің кезінде каучуктың физикалық- химиялық қасиеттері күрт өзгереді. Каучуктың серпімділігі, беріктілігі,
эластикалығы, температураға және еріткіштерге тұрақтылығы артады. Осылайша алынған өнім резеңке деп аталады. Ол өзінің бастапқы ұзындығынан екі есеге дейін ұзара алады және қайта қалпына келеді.
Егер күкірт мөлшері көп болса (бүкіл массаның 45%-ы), онда майыспайтын қатты эбонит деп аталатынзат түзіледі.Ол электр тоғын өткізбейтін зат.
Химиялық қасиеті
Майысқақ созылғыш су, газ өткізбейді суда ерімейді
Резеңке
Иілгіш созылғыш берік тем.төзімді бензинде ісінеді.
Резеңкенің бензинде ісінетінін тәжірибе арқылы көрсету.
Қолданылуы: Қолданылатын мақсатына қарай каучуктың әр түрін алу үшін әр түрлі мономерлер пайдаланылады. Мысалы,доңғалақ шиналарын жасауға жұмсалатын каучук алу үшін бутадиенді стиролмен бірлестіріп полимерлейді.Бензинмен майдың әсеріне төзімді каучук алу үшін изобутиленді бутадиенмен немесе изопренмен бірлестіріп полимерлейді.
Қазіргі кезде өнеркәсіп басқа да бірқатар синтездік каучук шығарады. Олардың бірі- механикалық тұрғыдан аса берік болса, екіншісі- еріткіштердің әсеріне ерекше төзімділігімен,
үшіншісі- химиялық өте тұрақтылығымен және тағыда басқа ерекше қасиеттерімен сипатталады.
Шиналар Аяқкиім, мата
Құрылыс материалдары
Электротехникада Таспалар түтіктер
Сонымен қатар каучукты тепловоз прокладкаларын, диафрагмаларын жасауға, вагон калодкаларын жасауға, тепловоз аккумуляторының сыртындағы резеңке жабынды жасуға кеңінен қолданылады.
Сабақты бекіту және қортындылау «Ой толғау».
- Химиялық диктант
- Табиғи каучук ,,,,,,,, өсетін ,,,,,,,,,, ағашының шырынынан алынады.
- Синтездік каучук алғаш рет ,,,,,,,, жылы академик ,,,,,,,,,,,,, әдісімен синтезделе бастады.
- Каучукке ,,,,,,,, қосып қыздыру арқылы,,,,,,,,,,, резеңке алады.
- Егер құрамында ,,,,,,,,,мөлшері көп болса, ,,,,,,,,, деп аталатын қатты ,,,,, өткізбейтін материал алынады.
Есеп:
Молекулалық массасы бір миллионға тең табиғи каучуктың макромолекуласында қанша изопренді буын бар?
Егер құрылымдық буын саны 700-ге тең болса .бутадиенді каучуктың бір молекуласын синтездеуге қанша этил спирті жұмсалады?
Үй тапсырмасы:
Қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы оқу класы болғандықтан «Синтетикалық каучуктың адам өміріндегі маңызы» атты эссе жазу.