Химия

Химиялық реакция типтері

Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы №266 мектеп-лицейдің
химия пәнінің мұғалімі Демеубаева Әсем Көбейсінқызы

 Сабақтың тақырыбы:  Химиялық реакция типтері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:   Оқушыларға химиялық реакция типтерін түсіндіре  отырып, бір –бірінен айырмашылығын ажырата білуін  қадағалау. Реакция теңдеулерін сауатты жаза білуге  үйрету.
Тәрбиелік:  Алған білімдерін өмірде қолдана білуге және өз білімдерін бағалай білуге  тәрбиелеу.
Дамытушылық:   Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ынта, қиял,  қабылдау сияқты танымдық қасиеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап, иллюстрация, іскерлік ойындар
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау, қажетті құрал жабдықтарды түгелдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

 

  1. Зат мөлщері дегеніміз не?
  2. Авагдро саны туралы неайта аласыз?
  3. Молярлық масса деген ұғым нені білдіреді?
  4. Атом-молекулалық ілім дегеніміз қандай ұғым?
  5. «Атом» мен «молекула» ұғымдарының бірдей мағынаға ие бола алатын кездері бола ма?

 

Химиялық диктант

 «атом» және «молекула» сөздерін пайдалану арқылы төмендегі тапсырманы орындаңыздар:

 

  1. Ауадағы газдардың құрамына азот және оттек ……….   бар.
  2. Су ………. құрамына сутек және оттек …….. кіреді.
  3. Адам мен жануарлар демалғанда оттек ……. сіңіріледі және көмірқышқыл газының ……….. бөлініп шығады.

 

 

ІІІ.Жаңа сабақты баяндау:

Химиялық реакция теңдеулерін жазып, үйрену кезінде реакцияға қатысатын реагенттер мен одан шығатын өнімдердің атом молекула түрінде жазуға дағдыландыңыздар. Сан алуан химиялық реакция теңдеулерін олардың құрамындағы өзгерістерге қарап төрт типке бөлеміз:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Енді осындай түсіндірмелерге іс жүзінде яғни тәжірибе жүзінде мысалдар келтіріп өтейік.

Қосылу реакциясының мысалына екі күрделі заттың бірігуінен оданда күрделірек заттың шығатынын жасап көрелік: Сөндірілмеген әкті  сумен қосып сөндіру реакциясы.

Айырылу реакциясының мысалына: Бір заттың бірнеше затқа ыдырауы

Орынбасу реакциясының мысалына; Екі күрделі заттың құрамындағы атомдардың орнының алмасуы.

Осы теңдеулерді  іс жүзінде істеп  яғни тәжірибе жүзінде көрсету.

IV. Жаңа сабақты бекіту:

 

Реакция типтері

Анықтамасы

Мысал

Өздеріне тін ерекшеліктер

Қосылу

Орынбасу

Айырылу

Алмасу

Бекіту бөлімінің тағы бір сұрағы «Бейнесұрақ». Экранда көрсетілген тәжірибенің қай реакция типіне жататынын анықтау керек.

Кластерлерді толықтыру төмендегі шашыранды кестемен жұмыс:

V. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: Реакция теңдеулерін құрастыру. 18 тақырып 8,9,10 тапсырмалар

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.